7


  • Учителю
  • Әліппе, саған мың алғыс! Тәрбие сағаты (1 сынып)

Әліппе, саған мың алғыс! Тәрбие сағаты (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Қ. Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі



















Тәрбие сағаты



«Әліппе, саған мың алғыс!»



















































2016 оқу жылы





1. Тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс!



II. Мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың білімділік белсенділігін, ұжымдылығын күшейту.

  2. Дамытушылық: сынып абыройы үшін жанын салып, еңбек ету, бір-біріне жолдастық, достық көмек көрсету сезімін дамыту.

  3. Тәрбиелік: алғаш рет мектеп табалдырығын аттау бірінші сынып оқушыларына қандай әсер қалдырса, «Әліппемен» қоштасу да сондай әсер қалдыруы мүмкін. Олар білімнің бірінші баспалдағына көтеріліп, Әліппенің сырына қанды. 42 әріпті таныды.



III. Көрнекіліктері: зал ішін безендіру «Әліппе, саған мың алғыс» сөзі

жазылған плакат, оқушылар салған суреттер, шарлар, мақал-мәтелдер.



1-жүргізуші: Даяна

Армысыздар аналар

Бармысыздар балалар

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз!



2-жүргізуші: Олжас

Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар! «Қош бол құтты әліппе»! атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.

Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассан

Әліппеміз қылтаспақ!

Ой білімі жаңғырып,

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған,

Өңкей білгіш, балдырған,

Құтты болсын, тойларың!



1-жүргізуші: Даяна

1 «Б» сыныбының слайдын тамашалаңыздар!



2-жүргізуші: Олжас

1 «Б» сыныбының оқушыларын ортаға шақырайық!



Мұғалім: - Құрметті жиналған қауым, ата-аналар, ұстаздар. Біз сүйікті әліппемен қоштаспақшымыз. Әліппені бітіру - алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол белестердің бірінен астық. Сондықтанда салтанатты мерекеге қош келдіңіздер!

Әліппені бітірді балаларым

Әліппеден нәр алған даналарым

Өзі оқып жазатын халге жетті

Құтты болсын білімі балалардың

Ата-ана қуанып шаттанады

Оқыды деп баласы мақтанады

Алдарына бұлардың кім шығыпты

Барлық маман мектептен атттанады!

Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

Хор «Бақытты балалық шақ»



Даяна: - Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет

сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік.





Ақбота: - Мен енді алыстағы туыстарыма өзім-ақ хат жазып,

қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламын, қуаныштымын.





Сабина: - Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік: сурет салуға,

ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге.



Мұғалім: - Ал, балалар, біз оқыған 4 ай ішінде қандай өзгерістеріміз бар?





Тамирлан: - Дүйсенбі күні Әнұран айтуға, күнде үйден келгенде жаттығу

жасауға үйрендік.

Амир: «Күзгі мереке», «Тілдер күні» тойларымыз өтті. Денсаулық күні спорттық мерекесіне қатыстық.



Мансұр: - Даяна сен де мектебетебіміздегі «Күз аруы» мерекесінде бірінші орынға ие болдың ғой.



Ақбота: Шашу,шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке,бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.



Ән: «Балбұлақ».





Амина:А-ны, айтқанда дауысымыз дірілдейді,

Ұстазым көз алдымда күлімдейді.

Күн сайын әріптердің атын біліп,

Сөз оқимын айырып буынды енді.



Асанали: Бар кітапқа бас болған

Әліппе- ғылым апасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.





Баян: Әсем ою-өрнекпен

Көмкерілген әліппем!

Сен болмасаң білімге

Бастайтын жолды біліп пе ем?







Аделя: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны әліппе.



Мұғалім: Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

-Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?



Хормен: Болашаққа жол ашар,

Ол - сүйікті Әліппе!



Аяжан: Ең алғаш қолға алғанда

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыр жұмбақ бұл кітаптардың,

Ұстазым маған кілтін алып берді.



Мұғалім: - Олай болса, ортаға «Әліппені» шақырайық.

Хормен: - Әліппе, Әліппе!













Ерасыл Әліппе: Армысыңдар, жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Мерекелерің құтты болсын!

Менің атым - әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ер жеткен

Ағаң менен әпкеңде.

Ерасыл Әліппе: - балалар сендер мені оқыдыңдар, менен не үйрендіңдер?



Аделя: жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ән үйрендік. Сонымен қатар жазуды оқуды да меңгердік.



Даяна: Әліпбидің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында

Байқадыңба «Б» тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші.

А деген ол - аналар ғой ардақты,

Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,

Б деген ол - балалар ғой әдемі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар әліппидің басында.



Әліппе: Қазақ тілінде қанша әріп бар?



Хормен: 42 әріп бар



Әліппе: Алғаш «Әліппені» кім жазды?



Ақбота: Ыбырай Алтынсарин жазды.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық!









Томирис: Ата, ана атын сен

Бізге үйреттің, Әліппе!

Бізге нағыз жақын, сен.

Сенен білдік әріпті!Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Әліппе: -Олай болса,біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

1-оқушы: Сабина

Менің үшін жақсы адам,

Артық көрем басқадан

Апа, ата сөздері

Қай әріптен басталған? (А)



2-оқушы: Темирлан М.

Бастайды ол таңды да

Бастайды ол талды да

Келіп тұрған қай әріп

Тай мен тастың алдын да ? (Т)



3-оқушы: Тамерлан

Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталған

Соңғы әрпіне де қарашы. (Н)

4-оқушы: Ақбота

Үйрек десе- бірінші

Бүйрек десе -екінші

Бұл қайсы әріп екенін

Біреу айтып берсінші? (Ү)



5-оқушы: Арайлым

Ата-анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атаулар, зер салшы

Басталған қай әріптен? (П)



6-оқушы: Арафат

Ұя десе, соңында,

Сия десе, соңында,

Тұратұғын қайқайып

Айтыңдаршы, қайсы әріп? (Я)





7-оқушы: Аделя

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын,

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын? (Г)



8-оқушы: Томирис

Түн шымылдық ашқаннан

Жымыңдайтын аспаннан.

Көп шырақтың аты не

Қайсы әріптен басталған? (Ж)



9-оқушы: Асанали

Қаздан көре аласың

Қағаздан да табасың

Байқамасаң анықтап

Үш екен деп қаласың. (З)





10-оқушы: Б.Томирис:

Ірімшікті жедін ғой

«Тәтті екен» - дедін ғой

Оның аты біз жазған

Қайсы әріптен басталғаг? (І)





11-оқушы: Айдай

«Ө» - дегенім:

Өрік.

Өрікті ал теріп!

Өзің ғана жемей,

Досыңа бер бөліп.



12-оқушы: Қуат

«О» - дегенім:

Отан.

Отан - жерім, Отан - суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.











13-оқушы: Баян

«Д» - дегенім:

Долана.

Долана өсер далада,

Дәні қатты жаңғақтай,

Дәмі қышқыл сәл ғана.



14-оқушы: Амина

«И» - дегенім:

Ине.

Ине керек жіпке,

Икем керек іске,

Иық керек жүкке.







15-оқушы: Әмір

Әмірді білесіз,

Көңілге мені түйесіз.

Ә әрпі де атымда

Оқып - біліп жүресіз.



16-оқушы: Жания



Ж дегенің Жания

Жания деген мен болам.

Жақсы оқысам сабақты

Одан артық жоқ шарам.





17-оқушы: Мансұр

Мансұр деген мен едім,

Алсам білім тереңін,

М әрпінен есімім,

Аламын оқу білімін.



Ерасыл Әліппе:

Балалар, рахмет сендерге.Сендер әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер мен сендерге ризамын. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар. Сендермен достасуға «Ана тілі» асығып келе жатыр.







Анатілі:

-Армысыздар, жас достар! Бүгінгі думанды кештерің құтты болсын! Осы қуанышты сәтті мен асыға күткен едім. Егер қатесіз, шапшаң оқи алатын болсаңдар, мені игеру аса қиын емес

Сөйлетер сөзді шеберлеп

Өзіңнің ана тіліңмін

Байыптап жақсы оқысаң

Негізі менде білімнің

Әліппе:

Ана тілі бауырым, мына балғындарды өзіңе аманат етемін. Бойымдағы 42 әріпті, буындар мен сөздерді, тіпті әңгіме, ертегілерді оқи алатын дәрежеге жеткіздім. Ендігі кезек сенікі. Балалардың сүйіп оқитын оқулығына айналатыныңа сенімдімін.

Данияр:

Әліппем менің әліппем!

Өмірді көрем танып мен.

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет.

Камила:

Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Хормен: «Қош бол Әліппе» әні

Жібек Ана тілі: Балалар төрт ай бойы төрімізде қонақ болған, көп білім үйреткен әліппені шығарып салайық!



Аяжан: Бәрімізіді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен!

Әліппе: - Сау болыңдар, жас достар!



Балалар хормен: - Қош бол, әйбат Әліппем!



Өлең хормен: «Мұғалім ол біздің!»



2 жүргізуші: Олжас

Жетекші болып жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңілің жүдеді де

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін

Сіздерге арнап айтар тілегінде



Құттықтау сөз және марапаттау мектеп директорына және оқу тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарына беріледі.



Би Каниева Даяна



1 жүргізуші Даяна

Арманмен алыстарға атттанарда

Жас оралар іркіліп жанарларға

Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар

Сөз берейік әкелер мен аналарға! (сөз кезегі ата-аналарға беріледі)

Би «Айгөлек»

Ән «Дастархан»

Би Каниева Даяна



Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар,

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен шашу шашпақ, аналар.

  • Уақыттарыңызды бөліп, қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рахмет!

  • Қош сау, болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал