- Учителю
- Ғылыми жоба Тақырыбы:«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМЫ – ҚҰРТТЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ »
Ғылыми жоба Тақырыбы:«ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМЫ – ҚҰРТТЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ »
Қостанай облысы
Рудный қаласы
«№2Қашар орта мектебі»КММ
Тақырыбы: «ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМЫ - ҚҰРТТЫҢ
АДАМ АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ »
Бағыты: :Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау
Секция: Ғылыми жаратылыстану
Орындаған:Астана Жалғас 3 «А» сынып
№2Қашар орта мектебі
Рудный қаласы
Қостанай облысы
Ғылыми жетекшісі:
Бекетаева Набира Умурзаковна
бастауыш сынып мұғалімі:
2016 жыл
Аңдатпа
Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы - құрттың пайдасын зерттеуге арналған. Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Жобамда құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап кеттім.
Зерттеудің мақсаты:Қазақ халқының байырғы тағамы - құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.
Зерттеу міндеттері :
- Қазақтың ұлттық тағамы - құртпен танысу;
- Құрттың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;
- Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету.
Зерттеу гипотезасы: Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу.
Зерттеу объектісі : Құрттың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу
Ғылыми жаңашылдығы: қазіргі уақытта құрттың адам денсаулығына пайдасы бар екенін дәлелдеу. Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Жобамда құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап кеттім
Зерттеу әдістері ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері бір- бірімен сабақтасып келеді. Зерттеу жұмысының барысында салыстырмалы, жүйелі-сипаттамалық әдістер кеңінен қолданылды.
Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады
1
Мазмұны
І. Кіріспе
Құрт- химиялық құрамы жағынан тамаша тағам
-
Ұлт тағамдарының негізгі көзі - сүт.
-
Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды.
ІІ. Негізгі бөлім
Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық
2.1 Құрттың құрамы
2.2 Құрт түрлері
2.3 Қазақстанның ұлттық бренді - құрт.
2.4.Сыныптас достар пікірі
ІІІ.Қорытынды
3.1 Қазақтың ұлттық тағамы - құрт адам денсаулығына қажетті тағам
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2
Аңдатпа
Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы - құрттың пайдасын зерттеуге арналған. Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Жобамда құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап кеттім.
Зерттеудің мақсаты:Қазақ халқының байырғы тағамы - құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.
Зерттеу міндеттері :
- Қазақтың ұлттық тағамы - құртпен танысу;
- Құрттың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;
- Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету.
Зерттеу гипотезасы: Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу.
Зерттеу объектісі : Құрттың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу
Ғылыми жаңашылдығы: қазіргі уақытта құрттың адам денсаулығына пайдасы бар екенін дәлелдеу. Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Жобамда құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап кеттім
Зерттеу әдістері ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері бір- бірімен сабақтасып келеді. Зерттеу жұмысының барысында салыстырмалы, жүйелі-сипаттамалық әдістер кеңінен қолданылды.
Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады
3
Кіріспе
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас - адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн-жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсандарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым-қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек, ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру - экономикалық, дипломатиялық және тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелерде ерте заманнан-ақ аңыз болып тараған. Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді де білмеген, төрге шығарып ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да білген.
Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындауымен бірге қыста да, жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс-тәсілдері мен жолдарын да таба білген. Бұл қағидаларды әйелдер ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп отырған. Мысалы, олар етті ыстап сақтауды, қымызды жазда салқын ұстауды, майды көгертпей күтуді, басқа тамақтарды да бұзылмай
4
сақталуының ғасырлар бойы ұмытылмай келе жатқан байырғы халықтық әдістері мен амалдарын әсіресе ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін жеткізді және оны әлі де қолданып келеді. Әсіресе, қымыз бен шұбатты баптаудың, құрт, ірімшік, ежігей, сары май сияқты жеңсік тағамдарды дайындауда қазақ әйелдерінің шеберлігі мен өнері үлгі етіп, қалай мадақтауға тұрарлық.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).
Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады.
Сүт- химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
5
Негізгі бөлім
Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық.
Іші-бауырымыз құрысып-тырысып, көзіміз қарауытқанда, ойбай
дәруменіміз азайып кетті деп шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин
жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады.
Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап,
талып қалмаған деп таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен-жегені нағыз
дәрумендердің көзі екен.Көгорай шалғынды жалпағынан басып жайылған
сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы - дәруменнің,
күш-қуаттың көзі осылар екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалап
сыртына "ірімшік" деп жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы
қарын қосып қайнатқан ірімшігінің садағасына да татымайтынын,
әсіресе, ауыл қазағы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес.
Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, сиырдың құрамында, 100 грамға
шаққандағы ақуыздың мөлшері 22,85-34,52% болса, қазақ ірімшігіндегі
ақуыздың мөлшері 40-42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе
4,52%-тен аспайды, ал ірімшікте ол 10,93% болады. Адам ағзасындағы
сүйек ұлпаларының мықты болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса,
дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 0,51%, ал
кальций 2,3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100
грамм сыр 268,8-401,38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408,4 қуат
береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен калориясы жағынан қала
дүкендеріндегі сүзбені он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері
14,5-18,6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай - 52,6%. Ал 100 грам
сүзбе 87-227-ге дейін қуат берсе, құрттан 370,1 қуат алуға
болады.
Бабаларымыз кие тұтқан жылқы малының сүті - қымыздың емдік қасиеті
ежелден мәлім. Дені сау адамның ағзасы 1 тәулікте орта есеппен 50
мг.
С дәруменін қажет етсе, 1 литр қымыз құрамында 200-260 мг. С дәрумені
бар. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В
6
тобы дәрумендері: В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына
қатысатын В12 дәрумені, ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына
әсер ететін С тобы дәрумендері, А дәрумендер тобы, липоид, бар.
Қымыз нағыз антибиотик. Ол ағзаға тарағасын, ішектегі шіру процесін
тежейді. Шіріткіш микробтарға, ішек таяқшаларына және сарғыш
стафилококтарға қарсы жойғыш күші бар қымыз құрт ауруы, сүзек,
дизентерия, күл (дифтерия) бактерияларына тосқауыл қояды. Кеңес
заманы тұсында 1958 жылы қымызбен емдейтін сауықтыру орталығы
ашылған.
Қос өркешті «шөл кемесі» түйе жануары беретін шұбаттың жөні бөлек.
Құрамының элементтерге байлылығынан шұбат қымыздан да асып түседі.
Мәселен, қымыз құрамындағы ақуыз мөлшері 2,3-2,9% болса, шұбаттағы
ақуыз 2,91-4,93% мөлшерінде. Қымыздың майлылығы 1,3-2,5% болса,
шұбат одан да майлырақ ─ 8-9%. Шұбаттың құрамында С дәрумені де
молырақ. Түйе сүтінің құрамында кальций (0,13 -0,21%) мен фосфор
(0,05-0,072%) секілді микроэлементтер де кездеседі. Бірақ
құрамындағы көміртегі жағынан шұбаттан (1,07-1,78%) гөрі қымыз
(3,6-7,3%) бай. Осылармен қатар шұбатта А, В, С дәрумендері, мыс,
мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий
микроэлементтері жетерлік.
Химия, медицина ғылымдары пайда болмай тұрып-ақ алдындағы асын тани
білген қазақ нағыз данышпан. Асылы, аузынан ақ ажырымаған халқымыз
қымызын ішіп, құртын жеп отырып-ақ осы күнгі көп кеселдің алдын
алған. Атам қазақтың ғұмыры аттың жалында, атанның қомында өтсе де,
дүниеге небір алып тұлғалы, батыр да дана перзенттер әкелген тылсым
сырының де бірі осы болса керек.
Құрт - сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт - сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт,
7
майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген
құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын
жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы
алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната
береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін
арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін-әлсін
қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған
құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы
да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, шиге,
қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, кызбай біртегіс
кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай
әдіспен кайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға
дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады.
Құрттан істелетін немесе кұрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін
айта кету қажет.
Ж а с қ ұ р т. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма
ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа,
бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады.
Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан.Құрттың
сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға
ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма
жасайды.
К ө б і к . Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі
ас ретінде жас балаларға, қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын
құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп
жиналатын әдет теболған.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін
кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем
саналған.
Сықпа құрт. Мұның қайнатқан құрттан айырмашылығы сол ашыған айран
қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп
тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған.
Мұндай құрт
8
жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп
мойындарына іліп қуанту салты болған.
М а л т а . Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ,
әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан
кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу
немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады,
келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт - ұлттық
тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.
А қ м а л т а . Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды
және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде
ішеді.
Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған
үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.
Қ ұ р т - м а й . Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа
жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі
түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май
тағамдарының қосындылары да кұрт-май деп аталады.
2.3.Қазақстанның ұлттық бренді - құрт.
Мамандар «өзге ұлттың өкілдері тамсана жейтін жеңсік асымыз ұлттық
брендіге сұранып-ақ тұр» дейді. Расында да, Түркияның пахлавасы, үндінің
шайы секілді қазақтың құрты да - халықаралық деңгейге шығуға лайық-ақ
тағам. Жолға ұзақ сақталуы, адам ағзасына пайдалылығы жағынан да ұлттық
брендіге айналуға лайық тағамның өзіміз қадірін білмей отырғанымыз
өкінішті. Құрттың қарын тойдыратын ғана емес, ұшақта жүректі басуға да
таптырмас тағам екені белгілі. Осы орайда бүгінде ұшақта таратылатын
кәмпит орнына ұлттық тағамымыз - құртты таратсақ, жүректі басып қана
қоймай, басқа елден келіп-кетушілерге, туристерге ұлттық тағамымызды
танытудың бір жолы болар еді.
Әбдімәлік Айымбетов, тағамтанушы:
- Кеңес уақытында бір рет қазақтың құрты ғарышқа ұшып бара жатқан
9
ғарышкерлерге берілген. Кейін қайта оралған ғарышкерлер құртқа деген
таңданыстарын жасырмаған. Расында да, құрттың адам ағзасына пайдасы
болмаса зияны жоқ. Ендеше, нағыз ғарыштық тағамға айналар құртымыздың
ескерусіз қалып отырғаны өкінішті. Тіпті құртты туристік кластердің бір
бағыты ретінде дамытып, туристерге ұсынып, шекарадан алып шығатын
тағам ретінде танытсақ, ол еліміздегі мал шаруашылығының дамып, ұлттық
тағамымыздың кең танылуына мүмкіндік берер еді. Өзге ұлттардың
ешқайсысы өреге құрт жаймайды. Егер біз ұйықтап жүре берсек, қымызымыз
бен шұбатымыз секілді өредегі құртымызды да өзгелер ұрлап кетуі әбден
мүмкін. Өйткені құрт секілді ерекше тағамымыз басқалардың
қызығушылығын тудырмауы мүмкін емес. Сондықтан барымызға ертерек
өзіміз ие болуымыз керек,- деген пікір айтты.
Ұлттық брендті құру - Қазақстанның өзекті мәселесі. Мәдениет, тарих
қайраткерлері және бизнес - құрылым өкілдері де осы мәселе бойынша
ізденісте. Ұсыныстар өте көп. Біреулер ұлттық бренд домбыра, қобыз сияқты
музыкалық аспаптар десе, екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп
санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды. Келешекте Қазақстанның атын
шығаратын не екені белгісіз. Таңдау қиын, ұлттың сәні - кешке киетін сәнді
киім емес. Ал, Алматылық Айдар Шалбарбаев уақытын текке өткізіп жүрген
жоқ.Айдар Шалбарбаев 20 жылдан астам бойы құртқа ұлттық бренд
мәртебесін беруге ат салысуда.
2.4.Сыныптас достар пікірі
Өзіміздің зерттеу жұмысымызда сыныптастарымызбен де ой бөліскіміз
келді.Осы мақсатта ұстазым үшеуіміз мектептегі 3-сыныпта оқитын
оқушылардан жабық анкета алдық.Оқушылардың жауаптарын сараптап,
мынандай кесте құрдық.
Қазақтың ұлттық тағамын құртты ұнатып жейсіз бе?-деген сұрақты 3-сынып
оқушыларынан сұрағанда:
3 «А»сынып -21 «иә», 3 «Ә»-23 «иә», 3 «Б»-23 «иә» барлығы «иә»деп жауап берді. Яғни, 3 сынып оқушыларының барлығы да құртты ұнатып жейді.
10
Осы жабық анкета барысында құртты мүлдем жеп көрмеген оқушы болмады.
3 сынып оқушыларының арасында құрт туралы алған сауалнамалар қорытындысы
Сауалнама
-
Сүт тағамдарын атаңдар
-
Құрт неден жасалады?
-
Құрт туралы әңгіме, өлең білесіңдер ме?
-
Құрттың қандай түрлерін білесіңдер?
-
Құрттың дәмін татып көрдің бе?
-
Адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
11
3 сынып ата-аналар мен оқушылар
арасында құрт туралы алған сауалнамалар қорытындысы
Сауалнама
-
Сүт тағамдарын атаңдар
-
Құрт неден жасалады?
-
Құрт туралы әңгіме, өлең білесіңдер ме?
-
Құрттың қандай түрлерін білесіңдер?
-
Құрттың дәмін татып көрдің бе?
-
Адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
12
Қорытынды
Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар. Құрттан күш-қуат алуға болады. Құрт құрамындағы ақуыздың мөлшері дүкен сөрелеріндегі ақуыздың мөлшерінен әлдеқайда көбірек.
Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді.
Айдар Шалбарбаев құрттың ұлттық бренд бола алатыны туралы ойларын айтты. Мен осы зерттеушінің сөздеріне қосыламын. Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы - құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.
13
Ұсыныс:
-
Құрттың емдік қасиеттерін қазіргі медицина саласында пайдалану;
-
Құрт шығаратын арнайы цехтер ашу;
-
Болашақта құртты әлемдік нарыққа шығара отырып, шетелдерге таныту;
-
Мектептерде технология пәнінде құрттың жасалу жолдарын оқушыларға үйрету.
14
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Дүниетану оқулығы 1сыныпқа арналған «Алматыкітап»
2008ж.
2.Қазақтың ұлттық тағамдары Алматы 2000ж
3.Қазақ энциклопедиясы Алматы 2002ж
4.Дүниетану оқулығы 2 сыныпқа арналған «Алматыкітап» 2008 ж
5.Қазақ Энциклопедиясы 1 - том Алматы 2002 ж
6.Қазақ энциклопедиясы 3 - том Алматы 2002 ж
7.Дүниетану оқулығы Алматы «Атамұра» 2003 ж
8. «Қазақтың дарқан дастарқаны», Алматыкітап 2007 ж.
9.Ғаламтор
15
Рудный қаласындағы №2Қашар орта мектебінің
3 «А» сынып оқушысы Астана Жалғастың «Қазақтың ұлттық тағамы- құрттың адам ағзасына пайдасы » атты ғылыми жобасына
Пікір
Бұл ғылыми жобада қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі- құрт туралы айтылған. Сүт тағамдарының түрлеріне тоқтала келе оның адам ағзасына тигізер пайдасы мен құрттың түрлеріне тоқталған. Сонымен бірге құрттың жасалу жолы туралы айта өтіп, қазақ халқының ұлттық тағамын ұлттық бренд ретінде елге танытуды көздеп отыр. Осы жұмыста көрсетілгендей құрт құрамындағы ақуыздың мөлшері қайсыбір тағамдармен салыстырғанда калориясының өте жоғары екендігін көрсетеді. Осы жұмысты зерттеу барысында көптеген дәлелді пікірлер мен тұжырымдар айтылған, өзінің жазғы уақыттағы құрттың жасалуын, оны дайындау барысындағы барлық кезеңдерге жеке-жеке тоқталып отыр.
Рудный қаласы №2Қашар орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі : Бекетаева Н.У
16