7


  • Учителю
  • Математика 'Есеп. Барлығы нешеу' 2-сынып

Математика 'Есеп. Барлығы нешеу' 2-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Есеп.Барлығы нешеу?

Білімділік мақсаты: 1.Өткен сабақтар бойынша ,яғни,сандар ұғымы ,геометриялық фигуралар,

өрнек теңдік,теңсіздік ұғымдарын тиянақтай отырып, есеп туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Есеп құрамымен және шығару жолдарымен таныстыру.

Дамытушылығы:Есепті ойланып дұрыс шығару жолдарын түсіндіру. Есептеу дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа,еңбекқорлыққа ,сыйластыққа тәрбиелеу. Білімді азамат болып қалыптасуға жетелеу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі-дамытушы сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:,Компьютерлік құрылғы, есеп туралы плакат ,оқушыларды бағалау мақсатында қолданылатын дөңгелекшелер,тосын сый,сергіту сәтіне арналған музыка.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық:

Мақсатымыз -білім алу

Міндетіміз-еңбектену

Еңбек етіп жұмыла,

«5»-ке қолды жеткізу.

«Оқуға,жазуға әзірміз!»апталығын еске салу

Бағалау тәсілін түсіндіру

(түрлі-түсті фишкалармен бағалау)

ІІІ. Өткенді пысықтау.(Балалардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтау)

«Сандар мен цифрлар әлемі»

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10- бұл сандар қатары

1.1-9 дейінгі қандай сандар?(Натурал сандар)

2.0-9 дейінгі сандар қандай сандар?(Бір таңбалы сандар)

3.10-саны қандай сан?(екі таңбалы сан)

4.Сан не үшін қажет?(Заттарды санау,шамаларды өлшеу үшін)

5. Санды немен белгілейміз? (Цифрмен)

6.Біз қандай цифрларды қолданамыз?(араб)

7.Тағы қандай цифр түрлерін білесің (рим)

8. 10-ға дейін тура және кері сана.

9. 20-ға дейін тура және кері сана.

10.Жұп сандарды ата.

11. Тақ сандарды ата.

12.Санның көршілерін ата.

13.4 саны неше бірліктен тұрады?

14.Кез-келген санға 0 санын қосқанда

15. Кез-келген санға 1 санын қосқанда

16.2 санын қалай қосуға болады?


«Геометриялық фигуралар әлемі»

(Суреттер көрсету арқылы геометриялық фигураларды атау)

- Күн қандай фигура?( дөңгелек)
- Күннің сәулесі яғни шапағы ( ұшбұрыш )
- Бұлттардың бейнесі қандай сызық? ( Тұйықталған)
- Жихаздың есігі қандай фигура? (Тік төртбұрыш)

-Тұтқасы(нүкте)
- Жол қандай сызық? (Түзу)
-Үйдің шатыры қандай фигура? ( ұшбұрыш )

-Үйдің өзі (тіктөртбұрыш)

-Теледидар(Шаршы)

Біз танысқан қандай фигура қалды?(кесінді,сәуле)

-Сәуле дегеніміз не?(Бір жағы тұйықталған сызық)

-Кесінді дегеніміз не? (Екі жағы тұйықталған сызық)

-Бұрыштарды атау.(Тік бұрыш,сүйір бұрыш,доғал бұрыш,жазық бұрыш)


«Өрнектер әлемі»

3+1 4-1 а+4

1. Қосудың компоненттерін ата.

2. Азайтудың компоненттерін ата.

3. Қосуды немен тексереміз?

4.Азайтуды немен тексереміз?

5.Қосу амалының қасиетін айт. (ауыстырымдылық қасиеті)

6.Қосу амалы азайту амалына қандай амал?


«Ойлан, тап»

(қызықты математика,логика сабақтарынан алған бімдерін пысықтау)

1.Қанатта 3 мәшина болды. Әжесі тағы 2 машина сыйлады. Қанатта енді неше машина

болды?

2. Балаларда барлығы 7 шоколад болды. Оның 4-еуі Арайда,Берікте қанша шоколад бар?

3.Үстелдің үстінде бірнеше алма жатты. 2 алманы алған соң онда 4 алма қалды. Алғашқысында

қанша алма жатты?


ІV.Жаңа сабақ:

1.Есеп туралы плакатпен жұмыс .

Күнделікті өмірде есеп өте қажет.Есептің алдымен берілісін түсініп оқимыз.Одан кейін есеп не туралы екенін білеміз.Есептің шартын құрамыз.Сұрағын қоямыз.Шешуін табамыз.Жауабын жазамыз.

2.Оқулықпен жұмыс

а)1-тапсырма.Есептің берілісін оқу.

Дана шыршаға 3 жасыл шар, ал Сара 2 сары шар ілді. Олар барлығы неше шар ілді?

ә) Есеп не туралы?

Жаңа жыл туралы түсініктерін байқау.Жаңа жыл мерекесіне қандай көңіл-күймен барамыз?

ІV.Сергіту сәті («Көңілді күн»әніне)

Шырша туралы түсінік.

Шырша - қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. болғанымен, 6-12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп, жаңарып отырады. Шыршаны ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, , маңына көптеп еккен дұрыс.

Шарты: Дана шыршаға 3 жасыл шар, ал Сара 2 сары шар ілді.

Сұрағы: Барлығы неше шар ілді?

Шешуі: 3+2=5

Жауабы: Барлығы 5 шар.

V.Дәптермен жұмыс

(Сыйлық туралы)

Ү. Білімдерін бекіту.

2-тапсырма. 3<2 Теңсіздік тура жазылған ба? Тура теңсіздіктер жаз.

3-тапсырма 3=2 теңдік тура жазылған ба? Тура теңдіктер жаз.

Тапсырмаларды орындаған балаларға қосымша тапсырма беру.

(Қима қағаздарға санның құрамын жазу)

5-тің құрамын жазу

6-ның құрамын жазу

7-нің құрамын жазу

4-тапсырма. Тиісті санды орнына қою: 3+2 5-2 2+3 5-3

4+2 6-... 2+... 6-...

ҮІ.Бағалау.мадақтау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау.

Сыйлықты ашу.

Алда келе жатқан мерекелерімен құттықтап «Мереке»күйін тыңдау.

5





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал