- Учителю
- Ашық сабақ 'Реттік санау. Нешінші?'
Ашық сабақ 'Реттік санау. Нешінші?'
Сабақтың тақырыбы: Реттік санау. Нешінші?
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды реттік қатынастармен таныстыру.
2. Ұқыптылыққа баулу, адамгершілік тәрбие беру.
3.Санның реттік мәнімен таныстыру. Нәрселердің қандай ретпен саналғанын анықтауға болатынын көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, таяқшалар, плакат, дидактикалық материалдар.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Бұрын-кейін математикалық терминінің уақыт аралық мәнін мағынасын айту.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Балаларды қатарға тұрғызып, 1-ші болып келе жатқан кім?2-ші болып келе жатқан кім? Одан кейінгі кім?3-ші, 4-ші кім? Барлығы қанша бала?
Оқулықпен жұмыс:
2-тапсырма бойынша
-
«Өрт қай қабаттан шықты?
-
Қай машина алда келді?
-
Реті бойынша велоипедші нешінші келеді?
3-тапсырма бойынша «Ит, қораз, тасбақа» қай қабаттарда тұратынын айтып, көрсету. Бос торкөздерді толтыру.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Допты алды қолына,
Допты қойды жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Допты тау деп ойлады.
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма өткен материалды бекіту мақсатында орындалады.
2-тапсырма заттардың екі тобын салыстыруға арналған.
3-тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту.
1. Санауға жаттығу.
2. Қанша? нешінші? деген сұрақтарды салыстыру.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен реттік қатынас туралы білдік.