7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Ұлттық ойындар 3 сынып

Ашық сабақ Ұлттық ойындар 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар 3 сынып

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды дұрыс айтуға жаттықтыру.

  2. Дамытушылық: Логикалық ой-өрістерін кеңейтіп, сабақта оқушылардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекі құралдары: Ұлттық ойындар туралы слайд-суреттер, үлестірмелі карточкалар, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Тіл дамыту сұрақтары.

3. Үй жұмысын тексеру: Сөздік, диалог.

4. Жаңа тақырып: Ұлттық ойындар.

Жаңа сөздер мен танысу

Ұлттық ойындар - национальные игры

тұрмыс- быт

салт -дәстүр - обычай

көбінесе - многие, в основном

байланысты - связано

сүйек - кость

құмалақ - овечьи катышки

асық - альчик

Ұлттық ойындар

Қазақ халқының тұрмысы, салт-дәстүрі, көбінесе төрт-түлік малмен байланысты болды. Олар ойынға мал сүйегін, қой құмалағын пайдаланды. Мысалы , мынадай ұлттық ойын түрлері бар: «Асық», «Тоғызқұмалақ», «Ақсүйек», «Аударыспақ», «Қыз қуу» т.б. Ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа, ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға, өнерлі болуға, күштілікке үйретеді.

Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қойып, сұраққа жауап беру.

1.Қазақ халқының тұрмысы, салт - дәстүрі, ойындары немен байланысты?

2.Олар жануарлардың нелерін пайдаланды?

3.Ұлттық ойындардың қандай түрлері бар?

Ашық сабақ Ұлттық ойындар 3 сыныпАшық сабақ Ұлттық ойындар 3 сынып

Сергіту сәті: «Қыз қуу» ойынын ойнату

(бір қыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады).



Ұлттық ойындарға тоқталып кетейік:

«Тоғызқұмалақ» ойыны - шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол - үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын. (интербелсенді тақтада көрсетіледі)

</<font face="Times New Roman, serif">

«Ақсүйек» ойыны. Тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде «Ақ сүйек» ойнаған. Оның басты шарты: лақтырылған ақ сүйекті жабыла іздеп, тауып әкелу. Осы ақ сүйекті іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңіл құпияларын ашатын болған. (интербелсенді тақтада көрсетіледі)



«Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады. (интербелсенді тақтада көрсетіледі)



- Балалар, қазір біз ұлттық ойындар ойнау арқылы бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді бекітеміз.

Ұлттық ойын ойнату.

Ойынның ережесі:

Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі - «Хан талапай». Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.





Тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.

А...сүй...к, ас...қ, алтыба...ан, то...ызқ...малақ, к...кп...р, жасы...ынба..., қ...з ...уу.



Бағалау.

Үйге тапсырма: жаңа сөздер.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал