7


  • Учителю
  • На тему 'Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары'

На тему 'Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Жамбыл облысы,

Ақбастау ауылы,№14 Бейімбет Майлин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Жарылкапова Гүлжамила Усеновна

Пәні: дүниетану

Күні: 03.12.14ж

Сыныбы: 4 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру

2. Өз ойларын еркін айта білу қабілетін, білімін, ой-өрісін дамыту.

3. Табиғатқа қызығушылықтарын арттыру, жануарларды,

қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарларын, олардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы мағлұматтар беру.


Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: интерактивті тақта, СКТ

Түрі: жаңа білімді меңгерту


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қоршаған орнта - табиғат

Жануар,өсімдік, адамзат

Сүю, қорғау - парасат

Білейік мұны жамағат!

І. Үй тапсырмасын тексеру

1. Ауа қабығы қайда орналасқан?

2. Жерді қорғауда ауа қандай рөлді атқарады?

3. Ауаны ластайтын не?

4. Ауаны тазарту және қорғау үшін

қандай шаралар қолданылады?

5.Ауа райы деген не?

Үй тапсырмасын қорыту.

Ауаны

қорғау

Ауаның

қасиеті

Ауаның

ластануы

Ой қозғау

Жазда барып өзеннің

Жағасына бөгелдім,

Кім айтады, кәнекей,

Ол жерден мен не көрдім?

Жазда тауға өрмелеп,

Шаршап талай бөгелдім.

Жан-жағыма мен кенет,

Қарап едім не көрдім?


ІІІ. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру:

  • Бүгінгі жаңа тарау - Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары. Соның ішінде «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары»

Шөптесін өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді, әдетте - көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін - шалғын дейді. Шалғындар, көбінесе, көктемде тасыған су жайылатын өзен аңғарларын, көл жағаларын, тау етектерін алып жатады. Сонымен, шалғынды жазықтан да, өзен аңғарынан да және таудан да кездестіруге болады.

Құлпырған көк шалғын ерекше көз тартады. Жаздың шайдай ашық, ыстық күнінде шөп арасынан гүлдер жайнап, таңғажайып әсем көрініс туғызады. Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот,тышқанбұршақ сияқты алуан, түрлі-түсті гүл күлтелері көздің жауын алады.

Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады.

Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді: Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланады.

Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларға уқорғасын, сарғалдақ сияқты өсімдіктер жатады.

Жаз ортасына қарай шалғынға бара қалсаң қайнаған тіршілікке кездесесің.Жылдың бұл мезгілінде шалғынды бунақденелілір өте көп болады. Гүлден гүлге қонып, тыным таппай шырын жинап жүрген бал арасын, өздері де гүлге ұқсас көбелектерді көруге болады. Алуан түрлі қоңыздар да көкшегірткелер, түкті аралар да қаптап жүреді.

Шалғында бөдене де көп кездеседі. Оның шөп арасында «бытпылықтаған» дыбысы естіледі. Олар жорғалап жүріп, көбінесе шөп дәнімен, оның жас сабағымен, бунақденелілермен қоректенеді. Бөдене ұйысқан қалың шөп арасына ұя жасап, оған 10-20 жұмыртқа салып басады.

Шалғында ірі аңдар болмайды. Мұнда олардың өз жауларынан жасырынуы қиын.

Ал,саршұнақ,көртышқан сияқтылар аз емес. Олар қалың шөптен бөктергінің көзіне онша түсе қоймайды және өз тіршілігіне қажетті басқа да жағдайлардың бәрін табады.


Оқулықпен жұмыс

Оқушылар тізбектей оқиды.

Сұрақтар мен тапсырмалар орындалады.

Дәптермен жұмыс.

Дөңгелектің ішіндегі шашылған әріптерді теріп алып, жүйелеп орналастырсаңдар өсімдіктің маңызы туралы сөйлем шығады.


С Д І К І Р І І -

МІЕ Ө РГМ

е - т і м і і р г

д і

м ө с і р к«Өсімдік - өмір тірегі»

Ө

«Не жаман? Не жақсы?» ойыны


1.Ағаш отырғызу------

2.Суды ластау----------

3.Құстарды өлтіру-----

4.Гүл егу-------

5.Суға түкіру-----

6.Ағаштарды күту-----

7.Табиғатты аялау------

Түйіндеме

Табиғат дегеніміз аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, ауа,жер т.т.Олар біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті. Бұл заңдылық деп білейік!

Шығармашылық тапсырма

1-топ. Тыйым сөздер.

2-топ. Мақал-мәтелдер

3-топ. Табиғат болжамдары

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары


Өсімдіктер

Жануарлар

Бунақденелілер

Құстар


БҮҮ стратегиясы
Рефлексия
Сендер бүгін сабақта қандай жаңа білім алдыңдар?
Қандай қызықты мағлұматтар алдыңдар?
Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдыңдар?
Қай тапсырма ұнады?
Х. Бағалау
Сабаққа қатысқандарды марапаттау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал