7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. Отбасы мүшелері. Зат есім.

Сабақ жоспары. Отбасы мүшелері. Зат есім.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі

3-сынып

№ ___ күні__________

1-модуль. Мен және менің отбасым.

Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері.Зат есімнің тәуелдік жалғауы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру. Жаңа грамматикалық, лексикалық тақырыпты түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдылықтарын, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәртіптілікке, ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке топтық.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Мұғалім сөзі: Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы Отбасы мүшелері және зат есімнің тәуелдік жалғауы деп аталады.


Отбасы

« Отан - отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы - оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы - алғашқы қадам.Отбасы - өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.


Зат есімнің тәуелдік жалғауы

Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін . Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Мысалы: құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.


Жақ

Соңғы дыбыс

Дауысты

Дауыссыз

Жуан
буын

Жіңішке
буын

Жуан
буын

Жіңішке
буын

1. Ы жақ

-ым

-ім

2. ЫЫ жақ

-ың

-ің

3. ЫЫ жақ

-ңыз

-ңіз

-ыңыз

-іңіз

3. ЫЫЫ жақ

-сы

-сі

Оңаша тәуелдеудің үлгісі мынадай:


Жекеше

Көпше

менің

ата-м, қалам-ым

ата-лар-ым, қалам-дар-ым

сенің

ата-ң, қалам-ың

ата-лар-ың, қалам-дар-ың


1-тапсырма. Мәтіндіоқып, өзотбасынтуралыайт.

Меніңотбасым

Менің атым- Олжас. Мен тоғыз жастамын.Менің отбасым шағын. Алты адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, інім және мен. Інім бірінші сыныпта оқиды. Мен үшінші сыныпта оқимын.

2-тапсырма.Диалогті досыңмен оқы.

-Сенің атым кім?

-Менің атым- Ораз.

- Сенің әжен бар ма?

- Иә, менің әжем бар.

Сергіту сәтін орындау:

3-тапсырма. Сөйлеп үйрену.

Бұл менің кітабым.Бұл сенің добың.Бұл сенің гүлін.

4-тапсырма. Сызба бойынша сөйлеу.

Менің апам бар.

Менің атам бар.


5-тапсырма. Сөйлеп үйрен.

Менің атам. Сенің әжен. Оның әкесі.

ІV. Сабақты қорытындылау.

Өткен тақырыпты қайталау арқылы сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасын беру, түсіндіру. Оқушыларды бағалау. Сабақ соныңда оқушылармен қоштасу.

V.Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. 6-бет, ереже жаттау.

VІ.Бағалау.

VІІ.Рефлексия.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал