- Учителю
- Урок по математике на тему 'Есептің мәнді белгісі' (1 сынып)
Урок по математике на тему 'Есептің мәнді белгісі' (1 сынып)
Пәні: Математика
Сыныбы: «1»
Сабақтың тақырыбы: Есептің мәнді белгісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бірнеше бірлікке артық және кем санды табуға
арналған есеп жайлы оқушылардың білімдерін
жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау
қабілеттерін, зейінділік байқампаздығы мен сабаққа
қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Ақыл - ой белсенділігін күшейте отырып,
ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі-құралдары: Интерактивтік тақта, желкенді қайық
шаблондары, суреттер.
Сабақтың түрі:қайталау сабақ
Сабақтың типы: пысықтау, жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс, ойын, сұрақ-жауап.
Болжамдалған нәтиже: ақыл-ойы дамыған белсенді, шығармашыл тұлға.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Қайталау
а) «Моншақ тізбек» ойыны.
ә) «Кім жылдам?» ойыны.
ІІІ.Дәптермен жұмыс «Көркем жазу»
IV. Оқулықпен жұмыс
а) № 1 есеп
ә) «Зейінділер» ойыны
V. Топтық жұмыс «Кім бірінші?» ойыны
VІ. Өзіндік жұмыс «Үндемес» ойыны
VІІ . Сабақты қорыту «Шыңға шығу» ойыны
VІІІ . Бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ә) Психотренинг: Қонақ күту салтымыз
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге.
Сәлем бердік жалпымыз.
Бүгінгі сабағымыздың мақсат-міндеті.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбектену арқылы,
«5» - ке қолды жеткізу.
Балалар, сендер еліміздің иесісіңдер! Болашақ ұрпақ білімді, ғылым мен техниканы игеруі қажет. Олай болса, болашақ ғылым иелерінің жиып жатқан білімдерін тексерейік.
( Теңіздің суреті , толқындардың дыбысы)
Балалар бүгін біз желкенді қайық құрастыру арқылы білімдерімізді тексеріп, бағалаймыз. Әрбір дұрыс жауапқа бір шаблоннан жабыстырып отырамыз.
ІІ.Қайталау
а)
ә) «Кім жылдам?» ойыны
-
Санды немен белгілейміз?
(цифрмен)
2. Цифрды не істейміз?
(көреміз, жазамыз, есеп шығарамыз)
3. Математикада неше амал бар?
(қосу, азайту)
4. Заттарды бір-біріне біріктіргенде қай амалды қолданамыз?
(қосу+)
5. Заттарды бөліп алғанда қай амалды қолданамыз?
(азайту-)
6. Қандай геометриялық пішіндерді білеміз?
Сергіту сәті:
Менің елім Қазақстан
Таулары сондай биік (жоғары)
Даласы сондай кең (алға)
Көлдері сондай терең (төмен)
Ақ бидайы жерден өсіп,
Көк аспанмен таласқан (жоғары)
ІІІ . Дәптермен жұмыс: (көркем жазу, салу, бояу) (музыка)
9 6 6 9
ІV. Оқулықпен жұмыс.
а) №1 есеп . Оқы Салыстыр. Есепті шығар.
Мұражайға 4 ұл және Мұражайға 8 қыз және
одан 4-еуі артық қыздар одан 4-еуі кем ұл барды.
барды. Мұражайға неше
қыз барды?
Оң жақтағы мәтінді есепке айналдыр және оны шығар.
Ұлдар - 4 Ұлдар - ? 4-еуі кем
Қыздар - ? 4-еуі артық Қыздар - 8
Ш: 4+4=8(қ) Ш: 8-4 =4(ұ)
Ж: 8 қыз. Ж: 4 ұл.
б) « Зейінділер» ойыны
2
6
Осы санды таңдап ал. Осы сандарды пайдаланып , тура теңдіктер құр.
6+2 =8, 6-2=4
(Яғни басқа сандар көмегімен 6 және 2 сандарын пайдаланып тура теңдік құруға болмайды.)
V. Топтық жұмыс. «Кім бірінші» ойыны.
Теңдіктерді бір бағанға, ал теңсіздіктерді екінші бағанға жазу.
І топ (теңдіктерді теріп жазады.)
ІІ топ (теңсіздіктерді теріп жазады.)
6+3 * 9 6+2 * 8 4+5 * 9
3+4 * 6 6+4 * 9 2+5 * 4
Сергіту сәті: «Көңілді әріптер» ойыны.
К
Л
Г
Й
Ө
А
Е
Айгөлек ау, Айгелек
Айдын жүзі дөңгелек.
Айдай толған кезінде,
Би билейміз дөңгелеп.
VІ. Өзіндік жұмыс «Үндемес » ойыны ( 2 минут уақыт белгілеймін)
Біріншісі екіншісінен қысқа болатындай екі кесінді сыз.
Шығармашылық тапсырма: «Миға шабуыл» ойыны
Үш бұрышта үш мысық отыр. Әр мысыққа қарама-қарсы екі мысықтан отыр. Мысықтар нешеу? (3)
VІІ Сабақты қорыту: «Шыңға шығу » ойыны
Міне балалар, шыңға шығып сыйлығымызды алып бүгін сабақта құрастырған желкенді қайықпен білім теңізіне саяхатқа шығып, болашақ ғылым иелері болайық.
VІІІ. Бағалау.