- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Сабақтың мақсаты;1)Білімділік:Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру,ертегі түрлеріне тоқталу."Қарлығаштың құйрығы неге айыр?"ертегісінің негізгі идеясын ашу;2)Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,сөздік қорын молайту; 3)Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,бауырмалдыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Аралас сабақ.
Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әлісі:Таратпамен жұмыс,өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,сурет,ән, еңбек.
Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар,ТСО,сызба кестелер,сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңбері» Оқушылар бір шеңбер бойында емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп,үлкен достық шеңберінің бір мүшесі ретінде әрқайсысы өзіне сенім артып,өзгелердің де сеніміне енеді.
2.Үй тапсырмасына шолу. Құмырсқаның қанағаты.(Ел аузынан.) Сыныпты үш топқа бөлу. 1-топ-сахналап көрсету. 2-топ-«еңбекқор құмырсқа»,«қораптағы құмырсқа»- мағынасын ашу. 3-топ-сұрақ жауап(таратпа материалдармен жұмыс): -Оқымысты құмырсқаны неге,қалай сынады? Құмырсқаның ақылы , қайраты,қанағаты барын қайдан білдің?Құмырсқаның қасында дән жатқанда ашығу себебі не деп ойлайсың? -Балалар,құмырсқаға байланысты қандай мысалдар оқыдық? -Крылов; Құмырсқа мен Шегіртке. Өткен тақырыпты кластер арқылы пысықтау,бекіту.
....ақылды
Құмырсқа. ....қажырлы
....еңбекқор
....ынтымақшыл
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Құмырсқа -бунақденелілерге жататын жәндік .
Пайдасы;дәрілік қасиеті,тазалықшы.
Халық болжамы;құмырсқаның илеуіне қарап, бағыт-бағдарды айыру,ауа-райын болжау.
3.Жаңа сабақ. Кіріспе.
-Ал балалар,сонымен құмырсқа қандай класқа жатады?(Бунақденелер)
- Өздерің дүниетану сабағынан тағы қандай кластарды атар едіңдер? Сүтқоректілер,бауырымен жорғалаушылар,құстар класы . - Ал қандай құстарды білесіңдер? (Қаршыға,қарға,бүркіт,қарлығаш.) -Қарлығаштың басқа құстардан айырмашылығы қандай?
Адамның досы, қайырымды, оның аты қарлығаш
деп аталады.
Сергіту сәті:Қарлығашқа ұқсайық,
Қанат жайып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық
Ұшып алып қонайық.
- Ендеше , бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы . (Қарлығаштың құйрығы неге айыр.) ертегісі.
Ертегілер түрлеріне тоқталу.
1.Қиял-ғажайып ертегілер;
2.Шыншыл ертегілер;
3.Жан-жануарлар ертегісі.
Дәптермен жұмыс. Күнді,тақырыпты жазу.
Жаңа сөз.
Дерт-ауру,сырқат.
Не қилы-әр түрлі. Сабақ түсіндіру.Алған әсерлерін,түсінгендерін айтқызу. -Осы ертегіден алған әсерлерің қандай? Оқулықпен жұмыс.Мұғалімнің оқуы.Іштей оқуы. Тізбектей оқуы.Мәтіннен Айдаһар,Масаның зұлымдығын тауып оқу.
Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру.
Кейіпкерлердің суретін салу.
Әңгімелесу:Маса ,Құмырсқа ,Айдаһар үшеуінің алысу көрінісін қара сөзбен ,өз түсініктері бойынша әңгімелеу. Сұрақ -жауап: -Айдаһар қанды неге іше алмады? -Қарлығаштың құйрығы неге айыр болды? -Адам қарлығашты неге жақсы көреді?
....нәзік
....талдырмаш
Қарлығаш ....әулие
....киелі
Қарлығаш әулие.
Шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салып еді.Ол жер бетін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап, адам баласын жылан шақпақ болғанда қызғыштай қорғаған құс еді.Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып-сарнатып кете алмадым.
Төле би.
Ой қорыту:
Қарлығаш әулие әңгімесіндегі Төле бидің шешендік, тапқырлық ойы мен сабақты қорыту.
Міне балалар Төле бидің бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын, шын әулие деп атаған.Қарлығашты да әулиеге теңеген.
«Жүректен- жүрекке»
Сабақ соңында қолданылатын оқушылардың бір- бірімен пікір алмасуы, бір- біріне жақсы тілектер айтылуы.Немесе ән, өлеңдерді бірігіп орындау арқылы бүкіл сынып ұжымының көңіл- күйін көтере отырып, өтілген сабақ мазмұнын меңгергенін анықтау. Бағалау.
Үйге тапсырма.
I- Мақал-мәтел жазып келу.
II- Тақпақ жазып келу.
III- Жұмбақ құрастыру.