- Учителю
- Сабақ Әдептілік-әдемілік (1 сынып)
Сабақ Әдептілік-әдемілік (1 сынып)
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: № 19 орта мектеп Мерзімі:13.11.2015 №10сабақ
Тақырып: Әдептілік-әдемілік
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: әдептілік, сыпайылық, ізеттілік
Мұғалім: Нурлыбаева С.Ж Сыныптар: 1 «Б», «Д»
Мақсаты:«Әдептілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі
мәнін ашу.
Міндеттері:
- әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру
- сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту
- ізетілікке, сыпайлылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу
Ресурстар: Өзін-өзі тану 1 сынып оқулығы
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
2.Тыныштық сәті: (Релакс.) «Нұрға бөлену» (3 мин)
Тыныштық сәті: Оқушыларды жақсы көңілмен бір сәт тынықтырып алу үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады. Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.Көздерін жұмып, ауаны терең жұтып еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілікиесі аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастаған елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршамызға көмектеседі. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша 2 минут отырады.
Музыка
3. Дәйек сөз (цитата) (2 мин)
Кешірім - ізгіліктің белгісі
Халық даналығы
Музыка
4. Әңгімелесу (беседа) (20 мин)
Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірімшіл болады.
Кешіре білу адамның өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.
Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достық берік болады.
Суреттерде берілген жағдаяттарды сахналап көрсетіңдер және талдаңдар.
¯ Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті...
¯ Арсен мен Мәулен дүкеннің қабырғасына сурет салып ойнады. Арсен болса, қашып кетті...
¯ Дәулет сабаққа кешігіп қалды...
¯ Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті...
Музыка
5. Шығармашылық жұмыс .(15 мин)
Автобуста
Автобус тоқтайтын аялдамаға келдік.
Көп ұзамай көк автобус келіп тоқтай қалды. Екі есігі бірден ашылды. Адам да көп. Бірі мінсе, бірі түсіп жатты. Алдыңғы есіктен апам екеуіміз ішке кірдік.
- Мұнда отырыңыз, - деп, менен үлкендеу екі бала анама орын ұсынды.
- Рақмет, балалар, - деді анам отырып жатып.
- Апа, рақметті не үшін айттыңыз?
- Кішіпейілділігі үшін. Сен де солардай бол. Үлкенді сыйла. Сонда үлкендер саған рақмет айтатын болады
Кешірім жасау:
1) татуласуға бірінші қадам жасау;
2) кішіпейіл болу;
3) қателікті мойындау;
4) өзара түсінісу;
5) ренішті ұмыта білу.
Видеомәтін
6. Топпе ән айту (10 мин)
Күн күледі
Сөзі: Қ. Толыбаевтікі
Әні: И. Нүсіпбаевтікі
Қызғалдақтар қырда тұнып,
Жайқалады ырғатылып.
Анамыздай мейірлі Күн
Аймалайды шыңда тұрып.
Қайырмасы:
Ала таңнан оянамыз,
Күнмен бірге қуанып.
Біз ауылға ораламыз,
Құшақ-құшақ гүл алып.
Жалбыр шашы - гүл жібегі,
Жайнаң қағып Күн күледі.
Кешке дейін бізбен бірге,
Күлім қағып бір жүреді.
</ Қайырмасы.
Алау оты шоқтай жайнап,
Бетімізден өбеді.
Музыка
7. Үй тапсырмасы. (1 мин)
«Әтеш, лақ және күщік» әңгімесін оқып келу
Соңғы тыныштық.
Баяу музыка әуенімен рухани байлыққа байланысты бір - бірлеріне жылы сөздерді айту
Релаксацияға арналған әуен