7


  • Учителю
  • Сынып сағаты 'Бастауышпен қоштасу'

Сынып сағаты 'Бастауышпен қоштасу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бастауышым - бал бұлағым

Мақсаты : Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәриелеу.

Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы , слайдтар , гүлдер мен шарлармен сахнаны безендіру

Мұғалім : Қайырлы күн , қадірлі де құрметті ұстаздар , ата-аналар ! Бұл мерекенің негізгі мақсаты - бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иерлері 4 - сынып оқушылар.
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда
Қол соғып қошеметпен шақырайық
4-сынып оқушыларын ортамызға.
Әсем әуенмен сахна ашылады.
Мұғалім : Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан , өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына , ата-аналарына да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті түлектерге берейік.


Ерназар : Ассалаумағалейкум , ағайын !


Сабина: Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер


Ришат :

Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !
Даниал :

Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
Ерназар: Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Сабина : Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !

Ришат : Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Даниал : Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр - алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім !

Олай болса , алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық !
Ән «Мектебім»

Бастауыш : «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын арнаймыз.


Ерназар Мектебімізге бас болған,
Ұжымды ол басқарған,
Жаңалықтың жан ашыры жақсы адам,
Зейнола ағай үміт күтеді жастардан.


Сабина:

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Ришат Дайындық топта оқытқан

Есімі бізге қымбатты

Ұмытпаймыз Маркиза апайдың

Тал бойын әсем, сымбатты.

Даниал

Ой жіберсең бәріне,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер ,
Пәннің жақсы бірі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Жанар апайға мың рахмет
Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден !
Бастауыш : Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін
Сіздерге арнап айтатын тілегін де - дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз !
Сөз кезегі ұстаздарда.
Бастауыш: Олай болса шәкірттерінің ұстаздарына арналған «Алғашқы мұғалім» әнін қабыл алыңыздар.
Бастауыш: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .
Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген.

Даниал :

Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың

Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
Мәпелеген баласын аман болсын анашым !
Бастауыш : Осындай ана туралы жыр жолдарынан кейін ата-аналарымызға сөз кезегін береміз.
Сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Бастауыш: Ата-аналарға арнап «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар.
Ерназар : Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Сабина : Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Рищат : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Даниал : Кітап қалам қолға алдық
Бір сыныпқа жиналдық.
Ажырамай арамыз
Болашаққа барамыз.

Ерназар : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз ,
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Сабина : Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік біз.

Даниал: Бастауышым - бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын

Хормен Ән «Бақытты балалық шақ»
Бастауыш : Олай болса сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегімізде алтын әріппен сақталады.
Бастауыш: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
Бастауышта алған білім, жырларым ,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.

Ән «Армандастар»

Хормен : Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз сіздерге !



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал