7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Менің Отаным - Қазақстан'

Тәрбие сағаты 'Менің Отаным - Қазақстан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.

Мақсаты: Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту. Ел рәміздерін тарихын білу.

Көрнекілігі: қазақ елі рәміздерінің суреттері. Плакатқа жазылған нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының барысы:


Қанатты сөз:

  1. Туған жер - алтын бесік.

  2. Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.

М. Мақатаев

Гимн орындалады.


Мұғалім: Ал балалар сабағымызды бастамас бұрын Менің Отаным-Қазақстан деген сөзді қалай түсінеміз. «Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.

Менің туған өлкем - кең -байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы - менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны ардақтаймын. Шексіз сүйемін. Әрқашан аялап, қорғап жүремін.

Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.

Жүргізуші: Өмірімізді, өткенімізді көріп,

Әнімізді, жырымызды тыңдап,

Ерлігімізге, тірлігімізге қарап,

Тұқымымызды, ғұрпымызды көріп,

Өзімізді, сөзімізді тыңдап,

Оқушылар хормен: «Бұл - қазақ», - дейді.

Менің елім - Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!

Құс ұясыз,

Жыртқыш інсіз болмайды.

Отансыз жан өмірінде оңбайды,

Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.

Тірі адамға сол қайғы,

деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.

Оқушы: Қазақстан туған өлкем.

Жер көп пе сендей көркем?

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпем.

Қорытынды: «Ата - қоныс жер қымбат,

Туып - өскен ел қымбат», - демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.

Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан - жақты білімді болу - міндеттерің.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал