- Учителю
- Әдебиеттік оқу.Ашық сабақ. Тасбақаның шөбі
Әдебиеттік оқу.Ашық сабақ. Тасбақаның шөбі
Cабақтың тақырыбы:Әбіш Кекілбаев. «Тасбақаның шөбі»
Сабақтың мақсаты:1)Оқушыларға Әбіш Кекілбаевтың
өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беріп,
«Тасбақаның шөбі» әңгімесімен таныстыру.
2)Оқушылардың ой-өрісін,әдеби тілде сөйлеу
мәдениетін дамыту.
3)Оқушыларды қоршаған ортаны аялауға
шақыру,жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: 1.Мәтін мазмұнымен танысады.
2.Бірлесіп жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
3.Өздері білетін мәліметтермен бөлісіп үйренеді.
Сабақтың көрнекілігі: слайд,тасбақа, жан-жануарлардың суреті,кестелер.
І.Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Мектептен білімді боп қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Сәтті күн болсын!
Балалар сабағымыз сәтті болуы үшін өзіміз құрған «Алтын ережеге» бағынып,есте сақтайық.
Топқа бөлу. «Наурыз,Сәуір,Мамыр» көктем айларымен топқа бөлу.
Бағалау критериімен бағаланатындарын ескерту.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
1-топ. С.Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңін жатқа сұрау.
2-топ.М.Дулатовтың «Наурыз» өлеңімен салыстыру. Кесте.3-топ.С.Сейфуллиннің өмірі туралы ізденіп,реферат жазып келгендерін оқыту.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем.
-Ендеше көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Күн жылынады.Қар ериді.Ағаштар бүршік жарады.Құстар туған жерге оралады.Жан-жануар ұйқысынан оянып,тіршіліктерін жалғастырады.
- Ендеше көктем келгенше жануарлар қысты қалай өткізетінін білесіңдер ме?
Қысты ұйқымен өткізетін Қыста жемін аулап,жорыққа
жануарлар: шығатын жануарлар:
Кірпі қасқыр,қоян, түлкі,бұғы
Тиін,борсық,
Аю,тасбақа
«Миға шабуыл»
Жұмбақ шешеді:
Бауырын жазып шаба алмас,
Озып бәйге ала алмас.
Үстіне киген киімі
Жыртылмас та, жамалмас.
Шешуі: тасбақа
ІV.Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақтан не білгілерің келеді?
Мақсат қою. Оқушылар бүгінгі сабақтан не білгілері келетінін сұрақ,ұсыныс түрінде стикерге жазады,себетке жапсырады.
-
Автор өмірінен мағлұмат беріледі.
Әбіш Кекілбай 1939 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келді. Қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері. 70 жылдық мерей тойында Елбасымыз өз қолымен «Еңбек ері» жұлдызын кеудесіне тақты. 2015 жылы 77 жасында өмірден өтті.Тұңғыш өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» деп аталады. «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары» т.б.роман, повестері бар.
2-сыныпта- «Күйші»;
3-сыныпта- «Ауыл таңы»
4-сыныпта- «Тасбақаның шөбі»әңгімесімен танысқалы отырмыз 2.Тасбақаның тіршілігі жайлы бейнежазба көрсету.
Тасбақалар - бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі.Тасбақалар барлық құрлықтарда (тек Антарактидада кездеспейді) кездеседі.Тасбақалар ыстық шөлді жерлерде,ормандар,тау беткейлерінде,өзен,көл,елді мекен маңын теңіз жағалауларын,мұхиттарды мекендейді.Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті -мүйізді сауытпен қапталған.Құрлық тасбақалары өсімдіктермен,тұщы су тасбақалары қосмекенділермен,омыртқасыз жануарлармен қоректенеді.Жұмыртқа арқылы көбейеді.Жұмыртқасын құмға көміп кетеді. Олар орташа есеппен алғанда 200 жылдан астам өмір сүреді.Көптеген адамдар тасбақалардың ұзақ жасауы олардың жай қозғалуына тәуелді деп ойлайды.Ал шындап келгенде ұзақ жасауының құпиясы ішкі ағзаларына байланысты болып отыр.Тасбақалардың ішкі ағзалары қартайған шағында да жастық шақ кезіндегідей жұмыс жасайды екен.Жер бетінде ұзақ тіршілік иесі болғанымен ,олардың жаулары көп.Мысалы,теңіз тасбақалары жұмыртқаны жарып енді теңіз бойына жол алған сәтте шағалалар мен басқа құстароларды азық қылады.Кейбір жыртқыш құстар оларды тырнақ астына алып биікке ұшып,қатты шың-құздарға тастайды.Онымен қоймай тасбақалар аштықтан өледі.Себебі азығын тауып жеу қиынға соғады.
Тағы да бір жайт,ертеректе алып тасбақалар кездескен екені мәлім.Ондай алыптарының сауытын ежелгі Үнді жерінде соғыста қалқан ретінде пайдаланған да көрінеді.
Тасбақаның өзге тіршілік иелерінен ерекшелігі-ұзақ уақыт қоректенбей ,су ішпей жүре алатындығында.Арқасындағы мықты сауытындағы температуралық толқулардан сақтайды.Қыстың қатты аязы мен боранында не жаздың аптапты ыстығында олар тіршілік етуді тоқтатады.Яғни мұндай сәттерде тасбақалар терең ұйқыға кетеді.
Міне балалар, тасбақа қыста ұйықтайды, сендер дұрыс (немесе
дұрыс емес) топтап жазған екенсіңдер.
3.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып беремін,мазмұнын түсіндіремін.
4.Оқушыларға абзац бойынша оқыту.
5.Сөздікпен жұмыс:
Көсік - далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы
өсімдік
Кібіртік - тоқтап, сүрініп жүреді.
Мимырт - жай жүреді, шабан жүріс.
Қара жал қақырай сөгіліпті - жердің жарылуы, жарық -жарық болып бөлініп қалуы.
6. «Сергіту сәті»
Балалар бүгінгі көктемнің күні шуақты,көтеріңкі көңіл -күй сыйласын. «Көңілді күн» әніне қимылдар жасайық.
7.Сұрақ - жауап алу .
-Жазушы «кісі мінсе кібіртік,бос жіберсең суаяқ құла» деп нені айтып отыр?
-Қарабала келе жатып не көрді?
-Оның есіне халықтың қандай ырымы түсті?
-Өзің тасбақа аузына шөп тістеп алған кезін көрдің бе?
8. Топпен жұмыс.
1-топ: «Әлі бауыр көтере қоймаған қу жусан» дегенді басқа сөйлеммен ауыстырып жаз.
Киелі тасбақа ... ... арасына қарай тырмыса жорғалап барады.
2-топ: «Шыбын жаны көзіне көрініп»деген сөз тіркесін басқа сөзбен алмастырып жазу.
Қарабала ... ... азапқа түскен бейшараны етбетінен аударып салайын деп,шыбыртқысын созып еңкейе берді.
3-топ: Тасбақаның жер астынан тістеп шыққан шөбі туралы ырым
туралы оқулықтан тауып жазу.
Тасбақаның жазғытұрым жер астынан тістеп шыққан шөбін алған адамның
қай қалауы да орындалады дейтін әңгіме ойына оралып, атынан түсті.
V.Жаңа сабақты бекіту.
9. Сен білесің бе?
Тасбақаның дауылы дегенді естулерің бар ма?
Тасбақаның дауылы-құмды жерлерде байқалатын көктемгі құбылыс.Бұл сәуір айының үшінші онкүндігінде болатын екілене соққан жел.Халық сенімі бойынша тасбақа аузына бір шөкім шөпті тістеп,ініне кіріп,ұйқыға кетеді -міс.Соны ұйықтап жатқанда талғажау қылады-мыс.Көктем келіп ,барлық тіршілік иесі жанданып жатқанда тасбақа да ұйқысынан оянады.
Ұзақ ұйқыдан тұла бойы ұйып,әлсіреп қалған тасбақа үстіндегі топырақты сілкіп түсіруге шамасы келмейді.Табиғат-ана оған көмектесу үшін дауыл тұрғызады-мыс. Егер тасбақаның үстіне жабысқан ылғалды топырақ көп болса, ылғал мол жыл болады деп қуанады.Ал сол кезде оның аузына тістеген шөбін алған адамның бар арманы орындалады деп ырымдаған.Жергілікті халық сондықтан жолы болғыш адамды «тасбақаның шөбі бар адам» деп те атайды.
Қазақ халқы ырым сөздерге сенім артып, жақсы нәрселерді үнемі
ырымдап отырған. Ендеше өзіміз білетін ырымдарды кестеге түсіріп
көрейік.
Аққуды атуға, оған құс салуға болмайды.
Қарлығаш жер бауырлай ұшса, көп өтпей жаңбыр жауады.
Құмырсқаның илеуін бассаң, аяғың ақсақ болып қалады.
Ат жер тарпыса жолға шығады.
Ит көкке қарап ұлыса, жамандық болады.
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме
Өз алдыңа келеді
Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Ырысың,несібең қашады
Табалдырықты баспа, отыр ма.
Бойың өспей қалады
Шашыңды жайма, бетіңді баспа.
Қайғы қасірет әкеледі
Өтірік жылама, тізеңді құшақтама.
Жаман болады
Үйге қарай жүгірме,
Шайтан ереді.
Қосымша:
10.Бес жолды өлең құрастыру.
а)Тасбақа
Мықты, киелі
тарбаңдайды, жорғалайды, жүреді
Тасбақаның тістеп шыққан шөбі бар.
Жануар,тірі табиғат.
Ә)Қарабала
Қағылез, тапқыр
Сезеді, көреді, байқайды.
Шөп арасынан тасбақа көрді.
Бала,адам.
Б)көктем
Жаңбырлы,шуақты,
Жылынады,жауады,
Көктем келді.
Жыл мезгілі.
Топтың атына байланысты көктем айларында болатын құбылыстар мен мерекелерді атау.
Наурыз тобы:
22- наурызда күн мен түн теңеледі,8 наурыз,22 наурыз мерекелерін тойлаймыз.
Сәуір тобы-:
«Сәуір болмай,тәуір болмайды» деген халық арасында сөз бар.Сәуірдің үшінші онкүндігінде «Тасбақа дауылы » тұрады.12-сәуір «Ғарышкерлер күні» мерекесін тойлаймыз.
Мамыр тобы:
Мамыр айында болатын суық желді халық «Құралай желі» деп атайды.Бұл киіктің баласының анасына ілесіп,орнынан тұрып кеткенде болатын табиғат құбылысы.1-мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі күні»,7-мамыр «Отан қорғаушылар» күні,9-мамыр «Жеңіс күні» мерекелерін тойлаймыз.
11.Кері байланыс.
Себетке ілген сұрақтарыңа сабақ кезінде жауап тапсаңдар себеттен алыңдар,жауап таппасаңдар,түсінбеген болсаңдар себетте қалдыруларыңа болады.
VІ.Бағалау .
Бағалау критерийі:
Үй тапсырмасын орындауы,
Мәнерлеп оқи білуі,
Сұраққа дұрыс жауап беруі,
Топтық жұмысты орындауы,екі жұлдыз,бір тілек айдары бойынша ұсыныс беруі.
Бес жолды өлең құрастыруы.
Әр топтан 3-4 оқушыдан өздері 4-5 немесе 3 ке жауап бергенін айтады.
VІ.Үйге тапсырма:
Егер мен аузына шөп тістеген тасбақаға кезіксем... әңгіме жазу. Мәтінді оқу,мазмұндау.
Наурыз
Наурыз
Наурыз
Наурыз
Сәуір
Сәуір
Сәуір
Сәуір
Мамыр
Мамыр
Мамыр
Мамыр
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин - 1894 жылы Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Ақадыр ауданындағы Қарашілік қыстауында дүниеге келген.
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.
1905 жылдан бастап 1908 жылға дейін Спасск мыс балқыту жанындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған, содан кейін Ақмола Ақмола үшсыныптық қалалық училищеде оқыды
1914 жылы Сәкен Омбыда «Бірлік» («Единство») қазақ жастарының тұңғыш мәдени және білім беру қоғамның көшбасшыларының бірі болды. 1914 жылы ол өзінің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағын жариялады.
1916 жылы ол қазақ халқының Амангелді Иманов бастаған көтеріліске арналған дастан «Толқулар» деген өлең жазды.
1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1939 жылы 28 ақпанда Алматы НКВДсының қабырғасында атылды.
Ол Сталин қайтыс болған кейін 1953 жылы ақталған.
-
С. Сейфуллин есімімен Қарағанды облысында С. Сейфуллин атындағы ауыл, Қарағандыда драма театр аталған, Омбы облысының көшелері, Астана және Алматы басты көшелерінің біріне Сәкеннің есімі берілген.
-
2005 жылы Сейфуллин арналған Қазақстан маркасын шығарылды.
-
С. Сейфуллин аты Астанадағы Қазақ агротехникалық университетке берілген.
Біздің қаламызда да С.Сейфуллин атындағы орта мектеп бар.Ол кісінің атында көше бар.
-
Марапаттаулары.Еңбек Қызыл Ту ордені</<font color="#252525"> (1936).
-
Есіме түскен сайын орта бойлы, толқынды қара шашты, өткір ойлы көзді, сымбатты, көрікті, түсі ақ пен қараның аралығындағы қоңырқай кісі көз алдыма келеді.
-
Қадала қарағанда сыртыңды түгіл, ішіңді көріп тұрғандай. Ал, оған қадалған көздер, әсіресе, әйел көздері оңай айырыла алмайтын. Сырты өте сұлу, кербез, тәкаппар, іші өте қарапайым, кішіпейіл еді.
-
Ғабиден Мұстафин
-
«Жырламасқа теңіздей,
-
Қуаныштың шегі жоқ.
-
Ардақталған өзіңдей,
-
Қазақта ақын тегі жоқ».
-
Ілияс Жансүгіров