7


  • Учителю
  • Қазақ тілінен ашық сабақ: Сөз таптары 2-сынып

Қазақ тілінен ашық сабақ: Сөз таптары 2-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі 2 - класс

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары

Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

1) Әрбір сөздің белгілі бір ұғымды білдіретінін, сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланысы болатынын түсіндіру;

2) Өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, жазба тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3) Білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, өз бетімен жұмыс, СТО әдістері

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мазмұнды суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

1. Сабақтың мақсатын хабарлау

2. Психологиялық дайындық. Қыс туралы

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-«Ой қозғау» стратегиясы. Өткен материалды бекіту.

«Қар лақтыру» ойыны арқылы сұрақтар беру.

1. Сөз құрамы нешеге бөлінеді?

2. Түбір деген не?

3. Қосымша дегеніміз не? Ол нешеге бөлінеді?

4. Жұрнақ дегеніміз не?

5. Жалғау туралы кім айтады?

6. Жұрнақ пен жалғаудың бір - бірінен айырмашылығын дәлелде.

- «Қызығушылықты ояту» әдісі. Сурет арқылы әңгіме жүргізу.

1. Бүгінгі ауа - райы қандай? Аспанның күйі қандай боп тұр? (Бұлтты)

2. Жиі - жиі не жауады? (Қар)

- Бұлттан әріптер жауады дегенге сенесіңдер ме?

Ойын «Бұлттан әріптер жауғанда».

1. Дыбыстардан не құралады?

2. Сөз дегеніміз не?

---------- заттың

Сөз ----- қимылдың ------ атауы

---------- сапаның

---------- санның



ІІІ. Негізгі бөлім.

- Енді сөздер туралы ертегі тыңдайық.

Ерте, ерте ертеде, біз білмейтін бір елде сөздер өмір сүріпті. Ол ел «Морфология» деп аталыпты. Бір күні кең сарайда өмір сүріп жатқан сөздер бірнәрсеге келісе алмай, «сен ұзынсың, мен қысқамын, сен көпшілсің, көп мағына бересің, анаумен де мынаумен де тіркесесің, мен бір мағына беріп оқшау жүргенді ұнатамын» - деп, кең сарайға бастары симай, айтысып жатады. Мұны естіген хан оларды жинап алып: - Сендер, өз мағыналарыңа қарай, жауап беретін сұрақтарыңа, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер, сосын әрқайсысыңды жеке отау етіп, бөлек - бөлек үй қылып қоямын, - дейді. Сөйтіп, сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай тапқа бөлініп, оларға ат беріледі. Осылайша морфология елі - СӨЗ ТАПТАРЫ еліне айналады. Хан өз еліндегі сөз таптарын қалай атағанын мына тапсырмаларды орындай отырып табасыңдар.



1 - тапсырма: берілген суретке қатысты сөз таптарын тауып айту.

Мысалы: шаңғы суреті берілген.

Сұрақ:

1. Осы сөздердің мағыналары бар ма?

2. Сұрақ қоюға болады ма?

3. Осы сөздерден сөйлем құрайық. Сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланыс бар ма?



2 - тапсырма: берілген сөздерді кестеге жазу.

Барды, ауа, елуінші, қоңыр, таза, әнші, үрді, тоғыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал