7


  • Учителю
  • Заттың атын білдіретін сөздер. Көмірдің кереметі

Заттың атын білдіретін сөздер. Көмірдің кереметі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Заттың атын білдіретін сөздер. Көмірдің кереметі





Мұғалімнің аты-жөні: Алимжанова Лаура Акимбековна



Еңбек өтілі: 14 жыл



Жұмыс орны: Қарасай ауданы, Жамбыл ауылы «Жамбыл атындағы орта

мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен » коммуналдық

мемлекеттік мекемесі



Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі



Санаты: ІІ санат





ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ:

ПӘНІ: Ана тілі



ТАҚЫРЫБЫ: Заттың атын білдіретін сөздер. Көмірдің кереметі



ЖАЛПЫ МАҚСАТЫ: Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту. Ана мен

әжені сыйлауға, қол өнерді үйренуге баулу. Жаңа форматта білім

беруде жеті модулді ықпалдастырып, сыни тұрғыдан ойлау

қабілеттерін дамыту, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа

тәрбиелеу



КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: -Топпен жұмыс істеу арқылы кедергілерді жеңе біледі, бірлесіп

жұмыс істеуге машықтанады, бір-бірін тыңдап, ой қорыта білуге

үйренеді

-Өз білгенін ортаға салып, қосымша мәліметтер жинақтайды



ТҮЙІНДІ ИДЕЯСЫ: Миға шабуылға арналған тапсырмаларды орындау балалардың

ойлау қиялын дамытады.Бір-бірінің білім дәрежесін бағалай білуге

дағдыланады

ӘДІСІ: Интербелсенді оқыту әдістемесі 1 . Топпен жұмыс

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ: Тақырыптық суреттер.

Үлестірме парақшалар

Интербелсенді тақтаОқыту

модулі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, ОБК

1.Оқушыларды пішіндер арқы- лы топқа бөлу

І топ- төртбұрыш

ІІ топ-үшбұрыш

ІІІ топ-жұлдызша

ІҮ топ - домалақ

2. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру. (тақпақ)

«Анаға сыйлаймыз» өлеңді мәнерлеп оқыту

1. Оқушылар пішіндер арқылы топқа бөлінеді.

І топ- төртбұрыш

ІІ топ-үшбұрыш

ІІІ топ-жұлдызша

ІҮ топ - домалақ

2. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру. (тақпақ айтады)

«Анаға сыйлаймыз» өлеңді мәнерлеп оқу

Түсіну

СТО, АКТ, ТДБО, ОЖЕ

а) Суретпен жұмыс «Шеше көрген тон пішер» сөзінің ма-ғынасын түсінуге ықпал жа-сау. І.Мәмбетовтың «Жақсы көрем» өлеңін мәнерлеп оқуға үйрету, мазмұнын қалай түсін- генін диалог арқылы білу .

ә) Өлеңді мәнерлеп оқып беру

б) Мәнерлеп оқуға жаттық -тыру.

2. «Миға шабуыл» Төрт топқа Балалар, бақыттылар, ана- лар, ардақтылар сөздері жа- зылған парақшаларды тартып, олардың қандай сұраққа жауап беретінін анықтау. (өлең құрастыру)

«Математикалық талдау» Ардақтылар - 10 дыбыс, 4жуан дауысты дыбыс, 6дау-з дыбыс,

а) Суретпен жұмыс «Шеше көрген тон пішер» сөзінің мағынасын қалай түсінгенін әңгімелейді. І.Мәмбетовтың «Жақсы көрем» өлеңін мәнерлеп оқуға жаттығады, мазмұнын әңгімелейді.

ә) Өлеңді мәнерлеп оқиды.

б) Үтір, нүктеге кідіріс жасап оқуға жаттығады.

2. «Миға шабуыл» Ардақтылар балалар, бақыттылар, аналар, деген сөздер кімдер? деген сұраққа жауап береді. (өлең құрастыру)

Балалар бақыттылар,

Ана лар ардақтылар.





«Математикалық талдау» Ардақтылар - 10 дыбыс, 4жуан дауысты дыбыс, 6 дау-з дыбыс,

Қолдану

СТО, АКТ

Оқулықпен жұмыс:95-жаттығу Сөйлемді толықтырып оқып, көшіріп жаздыру.

96-жаттығу Оқушыларға сөз-дер жазылған парақшалар тара тылады. Сол сөздерге сұрақ қою арқылы бірінші кім? деген сұраққа содан кейін не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазып шығады.

Оқулықпен жұмыс: 95-жаттығу Сөйлемді толықтырып оқып,көшіріп жазу.

96-жаттығу Оқушыларға сөздер жазылған парақшалар таратылады. Сол сөздерге сұрақ қою арқылы бірінші кім? деген сұраққа содан кейін не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жазып шығады.

Талдау

СТО ТДБО

«Көмір» тақырыбында эссе жаздыру. Өзіндік жұмыс орын- дау арқылы мәтінмен таныса -ды. Автормен таныстыру.

Постермен жұмыс













«РАФТ» әдісі Мәтіннің мазмұ нына қарай көрініс көрсету

«Көмір» тақырыбында эссе жазу. Өзіндік жұмыс орындау арқылы мә -тінмен, автормен танысады.

Постермен жұмыс

мата

май бояулар

пластмасса доңғалақ



әтір кен балқытуға

поезд жүргізуге



Бір оқушы -Қабен қарт, бір оқушы -Ербол

Жинақтау

СТО

1.Жаңа сабақ бойынша түсініктерін жинақтау үшін «Білім ағашы» арқылы стикерге жазылған сұрақтарға жауап беруі

2. Семантикалық карта толтыру (топтық жұмыс)

Бағалу

Оқыту үшін бағалу және оқуды бағалу

Рефлексия

Оқушылардың бүгінгі білімін тексеру мақсатында үш түрлі смаиликтерді пайдаланамын



Бағалау критерилерін ұсынамын

Бағалау критериі

  1. Өлеңді мәнерлеп оқи аламын. 2 балл

  2. Мазмұнын айта аламын 3 балл

  3. Сұрақтарға жауап бере аламын. 3 балл

8-7 балл-5 5-6 балл-4 3 балл-3





















КЕРІ БАЙЛАНЫС

«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2014-2015 оқу жылындағы ІІІ негізгі

деңгейлік курстан өткен мұғалім-Алимжанова Лаура Акимбековна



Сабақтың өту мақсаты:

  • оқушылардың оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қаншалықты меңгергенін бақылау

  • оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің тиімділігін анықтау

Күтілетін нәтиже:

-топпен жұмыс істеу арқылы кедергілерді жеңе біледі, бірлесіп

жұмыс істеуге машықтанады, бір-бірін тыңдап, ой қорыта білуге

үйренеді

- Өз білгенін ортаға салып, қосымша мәліметтер жинақтайды

Мен 1"В" сыныбында "Көмірдің кереметі" тақырыбында ашық сабақ өткіз-дім. Сабағымды жоспарлау барысында сыныбымның жас ерекшеліктерін, қабілеттерін, білім деңгейін ескердім. Сабағымда Кембридж бағдарламасы- ның жеті модулінің бірі ТжДБ оқыту мен АКТ, СТО, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдандым.

Сабақты психологиялық ахуалды реттеуден бастадым. Сыныптағы оқушыларды сабақтың тақырыбына байланыстыра отырып, парақшаға жазылған заттың атын білдіретін сөздер арқылы топқа бөлдім. Әр топ өз аттарын қорғап шықты. Психологиялық жаттығудан кейін үй тапсырмасын сұрадым.

АКТ-ны пайдалану арқылы сабақта қолданылатын модульдер айты- лып өтті. Суретпен жұмыс жасау арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашыл- ды. Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындады. «Миға шабуыл» жасау арқылы оқушыларға сөздерді ұйқастырып, өлең шумақтарын құрас- тыру тапсырылды. Оқушылар тапсырманы дұрыс орындады. «Математика- лық талдау» кезінде «Ардақтылар» сөзі 10 дыбыстан, 4 жуан дауысты, 6 дауыссыз дыбыстан тұратынын айтты. Оқулықпен жұмыс орындалды. 95-жаттығу Сөздерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дәп- терге көшіріп жазды. Сергіту жаттығуы дидактикалық ойын ретінде өткізіл ді. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, қол шапалақтау арқылы бағалап отырды. Көмірдің кереметі тақырыбы бойынша көрініс көрсету арқылы таланттылықтың бір қырын ашуға жол ашты. Көріністен түсінгендері бо- йынша постермен жұмыс жасалды. Көмірден алынатын заттардың атын сызбаға толтырып жазды.

Бірінші сыныптың оқушылары үшін топта емес жұпта жұмыс жасаудың өзі жаңалық. Өйткені олар бір-бірімен ашылып сөйлесуге, пікір алысуға, өз ойларын дәлелдеуге жаттықпағандықтан бұл сабақта да мен басшылықты өз қолыма ала отырып, оқушыларға жетекші сұрақтар қойып диалогке тартып отырдым. Топтық тапсырмаларда оқушылар бір-бірін түсінбеушілігі, жазба жұмыста шапшаңдықтың жетіспеуі уақытты тиімді пайдалануға кедергі болды. Соның нәтижесінде жоспарланған екі тапсырма мен бағалау жүргізілмей қалды.

Алдағы уақытта оқушылардың қызығушылығын арттыру, уақытты үнемді пайдалану үшін жүйелі тапсырмаларды қамту керектігін түйіндедім.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал