- Учителю
- Құм, саз және әктас (3 сынып)
Құм, саз және әктас (3 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Құм, саз және әктас.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бос тау жыныстары - құм мен саз, қатты тау жыныстары - әктас пен мәрмәр туралы, олардың айырмашылықтары мен қасиеттері және пайдаланылатын салалар туралы түсінігін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: құм, саз әктас, мәрмәр салынған стакандар, тәжірибе жұмысына арналған үшқат, «ғимараттар» иллюстрациясы.
Сабақтың барысы:
-
Психологиялық дайындық.
Біз бүгін қаламыздағы (ауылдағы) құрылыстарды аралауға шығамыз және үйді салған кезде қандай құрылыс материалдар пайдаланылатынын көреміз.
Балалар өздерін құрлысшы ретінде сезініп әңгімелейді: «Үй салу үшін ең алдымен құрылыс материалдардын дайындап алу қажет».
-
Тақырыпқа кіріспе.
-
Қандай құрылыс материалданын білесіңдер? Оларды не үшін пайдаланылады?
-
Топтарға бөлініп тәжірибе жұмысын жұргіземіз. 1 - топ құммен, 2- топ сазбен, 3 - топ әктаспен, 4 - мәрмәрмен жұмыс істейді.
Балалар олардың қасиеттерін, түр - түсін, қай жерде қолдалынатынын анықтайды.
-
Оқулық бойынша жұмыс. (топпен жұмыс істеу жалғасады). Содаң соң мәтіндегі өздеріне қатысты бөлімді оқып, білімдерін нақтылайды. Әр топ өз тақырыбы бойынша сұрақтар әзірлеп, оларды өзге топтарға қояды.
1 - топ құммен, 2- топ сазбен, 3 - топ әктаспен, 4 - мәрмәрмен туралы айтады.
-
Балалар өз бетінше кесте құрастырады.
Қиналса оқулықты пайдалануға болады.
-
Пікірталас.
Сендердің сабақта алған білімдерің өмірде кәдеге жарай ма?
Өзіңді тексер.
-
Үй жұмысы.
«Құм, саз және әктас»мәтінін оқу. Аталған пайдалы қазбалардың айырмашылықтарына талдау жаса.