7


  • Учителю
  • 'Ұлт бірлігі – ұлы байлық. ' (3 класс)

'Ұлт бірлігі – ұлы байлық. ' (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты: 1. Оқушыларға еліміздің тұңғыш президентінің өмірі, еліміздің көркеюіне еңбегі жайлы әңгімелеу.                                                                                                                                                          
предварительный просмотр материала

Күні: 30.11.13ж

Тақырыбы: «Ұлт бірлігі - ұлы байлық.» Мақсаты: 1. Оқушыларға еліміздің тұңғыш президентінің өмірі, еліміздің көркеюіне еңбегі жайлы әңгімелеу. 2. Туған елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. 3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, достыққа, өз Отанын, елін, ұлтын, жерін сүюге тәрбиелеу. Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, баяндау. Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтің суреті, қазақ рәміздерінің ширмасы, т.б. Сабақтың барысы: І. Қазақстан Республикасының Гимні орындалады. ІІ. Кіріспе сөз. - Біздің Республикамыз қалай аталады? - Қазақстан Республикасы. - Астанасы қай қала? - Астана қаласы. - Біз қай ұлтпыз? - Ұлтымыз - қазақ. - Бізден біреу кімсің десе не деу керек? Хормен: «Мен қазақпын» деу керек. - Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады? -Елтаңба, туы, гимні. Түсініктеме беру: а) Жалаудың ортасындағы күн, қалықтар ұшқан қыран, тәуелсіздігін алып, қанатын кеңге жайған Қазақстан халқын көз алдымызға елестетеді. ә) Елтаңба - мемлекеттің тарихи дәстүрін көрсететін белгісі. б) Отан, туған жер, туған ел туралы мақал-мәтелдер айтқызу. в) Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Біздің бабаларымыз, әкелеріміз Қазақстанда туып, өмір сүрді, сондықтан оны біз Отанымыз дейміз. 1-оқушы: Отан - жерім, Отан - суым, Отан - қуат нәр береді. Отан - ана, Отан - туым, Отан мәңгі гүлденеді. 2-оқушы: Отан деген - атамекен, Отан деген - туған жер. Отан - ана, Отан - үлкен, Қазақстан туған ел. ІІІ. Негізгі бөлім. - Біздің еліміздің елбасшысы, тұңғыш президенті кім? - Н. Ә. Назарбаев. - Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін 1991 жылы 1 желтоқсанда сайлады. Мұғалімнің түсіндірмесі: Елбасы да өздерің сияқты бала болған. Көп нәрсені армандап, бала қиялын талай көкке ұшырған. Қаршадайынан еңбекке араласқан. Ата-анасына қолғабыс еткен. Шыңдалып өскен. Оқуға, білімге ынтызар болған. Міне, сол бала кезінен пайда болған қайсарлық, мақсат-мұратқа жету талабы, өзін-өзі қамшылап отыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік Нұрсұлтан аталарыңды талай асулардан асырып, Қазақстан деп аталатын алып елдің көшбасшысы болу дәрежесіне көтерді. Біз осындай елбасымызбен әрқашан мақтануымыз керек. Оның тағылымы мен тәлімі мол өмір жолын өзімізге үлгі етіп өсуіміз керек. Тәуелсіздіктің туы желбірегеніне де, міне 22 жыл толып отыр. Осынау уақыт ішінде елімізде қиыншалақтар аз болған жоқ. Бірақ соның бәрін жеңе отырып, талай-талай жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Экономикамыз дамыды. Ырысымыз артты. Ынтымағымыз нығая түсті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш. Бейбіт заман. Қандай рақат! Осының бәрі кімнің арқасы? Әрине, ел басқарған аға-апаларымыздың арқасы. Нұрсұлтан аталарыңның атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Ол кісі ел үшін ешқашан ерінбейді. Білімі де, білігі де, қажыр-қайраты да мол. Елбасымыз балалардың, жастардың да болашағын көп ойлайды. Ел ертеңі болатын сендердің білімді, отаншыл болып өсіп, ешкімнен кем болмауларың үшін көп жұмыс істелуде. Елбасының тапсырмасымен жаңадан салынып жатқан балабақшалар, мектептер қаншама?! Шетелде оқимын, білім аламын деген балалар мен жастарға жол ашық. Ал біз елбасымыздың осынау ерен еңбегін әрқашан жоғары бағалауымыз керек. Елдігімізді ардақ тұту, ел ертеңіне сенім арту - Елбасына құрмет көрсетуден басталады. IV. Қорытынды. 3-оқушы: Мәңгі жайнап тұрсын таң, Күн мезгілсіз қызбайды. Жақсы атамыз Нұрсұлтан Көп ойлайды біз жайлы. 4-оқушы: Өсіреміз орманын, Біз соңынан ереміз. Елбасының арманын Жерге гүл ғып егеміз.


«№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:


Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі

Мусаева. Б.А.

Сыныбы: 3 «Ғ»

2013-2014 оқу жылы







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал