7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку на тему Спортзалда

Открытый урок по казахскому языку на тему Спортзалда

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№20 орта мектеп-лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы























Ашық сабақ

Тақырыбы: Спортзалда.

Жіктік жалғауы.





Өткізген: Нурманова Т.Б.

































Ақтөбе қаласы

2015 жыл

Сабақтың тақырыбы: Спортзалда



Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, өз ойларын жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларға тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушылардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру, дені сау азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қорытынды сабақ

Сабақтың түрі: тіл дамыту

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ізденіс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі қағаздар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар біз бүгін «Спортзалда» тақырыбын қорытындылаймыз. Ендеше бүгінгі сабағымыз спортзалға байланысты болғандықтан спорт жарыстарын өткізу арқылы түрлі тапсырмалар орындаймыз. Спорт жарысы мынай спорт түрлерінен өтеді.

Жылдамдыққа жүгіру.

Ұзындыққа секіру.

Баяу жүгіру.

Ауыр атлетика.

Күрес.

Жарысымызды бастамас бұрын екі топқа бөлінейік. Доптарды таңдау арқылы бөлу (волейбол және футбол доптары)

ІІ. Жарысты бастау.

1. Алғашқы жарысымыз үй тапсырмасына байланысты болады. Ол «Жылдамдыққа жүгіру»деп аталады. Бұл жарыста 2 оқушы тақырып бойынша тақтаға 10 сөзді қатесіз жазады және оқиды, топтағы балалар аударады. Әр топтан 1 оқушы фонетикалық талдау жасайды.

2. Ұзындыққа секіру. Мына сөздерді қолдана отырып ең ұзын сөйлемді құрастыру қажет.

Бүгін, дене тәрбиесі, сабағында, доппен, жаттығу, ойнадық, жасадық, біз, секірдік, қазақ тілі, соң, сабағынан, секіртпемен.

3. Баяу жүгіру. Сызбаны пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар.





















4. Ауыр атлетика. Мәтінмен жұмыс.

Абылай деген бала сендерге хат жазып жіберіпті. Хаттың мәтінімен таныстырайын.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Менің атым - Абылай. Бос уақытта спортпен айналысамын. Қыста шаңғы, коньки тебемін. Жазда футбол, волейбол ойнаймын. Мен спорт үйірмесінде жүгіремін, секіремін, жаттығамын. Қыста Алматы қаласында шаңғымен сырғанаудан жарысқа қатыстым. Онда екінші орын алдым. Мен болашақта Қазақстан намысын қорғаймын. Достым, сенің де спортпен айналысқаның дұрыс.

Деңгейлік тапсырмалар

ІІІ деңгей. Берілген сөз тіркестерінің аудармасын сәйкестендір.

бос уақытта я бегаю

спортпен айналысамын в свободное время

волейбол ойнаймын занимаюсь спортом

жарысқа қатыстым занял место

намысын қорғаймын играю волейбол

орын алдым участвовал в соревновании

мен жүгіремін защищаю честь



ІІ деңгей. Мәтінді оқып, аудар.

І деңгей. ІІ, ІІІ жақта оқып беріңдер.





5. Сергіту сәті.



6. Күрес. «Спортзалда» тақырыбына шағын диалог құру.



ІІІ. Қорытындылау. Топтастыру.

















IV. Үйге тапсырма: «Дене тәрбиесі сабағында» шағын мәтін құрау.



Рефлексия:

Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Бүгінгі сабақта қандай қиындықтар болды?











Семантикалық карта (жіктік жалғауы)

сөздер

І жақ

ІІ жақ

ІІ жақ сыпайы түрі

ІІІ жақ

Соқтым









алдың









лақтырдың









бердіңіз









қойды









ұстадым









Ойнады









жүгірдіңіз

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал