- Учителю
- Урок по ана тілі 1 класс 'Ак бузау'
Урок по ана тілі 1 класс 'Ак бузау'
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі щағын орталығымен
Ашық сабақ
Тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар.
«Ақ бұзау» өлеңі.
Мұғалім: Бейсебаева Б.А.
Ұзынағаш
Сабақтың тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар.
«Ақ бұзау» өлеңі.
Сабақтың мақсаттары: 1. Жуан дауысты дыбыстарды меңгертіп, ажырата білуге үйрету; оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдіру; әдемі, таза, сауатты жазуға үйрете түсу;
2. Сөйлеу әрекеттерін, ой-өрісін дамыту; Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту; танымдық қабілеттерін дамыту;
3. Үй жануарларының пайдасын түсіндіре отырып, жануарларды аялауға баулу, тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын қолдану;
Көрнекіліктер: «Киіз үй » суреті, таблицалар, суреттер, домбыра;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың көңіл-күйлерін тексеріп, олардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық жасау.
2. Өткен сабақты қайталап, еске түсіру, пысықтау.
1. Психологиялық дайындық.
- Балалар мен бүгін өте көңілдімін. Сендер ше?
- Бізде көңілдіміз.
- Өйткені біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Әрбір атқан таң шуағы адамға жақсылық, қуаныш алып келеді екен балалар. Ал, балалар бүгін қандай күн?
- Бүгін күн сейсенбі.
- Қазір қандай сабақ?
- Ана тілі сабағы.
- Олай болса біз бір-біріміздің қолымызды қысып, бір-бірімізге жүректен шыққан жақсы тілектерімізді айтайық.
2. Өткен сабақты пысықтау
- Ал енді сабағымызды бастайық. Мына суретке қарай қойыңдар! Суретте не берілген?
- Киіз үй.
- Киіз үйдің құрылысын атап беріңдерші?
- Шаңырақ, кереге, уық, есік.
- Енді сол шаңырақты зерттейік.
3. Әріп деген не? Қазақ тілінде неше әріп, неше таңба бар?
4. Сөз неден құралады?
5. Сөйлем неден құралады?
6. Сөйлем деген не? Сөйлемнің басы қалай жазылады? Соңынан не қойылады?
7. Дауысты дыбысты ата.
8. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? Сендер жаңа сөйлем сөзден құралады, - дедіңдер. Олай болса мына суретке қарап бір-бір сөйлем құрап беріңдерші. Суретпен жұмыс.
Балалардың жауабы тыңдалып, мадақталады.
II. Ой ашар: «Ойлан тап» кестесімен танысу.
Міне біз «Ойлан тап» кестесінің сырын таптық.
Дыбыстың 2 түрге бөлінетінін білеміз, дауысты және дауыссыз дыбыс болып.
Дауысты дыбыстың өзі 2 түрге бөлінеді екен.
Жуан дауысты дыбыс және жіңішке дауысты дыбыс болып.
2. Енді кестедегі жуан дауысты дыбыс әріптерін оқиық және жаттап алайық.
3. Тақтамен жұмыс.
Жуан дауысты дыбыс әріптері:
а, о, ы, ұ.Сонымен бүгінгі тақырыптың ішінен жуан дауысты дыбыс әріптерін табайықшы.
4. Оқулықпен жұмыс.
5. 28 - жаттығу: көшіріп жазып, жуан дауысты дыбыс әріптерінің астын сызу.
6. Сергіту сәті. «Ортеке» әні. Домбырамен сүйемелденеді.
7. Жұмбақтар тыңдап, шешуін дәптерге жазу.
8. Дәптермен жұмыс.
Жұмбақтың шешуін таба отырып көркем жазу минутын өткізу. Есту диктанты: КІТАП, ДОМБЫРА, СИЫР.
9. Ең соңғы жұмбағымыздың шешуі сиырдың атасы кім еді?
- Зеңгібаба
- Олай болса «Зеңгібабаның» құрметіне орай «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып жіберейікші - деп 3-4 оқушыға тізбектетіп оқытамын.
Ал балалар осы төрт түліктің бірі сиыр малының қандай пайдасы бар?
- Еті, сүті тағам. Оның сүтінен әр түрлі тағамдар алынады. Атап айтар болсақ құрт, май , айран, қаймақ, сүзбе, ірімшік.
10. Қорытындылау:
- Сонымен, жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін «Жуан-жіңішке» деп аталатын ойын ойнайық. Жуан айтылатын сөз айтқанда орнымыздан тұрамыз. Ал жіңішке айтылатын сөз айтқанда отырамыз.
Бас - бес
Қасық - киік
- Сонымен қандай дыбыспен таныстық?
- Қандай өлең оқыдық? Бұзау ненің төлі?
- Сиырдың атасы кім?
- Енді үйге тапсырма алайық.
29 - жаттығуды жазып келу.
«Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау, бағалау.