7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: Су

Дүниетану пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: Су

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:

Жануарлар жемін қалай аулайды?

Сабақтың мақсаты:



Білімділігі:



Жануарлар тіршілігінде байқала бермейтін көріністерді оқушының терең сезінуіне бағыт беру. Жануарлар жемін қалай аулайтыны жайында мағлұмат беру.

Дамытушылығы:



Оқушылардың алған білімдері бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым қорытынды шығара білуге қабілетін арттыру.



Тәрбиелігі:

Оқушылардың табиғаттың жанашыры болып қорғауға, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.



Сабақтың көрнекілігі:

Түрлі суреттер, сызба, ойын, семантикалық карта, тест.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу,ой қозғау, топпен жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Табиғат тіршіліксіз тұнып тұрған,

Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен көлсің,

Сен ормансың,

Сен бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен жарықсың,

Сен жерсің,

Сен ауасың,

Сен анамсың,

Бәрі менің өмірім сен сыйлаған.



- Балалар қалай ойлайсыңдар, өлең не туралы? (табиғат)

- Табиғат туралы қай оқулықтан оқып білеміз? (дүниетану)

Олай болса, балалар қазір біз дүниетану сабағын бастаймыз.

Мен сіздерді үш топқа бөлемін.

І-топ. «Қасқырлар»

ІІ-топ. «Түлкілер»

ІІІ-топ. «Қояндар»



Үй жұмысын тексеру

«Жануарлар немен қоректенеді?»

Ой қозғау стратегиясы:

І топ. 1. Құстардың тұмсығын қара. Ол шырша бүрін шағып жеуге ыңғайлы ма?

2. Аю немен қоректенеді?

ІІ топ. 1. Жануарлармен қоректенетін аңдар мен құстарды ата.

2. Өсімдіктермен қоректенетін жануарларды ата.

ІІІ топ. 1. Бунақденелілермен қоректенетін жануарларды ата.

2. Шегірткенің түсі өзі отырған шөптің түсімен бірдей. Бұл нені білдіреді?



Өтілген тапсырманы қорыту. Тірек сызбамен жұмыс

Сүтқоректілер



Балықтар Құстар



ЖАНУАРЛАР





Қосмекенділер Бунақденелілер



Жорғалаушылар

Мағынаны тану. Жұмбақ шешу.

І топ.

Мысық бітімді,

Қоян құйрықты,

Ит жүрісті ол не? (сілеусін)

ІІ топ.

Өзі айлакер, өзі бір қу,

Жүрген жері айқай да, шу. (түлкі)

ІІІ топ.

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (қоян)

Олай болса, бүгінгі сабағымызда осы жануарлардың жемін қалай аулайтыны туралы әңгімелейміз.

Дәптермен жұмыс.

(күннің жадын, тақырыпты жазу)



Жаңа сабақ.

1) Мәтіндегі суреттер бойынша әңгімелеу;

2) Мәтінді тізбектей оқыту;

3) Әр топтан бір оқушыға өз ойын қысқаша баяндату.



Топтық жұмыс.

І топ.

-Жыртқыштарға қандай жануарлар жататынын ата. Оларды неге жыртқыштар дейтінін түсіндір. (Жолбарыс, қасқыр, арыстан, түлкі жыртқышқа жатады. Олар етпен қоректенеді. Адамға, малға шабуыл жасайды)



ІІ топ.

Өсімдік қоректі жануарларды еске түсір. (Бұғы, құлан, киік, үй жануарлары өсімдікпен қоректенеді)



ІІІ топ.

Халық ертегілерінде, тіпті ауыл адамдарында қазір де қасқырды «жауыз, ұры,қарақшы» деп жек көреді. Неге? Сен қасқыр туралы өз пікіріңді айт. (Себебі олар далада, ауылда отырған малшылардың қойларына, ірі қара малдарына шабуыл жасап жегенін жеп, жемегенін өлтіріп кетеді. Сондықтан оны «жауыз, қарақшы» деп атайды)



Сергіту сәті.

Кі- кі- кі бұлғаңдайды түлкі,

Ю- ю- ю қорбаңдайды аю,

Ян- ян- ян секіреді қоян,

Ыр- ыр- ыр ырылдайды қасқыр.



Шығармашылық тапсырма. «Қалпына келтіру»

</ Балалар мына өлең жолдарын мағынасына қарай қалпына келтірейік.

... қонжығы, Түйеге ...

... бөлтірігі, Ешкіге ...

... көжегі, Қойға ...

... жәутігі, Сиырға ...



Анаға баласы,

Бәрінен қымбат.



Ойын: «Менің сүйіктім»

Жылқы гүл шырын

Тышқан сәбіз

Ара бал

Қоян дән

Аю сұлы



Қорытынды

Тест

1. Сүтқоректілерге қайсысы жатады?

а) балық, құс ә) сиыр, бұғы

2. Жыртқыш аңдарды тап?

а) арқар, құлан, түйе ә) қасқыр, түлкі, аю

3. Тиін немен қоректенеді?

а) бидай, арпа, сұлы ә) саңырауқұлақ, жаңғақ

4. Балықтар қайда тіршілік етеді?

а) суда ә) орманда

5. Бауырмен жорғалаушы қайсысы?

а) жылан, кесіртке ә) қоңыз, көбелек

6. Бақа жануарлардың қай түріне жатады?

а) қосмекенді ә) бауырмен жорғалаушы

7. Жыл құстарын ата?

а) қарға, көгершін, сауысқан ә ) қарлығаш,тырна, қараторғай

8. Қоян неге түлейді?

а) жауынан қорғану үшін ә) сәндік үшін

9. «Құралай» деп нені айтады?

а) аюдың баласын ә) киіктің баласын

10. Түлкінің негізгі қорегі

а) жыртқыштар ә) кемірушілер



Жануарлар туралы өлең оқу

Жануарларды атпаймыз,

Жасыл шөпті баспаймыз.

Табиғатты қорғаймыз,

Ағаштарды сатпаймыз.



Үйге тапсырма

Бағалау















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал