7


Сауат ашу және жазу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сауат ашу және жазу.

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 оқушыларға ә дыбысы және әрпімен таныстыру.

Өтілген дыбыстарды қайталау.Дыбысты дауыссыз

дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру,текшемен

белгілеу әдістерін меңгерту.

Балалардың буын туралы түсінігін кеңейту,және

сөздерді оқуға, біртіндеп сөзді тұтас оқуға,

дұрыс әрі тез жазуға дағдыландыру.

Еңбекке, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап ойын ойнату, мадақтау. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тек шелер, әріптер, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру сәті, оқушыларды түгендеу. Балалар қазіргі сабағымыз сауат ашу және жазу.

Балалар олай болса сәлемдесу туралы мақал - мәтелдерді еске түсірейікші.

-Қане кім айтады?

-Сәлем сөздің анасы - Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені. - Балалар сәлем бергенде біз-бір-бірімізге қалай сәлем береміз. Жылы жүзбен ақ көңілмен хал - жағдайымызды сұрап жылы сезімімізді білдіреміз.

Ал ендеше жылы шыраймен сәлемдесіп, бір-бірімізге жылуымызды берейік. -Балалар бір-бірімен қол беріп амандасады. Қане қандай жылы тілектер айтасыңдар.

-Еліміз аман болсын: -Заманымыз тыныш болсын. -Күніміз жарқырап тұрсын. -Әке - шешеміз аман болсын. Ал балалар бүгін сендерді екі қатарға бөліп ат қойғым келді.

1 топ «Балапан». 2 топ «Ботақан». -Дыбыс пен әріптің айырмасы неде? -Дыбыстар нешеге бөлінеді ? -Дауысты дыбыстар қалай аталады? Дауыссыз дыбыстар ше?

-Балалар біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық. - І дыбысы мен әрпі -І дыбысы қандай дыбыс?1 - тапсырма. і дыбысы кездесетін сөздерді атаңдар. ? (ін, ірімшік, іс, тіс, ешкі, елік, ілгіш т.б) 2 - тапсырма. . Мына сөздерде і әрпі нешінші буында (кездеседі) естіледі желім, ешкі, етік, түлуі, үкі. 3 - тапсырма . Мына суреттерден і дыбысы кездесетін суреттерді атаңдар кітап, түлкі, ілгіш, есік, аю, қасқыр, үйрек, ағаш, ерін. 4-тапсырма Әріптерді атап мысал келтір. А - алма, н - пап, б - балық, с - сағат. Жаңа сабақ: Олай болса балалар мен сендерге жұмбақтар алып келдім. 1 Бұрап қойған сағаттай айқайлайды таң атпай (Әтеш) 2 Ең қасиетті жан, әкеміздің анасын кім дейміз. (Әже) 3 Ең алғаш хат тануға арналған кітап, тұңғыш оқулық қалай деп аталады? (Әліппе) -Жақсы балалар жұмбақтың шешулерін қайталайықшы әтеш, әже, әліппе. -Қандай дыбыстан басталып тұр? Ә дыбысымен таныстыру, ә жіңішке дауысты дыбыс аузы мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын дыбыстың таңбасы. Ә дыбысы сөздің басында, ортасында аяғында кездеседі. Көбіне сөздің басында кездеседі. Ә дыбысын жазып көрсету. Баспа , жазба түрлері. Ә дыбысына мысалдар келтіру, сурет бойынша. Әже, әліппе, әтеш, әйнек, әке, қыз, ер жігіт, әскери адам. Оқулықпен жұмыс. Ә ә . сурет бойынша ә дыбысымен таныстыру. Әке, Әтеш. Дәрі





2- тапсырма. Берілген сөздерді буындарды оқыту. Ә -же әже ә - же ә - жем, әп - ке. Ә - ке әке ә - ке ә - кем, әп - кем. Ш-ә шә шә шә шә -лі Шә -ріп . Д --ә дә дә дә дә-рі дә-ке. К - ә кә кә кә кә-рі кә-де.

3 - тапсырма. үлгі бойынша ә дыбысын жаздыру. Ауада жазу. Дәптерге жазу Сергіту сәті. Таң әлі атқан жоқ

Маңай әлі қараңғы,

Әтеш ерте оянып

Жан - жағына қарады,

Шынықтырып денені

Қанаттарын қағады,

Ку-ка-ре-ку тұр - тұрлап

Оятады баланы.Дамытуға арналған тапсырмалар математикадан санау білеміз бе? Мына сөзде неше әріп бар? Цифрмен көрсет. ән сән әке мәсі дәрі әріп әскер





«Кім жылдам?» «Жалғасын тап» әде... , ән... , дә... , шә... , әс... , әй... , әп... , бәй... , дәп... , тәр... , тәу... , жә... , Топтастыру.

1 Біз бүгін қандай әріппен таныстық?

2 Ә дыбысы қандай дыбыс?

3 Ә дыбысына мысалдар келтіріңдер?

Сауат ашу және жазуСауат ашу және жазу

Сауат ашу және жазуСауат ашу және жазу

Сауат ашу және жазуСауат ашу және жазу

Оқушы білімдерін мадақтап, бағалау.

Үйге тапсырма: Сөздерді буындап оқып келу. Қорытынды.





М Әуезов атындағы орта мектеп.





























Сауат ашу және жазу.





Тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі.

Мұғалімі: Ахтаева Н.









































Қаратау қаласы.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал