7


  • Учителю
  • Пайдалы қазба 3 сынып дүниетану

Пайдалы қазба 3 сынып дүниетану

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Пайдалы қазбалар және олардың түрлері»

Мақсаты:

а) білімділігі: Пайдалы қазбалар түрлері, қасиеттері мен пайдаланылатын салалары, өндіру жолдары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету;

ә) дамытушылығы: Оқушылардың танымдық белсенділігін,Қазақстан картасымен жұмыс істеу дамыту, оқушылардың тіл байлығын дамытып логикалық ойлауға,қорытынды жасай білуге үйрету;

б) тәрбиелілігі: Табиғатты аялауға, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу

</<font face="Times New Roman, serif">Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: талдау-жинақтау, топтау, сұрақ-жауап, талдау

Көрнекілігі: сызбалар, карточкалар, ҚР картасы, слайд

Психологиялық дайындық

Табиғат - біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

Оқушыларды үш топқа бөлу.

  • Өздеріңе ұнайтын тау жыныстарының бірін таңдап алыңдар.

1-топ: Саз

2-топ: Құм

3-топ: Құмсаз

Миға шабуыл

  • Адамдар үй құрылысына қандай материалдарды қолданады?

  • Цемент, кірпіш, бетон, құм

  • Жол құрылысына?

  • Ұсақ тас, асфальт, бетон

  • Көпір жасау үшін?

  • Бетон, темір

  • Адамдар үйді немен жылытады?

  • Ағаш, көмір, газ

  • Адамдар бұл материалдарды қайдан алады?

  • Табиғат

Үй жұмысын тексеру

Тығыз және бос тау жыныстары

Үй тапсырмасын қорыту

  • Тау жыныстары дегеніміз не?

(Жер қыртысын толтырып жатқан денелер)

  • Қандай тау жыныстары болады?

(қатты, сұйық, тығыз, бос, газтәріздес)

  • Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?

(гранит, мәрмәр, құмтас, таскөмір)

  • Бос тау жыныстарына нелер жатады?

(құм және саз)

  • Құмтас қалай пайда болады?

(құм түйіршіктерінің бірігіп қатуынан)

  • Құмтас қайда кездеседі?

(Қазақстанның барлық таулы аймақтарында)

  • Құмды неге пайдаланады?

(үй құрылысына, әйнек)

  • Сазды неге пайдаланады?

(түсті қарындаштар, ермексаз)

Жаңа сабақ

Пайдалы қазбалар және олардың түрлері

Пайдалы қазба - шаруашылықта адамдар пайдаланатын тау жыныстары мен минералдар



Дәптерге күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазып аламыз

Оқулықпен жұмыс

"Ойлан, жұптас, бөліс" әдісі

Үш топқа мәтінді бөліп беру. Әр топ өз бөлімдерін: 1-ші 2 минут оқиды мәтінді, 2-ші жұптасып бір -біріне түсіндіреді, 3-ші топтағы адамдармен бөліседі. Содан кейін әр топтан бір оқушы бөлім бойынша мазмұнын

айтады.

Сергіту сәті

Ойлан, еске түсір

Заттар қандай қазбадан жасалған?

Газ сауыты, газ плитасы, машина резинасы, керасин шамы, канистр.

Саз балшықтан жасалған құмыра, түрлі-түсті бояу, ермексаз, тақта боры, құмсағат.

Ұшақ, қасық, шанышқы, пышақ, темір аяқ, велосипед.

Картамен жұмыс

Шартты белгілермен таныстыру.

Картадан Шартты белгілер арқылы өндірілетін қалаларды оқушылар табады.

Таскөмір - Қарағанды, Екібастұз.

Мұнай - Маңғыстау облысында және Ақсай (Қарашығанақ, Теңіз)

Табиғи газ - Маңғыстау облысында және Ақсай (Қарашығанақ, Теңіз)

Мыс - Жезқазғанда, Қоңыратта

Алюминий - Арқалықта

Әктас - Ақтауда

Мәрмәр- Қазақстанның орталығында және оңтүстігінде

Гранит - Жамбыл облысы.



Семантикалық картамен жұмыс

«Ыстық орындық» ойыны

Шарты: 1-2 оқушы орындыққа отырады, отырған оқушыға басқалары тақырып бойынша сұрақтар қояды.

Сабақты қорытындылау:

Пайдалы қазбалар мен оның қасиеттерін бағыттық сызықтар арқылы қос .



Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал