7


  • Учителю
  • Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сайыс

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сайыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





«Қазымбет орта мектеп- бақша» КММ









































Сайыс

Бастауыш бірлестігі

























2016 жыл

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету арқылы ойлауын, сөйлеу тілдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, білгірлікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, интерактивтік тақта

1. Ұйымдастыру.



Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Ал келіңдер, келіңдер,

Біріңе - бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер,- дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты зияткерлік сайысымызды бастаймыз.



Білмеймін деп қысылма,

Талабың болса бойыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр бойында - дей келе, топтарымызды ортаға шақырайық.

Топтарымызды таныстырып өтейік.

І топ «Алғырлар» ІІ топ «Білімділер» ІІІ топ «Тапқырлар»

Топ басшылары ортаға шығып, мына 3 түстің бірін таңдайды. Түстегі сан реттік нөмері болып есептеледі.

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар бір топты анықтаймыз. Сайыстың кезеңдерінен сүрінбей өткен топ жеңімпаз атанады. Ендеше сіздерге сәттілік! Енді сіздерді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

І. Таныстыру

ІІ. Ой жүгірту.

ІІІ. Ғажайып сурет.

ІҮ. Полиг лот

Ү. Біліміңді шыңда

Ү І. Кім тапқыр?

ҮІІ. Марапттау



Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!

Бағалайды әділқазы сіздерді.

Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па? - деп, осы сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын таныстырып өтейін.





Ал келіңдер, келіңдер!

Дұрыс жауап беріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Саудаласып көріңдер.

Сырлары көп білімнің

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріне.



І кезең «Таныстыру»

Әр топ өздерін таныстырып өтсе



ІІ кезең «Ой жүгірту»

Мұнда әр топқа пәндер бойынша сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап береді.

1топ

1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)

2. Дыбыстар неше топқа бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)

3. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)

4. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)

5. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)

6. Қосуға кері амалды ата. (азайту)

7. Бір жылда неше күн бар? (365 - 366)

8. Көру мүшесі. (көз)

9. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)

10. Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білеміз? (Ғылым таппай мақтан ба?, Жазғытұры. Т. б)

11. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

12. Бір жылда неше ай бар? (12 ай)

13. Ағылшын алфавитіндегі ең соңғы әріп қандай? (z)

14. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)

15. 12 - сәуір қандай мейрам? (ұшқыштар күні)



2 - топ.

1. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. (Етістік)

2. Қандай тауларды білесіңдер?

3. Көптік жалғауларын ата. (- лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер)

4. 720 - ны 9 есе кеміт. (80)

5. Бөлудің компоненттерін ата. (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)

6. Сөз құрамы неден тұрады? (түбір мен қосымшадан)

7. Көлемнің өлшем бірлігі және неше өлшемі бар? (см куб, үш өлшемі бар. Ұзындық, ені, биіктік)

8. Тамыр өсімдікке не үшін қажет? (өсімдікке қорек береді, өсімдікті ұстап тұрады)

9. Судың неше күйі бар? Ата (бу, сұйық, мұз)

10. Кез келген сан мен 0 - дің көбейтіндісінің мәні неге тең? (0 - ге)

11. Неше сөз табы бар?

12. ағылшынша 10 саны қалай аталады? (тен)

13. Сөйлем түрлерін ата. (сұраулы, лепті, хабарлы сөйлем)

14. Бөлу мен көбейту қандай амалдар? (өзара кері амалдар)

15. Сегіздің кубы нешеге тең (512)

3 топ

1алфавитте неше әріп бар?

2.. Көмектес септіктің сұрағы қандай?(кіммен немен?)

3.Есту мүшесі не? (құлақ)

4. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейтеміз)

5..Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған уақыты? (1991ж 16 желтоқсан)

6. . ҚР рәміздерін ата (Гимн, Ту, Елтаңба)

7 Ауаның температурасын өлшейтін құрал? (Термометр)

8. Қандай сөздер бас әріппен жазылады? (Кісі, жер-су аттары)

9.5*8 қанша болады? (40)

10. мағжан Жұмабаев 5 арыстың біріне жатама? (Иә)

11. Ертегі түрлерін атап бер (шыншыл, қиял ғажайып, жан- жануарлар)

12. ағылшын тілініде неше әріп бар? (26)

13. Ұлыстың ұлы күні. (22 - наурыз)

14. Кез келген санды 1 ге бөлгенде неше шығады? (сол санның өзі)

15. бастауыш пен баяндауышты қандай мүше деп атайды?(тұрлаулы мүше)



ІІІ кезең «Ғажайып сурет»

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Бұл кезеңді ғажайыпқа берелік.

Арамызда тапқыр достар көп екен,

Соларды енді жарыстырып көрелік! - деп, мұнда оқушылар беті жабық тұрған суреттің бір бөлігін ашып, қалғанын табу керек.



ІҮ кезең «Полиглот»

«Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ілім біл!» дегендей, мұнда оқушылар жасырылған жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс тілінде айтады.

Жұмбақтар:

І топ

1). Қабат - қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап книга book)

2). Әрі қызыл, әрі тәтті,

Жеген жанды таңырқатты. (Алма яблоко aplie)

3). Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр - шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.(қалам ручка pen)

ІІ топ

1). Жылт - жылт еткен,

Жылғадан өткен. (су вода )

2) Ашылып, жабылады,

Әр үйден табылады. (Есік дверь door)

3) Құс сияқты, құс емес,

Самғап ұшқан биікке.

Қанаты бар қақпайды,

Жүрсе де сондай биікте. (Ұшақ самалет)

ІІІ топ

1) Адамға серік,

Күзетке берік ит собака dog

2) Екі бала қатар тұрса да,

Бірін бірі көрмейді. (Көз глаза)

3) ) Мұртын сипап күн бойы,

Бетін сусыз жуады.

Тырсылды аңдып күн бойы,

Тышқанды көп қуады. (Мысық кошка cat)



Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым соған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.



V- кезең: «Біліміңді шында»

Әр топ мүшелері біріге отырып берілген қисынды сөз есепті шығарып, дұрыс жауабын беру қажет.

1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? 3

2. 4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі? 4 минутта

3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Медет

4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? жоғары

5. Бір айда 5 жексенбі бола ма? жоқ

6. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады? 200кг



Ендігі кезекті ҮІ «Кім тапқыр?» кезеңіне берейік! Әр топтың оқушылары берілген мақалдарды шапшаң жалғастырады.



ҮІІ. Марапттау кезеңі

Ашық - жарқын жүзді,

Әділқазы біздің.

Таңдап баға беруге

Шақырайық төрге - деп, сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазыларға сөз кезегін берейік! Әділқазылар жеңімпаз топты марапаттайды,





Алдыңызда әлі талай асу бар,

Асулардан қиналмай - ақ асыңдар.

Тек сәттілік тілеймін бәріңізге,

Болашаққа батыл қадам басыңдар! - дей отырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал