7


Дыбыс және әріп (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Бекітемін: ОІМ: А.Е.Кулекеева 3-сабақ

Пәні: Қазақ тілі.

Уақыты: 06.07.2016

Сыныбы: 3

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп.

(2 - сыныпта өткенді қайталау.)

Сабақтың мақсаты:

а/дыбыстар және әріптер туралы 2 - сыныпта алған білімін еске түсіру;

ә/дыбыстардың түрлеріне,ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетінін пысықтау;

б/Сөздік қорын дамыту:

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Сөйлемдерді ауызша толықтыр:

Дыбыс дегеніміз....

Әріп дегеніміз......

Дыбыстар .....бөлінеді.

Дауысты дыбыстар деп...... айтамыз.

Дауыссыз дыбыстар деп ....айтамыз.

Қазақ тілінде.......әріп бар.

Оқулықпен жұмыс.

1 - жаттығу (ауызша). Өлеңді оқы.Жуан және жіңішке айтылып тұрған сөздерді ата. Олардың жуан немесе жіңішке айтылуы қандай дыбыстарға байланысты? Өлеңнің мағынасымен байланыстыры отырып,өз мектебің туралы әңгімеле. Мектептінеге анаға теңейді?

2 - жаттығу. (жазбаша) Әр сөзден жаңа сөз жасап тұрған дыбысты оқысаң,мақал шығады.Ол қандай мақал? Мақалды сызба бойынша жаз.

Оқу түбі - тоқу.

3 - жаттығу. (жазбаша)

Өлеңді көшіріп жаз.Бір дыбыстың өзгеруінен жасалған жаңа сөздердің астын сыз.

Ойын деген сор болып,

Сабақ оқу зор болып.

Тақта алдында қор болып,

Бет - ауызы бор болып,

Желкесін қасып тұрады

Өзіміздің Нұрәлі.

Нұрәліге қандай ақыл айтар едің?

5 - жаттығу. (жазбаша). Өлеңдерді оқы.Қарамен жазылған сөздерді баған түрінде жаз.

Ас Ақ

Лас Шақ

Алас Ошақ

Палас Шошақ

Сөздердің мағынасын түсіндір.

ІҮ.Үйге тапсырма.

4 - жаттығу.

Суреттерге қарап, олардың аттарын жаз. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Суретте:

ою,коньки,портфель,фотоальбом.



Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал