7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Ертегілер Сатқын жапалақ

Тақырыбы: Ертегілер Сатқын жапалақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

4.10.16ж.Сабақтың тақырыбы: Ертегілер: Сатқын жапалақ

Сабақтың мақсаты:а)Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа, нысапшылыққа тәрбиелеу; ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, іздену, әңгімелеу. Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі

Пайдаланылатын ресурстар: Суреттер, көрнекіліктер

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру Психологиялық дайындық

Қарлығаш боп ұшайық, Қане, қанат қағайық, Қарлығаш боп ұшайық, Ұшып - ұшып алайық.

II.Үй тапсырма «Батыр бала Бөген мен Шұбар аттың» мазмұнын сұрау, шұбар ат туралы суреттеу. «Ойлан, тап!» Шұбар ат әсірелеу І - топ аяғы Шекесі Сауыры ІІ - топ Ту сыртыҚұлағы Екі көз іІІІ - топ ТанауыБауыр етіомырауы

III. Балалар, халық ауыз әдебиет жанрларының түрлерін ата: Ертегілер, Төрт түлік туралы жырлар, Аңыздар, Өтірік өлең, Мысалдар, Жұмбақтар, Жаңылтпаштар, Мақал - мәтелдер, Шешендік сөздер. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі(оқушылар өз ойын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады): Ертегі дегеніміз не? Ертегілер - халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу - сызу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармаларының бір түрі.. Ертегілер көбінесе қара сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы ауызша шығарылып айтылатын көркем әңгіме деуге де болады.. Халық әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбек кәсібі, тұрмыс - тіршілігіне байланысты туған. Онда халықтың ой - арманы, әдет - ғұрпы, мұң - шері, арман - мұраты баяндалады. Ертегінің түрлерін ата? Халық ауыз әдебиетінің түрлерін атайды және ертегі туралы түсінік береді. және оның түрлерін атайды.Ертегілер: шыншыл ертегілер, қиял - ғажайып ертегілер, жануарлар туралы ертегі деп атайды. «Қызығушылығын ояту» Жұмбақ шешу: 1.,Қызығып әр адам Ұстап ап даладан Жүнінен жұлып ап Бесікке қадағанБұл қай құс? ( үкі) Туысы дейді құстардың Інісі дейді тышқанның Тышқан да емес, құс та емес Екеуінен тыс қалдым ( жапалақ) Сонда сабағымыз не туралы болуы мүмкін? Жапалақ немесе үкі «Қызықты мәліметтер» кезеңі Үкі - негізінен орманды мекендеп, жемін түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Жұптарын өмір бойы сақтайды. Дене мөлшеріне қарай 2 - 12 - ге дейін жұмыртқа басады. Қазақта үкінің қауырсыны пәле - жаладан сақтайды деген ұғым бар. Байғыз - жапалақ тәрізді. Орман байғызы, торғай тәрізді байғыз деген түрлері бар. Жартастағы үңгірлерге ұя жасап, төрт - алты ғана жұмыртқа салады. Салмағы 195 - 260 грамдай болады.Жапалақ қауырсындары қалың және қопсып тұрады. Сондықтан ұшқанда дыбыс шығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздеп табады. Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген. Жемсауы болмайды.

Талдау Оқып, талдау: Ертегінің мазмұнын ашып талдау. Оқушыларға оқулықты 3 топтан 3 оқушыны шығарып рольге бөліп оқыту. 3 топтан 3 оқушы оқулықты оқып танысады.Сызбаны толтыр: неден салынған

Сүлеймен патшаның сарайы Мәтіндегі құстарға мінездеме беру:

IY.Сергіту сәті Сергіту сәті. Ұшты - ұшты» ойыны.

Жинақтау «мен саған, сен маған» 1.Сүлеймен патша қандай бұйрық береді? 2.Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырады? 3.Құстарды қыру міндеті кімге жүктеледі? 4.Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық жасайды? 5.Ертегіде қандай құстардың аты аталады?6.Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктер сыналады? Бағалау.Маған сабақта ең қызықты болғаны....... Маған қызықсыз болғаны...... Маған ұнағаны......... Стикерге жазады. Y.Үйге: Ертегіні оқып келу .Көкжендеттің, Жапалақтың, Үкінің сөйлеген сөзіне ,әрекетіне қарап , үшеуіне мінездеме бер







20.10.16ж.Тақырыбы:Қауын мен қарбыз. Мақсаты:а) Жолтай Әлмашевтің «Қауын мен Қарбыз» ертегісін түсініп оқуға, ертегінің негізгі ойын табуға үйрету;ә) тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту;б) достықты құрметтеуге, ынтымақшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.Өзара бірін-бірі бағалауды үйрету.Әдіс тәсілдері: сыни ойлау, диалогтік әңгіме, бағалау, рефлексия

Көрнекілігі: маркер,плакат,суреттер,оқулық

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Күн мен сенен жылу аламын, Жүрегіме саламын. Досыма сыйлаймын, Сәттілік тілеймін.

II.Үй тапсырмасын тексеру: «Ормандағы оқиға» 1.Ертегінің авторы кім?2.Екі ағаштың бір-бірімен ренжісуіне не себеп болды?3.Қайың мен Қараағаштың ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті.?4.Қараағаштың қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетті? III. Жаңа сабақ: Қауын мен қарбыз. Жұмбақ шешейік: Іші жұмсақ, сырты қатты, Домаланған ала бас Етті-секер, сүті-тәтті. Қарбыз Дәмді шырын даяр ас Қауын Топтастыру әдісі: Сурет бойынша жаңа сабақты түсіндіру. Оқулықпен жұмыс.Оқушыларды рөлге бөліп оқыту. Мәтін астындағы сұраққа жауап беру. Жоспар құру. 1.Қауын мен қарбыздың достығы.2.Қауын мен Қарбыздың шешімі. 3.Атайдың Қауынды тауып алуы.4.Қарбыздың мұңы,жалғызсырауы. 5.Баланың Қарбызды тауып алуы.6.Атаның дәндерді егуі. 7.Көпті корген ата. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы. -Балалар олай болса мен сендерге Қарбыз бен Қауын туралы қысқаша мәлімет алайық. Қауын-қауынның ең алғаш пайда болған мекенін дәл басып айту қиын.Дегенмен,қауынның отаны-Египет деп тұжырым жасаған.Жер бетіндегі мемлекеттер Қауындар Египеттен тараған дейді.Ал «Арабтар»ортағасырларда қауынды Жерге түскен «Жұмақтың жемісі»ретінде таныған.Қауын көбінесе Италияндардың сүйікті тағамдары болған.Тарихшылардың айтуынша Рим Императоры Клавдий Альбин таңғы асқа 10 қауынды бірден жеген екенюҚауынның құрамында қант,А,Р,С дәрумендері глюкоза бар.Қауын жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады. Қарбыз - қарбыздың отаны - Африка.дәлірек айтсақ Оңтүстік Африка саналадыюҚарбыздың сол Африкадан бүкіл әлемнің түкпір-түкпіріне таралған.Қарбыздың Қытайдағы мәртебесі өте жоғары.Себебі,күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «Қарбыз мерекесін» атап өтеді екен.Қарбыздың құрамында фруктоза,В1,В2,С дәрумендері,азотты заттар бар. IV.Сергіту сәті:Ой толғау: Топтық тапсырмалар: 10 мин

1-Топ: қиын сөздерді тап; 2- Топ: «Дән қауынның жүрегі, осы өлмесе, ол мәңгі жасайды» дегенді қалай түсінесіңдер? 3-Топ:ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады?

V.Қорытынды: 1.Ертегіні кім жазған? Ж.Әлмашев 2.Ертегіде неше кейіпкер бар? Қауын,қарбыз,ата,бала,автор. 3.Қауын кіммен кездесті? Баламен,атамен. 4.Не үшін кездесті? Ен далада өлмеу үшін. 5.Қауынның шыққан мекені? Египет. 6.Достық туралы мақал мәтел айт. Бес жолды өлең: Ой толғаныс 1.Не? Қарбыз Қауын 2. Қандай? Тәтті,дәмді Пайдалы,шырынды 3.Не істейді? Өседі,өнеді,щіриді Көбейеді,піседі 4.Сөйлем Біз бақшада қарбыз жинадық Қауын шөлді басады 5.Синоним Көкөніс Көкөніс Рефлексия : - Бүгінгі сабақ соңында қандай сезімде болдым?

VI .Үй тапсырмасын беру: 1- топ: «Егер мен қарбыз болсам...» аяқтау.

2-топ: Ертегі бойынша сурет сал.

3- топ: Ертегіні сахналау

VII.Бағалау .Үйге:оқып, мазмұнын айту.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал