7


  • Учителю
  • «Балалардың бақыты.» Сырбай Мәуленов (2 сынып)

«Балалардың бақыты.» Сырбай Мәуленов (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





№46 жалпы орта білім беретін мектеп





















Тақырыбы:

</ «Балалардың бақыты.» Сырбай Мәуленов

(әдебиеттік оқу)





























Дайындаған: Ысқақова Ақзия

Нұрбергенқызы.



















Бекітемін:

Пәні:Әдебиеттік оқу 2сынын, 45 сабақ

Уақыты: 26.11.15ж

Cабақтың тақырыбы:Балалардың бақыты. Сырбай Мәуленов

Сабақтың мақсаты: өлең мазмұны мен идеясын ашуға мүмкіндік жасау.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже:өлең авторымен таныстыру.Өлеңді талдау арқылы өмірдегі құндылықтардың,қасиетті ұғымдардың парқын ажырата білуге мүмкіндік беру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: «Бақыт» сөзіне сөз тіркестері мен көркем сөздер тізбегін құру арқылы сөйлеу тілінің дамуына жағдай жасау.

Тұлғалық нәтиже өлең жолдарын талдау арқылы өзіне қымбат адамдарды бағалай білудің өзі нағыз бақыт екенін сезіндіру.Отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: С.Мәуленовтың өмірінен сыр шертетін фотосуреттер немесе кітаптар. «Бақытты балалық шақ» тақырыбындағы әртүрлі сюжеттік суреттер.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық тренинг.





II. Үй тапсырмасын қорытындылау. Сұрақ - жауап

1.Мұрат қандай бала, Мұратқа сипаттама беріңдер.

Ақылды, ержүрек, алған ісін аяғына дейін аяқтай, жеткізе білетін, шыдамды.

2.Кішкетай, бала Мұраттың арманы.

Теңізшілердің басынан өткен қилы - қилы оқиғаларын атасына оқып беру арқылы , сол теңізде жүзуді армандады.

3.Мұраттың арманының орындалуына не себеп болды?

Іле өзенін бөгеп, алып электр станциясы салынды.

4. Іле өзінің үлкен орынға айналуына қандай басшы келді?

Алматыдан уәкіл келді. Ол кім еді?- мекемеден келген басшы. Басшы туралы түсінік беру.

5.Мұраттың арманының орындалуы.

Алматыдан келген өкілдің кеме капитанына талапкерлер іздеуі, мұраттың сол талапкерлер қатарына ілігуі

6. Атасының ризашылығы.

Мұраттың арманының орындалғанына қуанып, «Жолың болсын, балам» -деп арқасынан қағады.

Қорытынды

1. Мұрат сендерге қандай жағынан ұнады?

Мінезімен, еңбекқорлығымен, арманшылдығымен, қамқорлығымен, адалдығымен ұнады.

2.Бұл мәтіннен қандай әсер алдыңыз.

Шын ниетімен бір нәрсені ұнатқан, қиялдаған адам сол нәрсеге міндетті түрде қол жеткізетінін көрдік

III. Жаңа сабақ-

І.Қызығушылықты ояту.

-Бүгінгі тақырыпты бастамас бұрын мен сіздерге бір сұрақ қойғым келіп тұр













Бақыт сөзін қалай түсінесіз?













































«Балалардың бақыты.» Сырбай Мәуленов (2 сынып)



«Балалар бақыты» өлеңінің авторы Сырбай Мәуленов

1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,

Торғай кентінде туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Аспан тұрса күлімдеп

Айын биік орнатып.

Ақса бұлақ гүрілдеп

Балаларға сол бақыт

Бұл өлең жолында не туралы айтылған? Аспан күлімдеп, айымызбен күніміз шығып тұрса сол бақыт. Қазақстанның аспаны ашық біз бақыттымыз. Себебі:алаңсыз ойнаймыз, күлеміз, тегін білім аламыз. Ал суымыз , бұлағымыз ағып тұрса бұлда бақыт екен. Сусыз өмір сүре аламыз ба, балалар? Сондықтан суды үнемдеу керек.

Балаларға сол бақыт-

Болса Отаны аман - сау.

Басын бұлтқа байлатып,

Тұрса асқақтап Алатау.

Еліміз тыныш болса, жеріміз аман болса, Алатауымыз асқақтап тұрса біз үшін

бұлда бақыт.

Балаларға сол бақыт-

Аман болса әкесі,

Қатар өссе тәтесі

Аман болса анасы

Жүрсе алдында ағасы,

Болса мөлдір өзені,

Болса байтақ даласы.

Сонымен балалар «Бақыт» деген отбасымыз, Отанымыз бен жеріміздің амандығы.

Өлең жолынан отбасы мүшелерін тауып алайық.

IV.Сергіту сәті

V.Шығармашылық жұмыс

  1. топ «Бақыт » туралы сурет салу.

2-топ «Бақыт» туралы Эссе

3-топ «Бақыт» сөзіне 5 жолды өлең жаз.

VI. Кітаппен жұмыс

Оқып түсінгенін ату.

VII.Үй тапсырма беру. Оқып түсінгенін ату.

«Бақыт » тақырыбына эссе жазу.

VIII. Бағалау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал