- Учителю
 - Жаңа жылға арналған сценарий 1 сынып
 
Жаңа жылға арналған сценарий 1 сынып
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
 Гульназ: Уа, халайық, жарандар,
 Айналаға қараңдар.
 Жаңа жылдың бұл тойын,
 Салтанатқа санаңдар!
 Басқаға мойын бұрмаңдар!
 Жаңа жылды жаңаша,
 Қызықты ғып, шат қылып,
 Өткізейік тамаша!
 Қой: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
 жаңа жылдық би кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
 «Кішкентай шырша» әні Хоровод 
Балалар осы жылы қандай жыл болды? Қой! Ендеше қойды ортаға шақырайық
Қой: Жаңа жылды қарсы алып,
 Жасаймыз той жылда бір.
 Жарқын, жарқын ән салып,
 Жалғасады жырға жыр.
 Балалар, бүгінгі біздің шыршамызға кімдер қонаққа келеді деп ойлайсыңдар?
 Балалар: - Аяз Ата, Ақшақар
 Гульназ: Иә, дұрыс айтасыңдар, Аяз Ата мен Ақшақар 
Балалар, жылдағы дәстүрлі қонақтарымыз Аяз Ата мен Ақшақар көрінбейді ғой, қане, өзіміздің ортамызға шақырайық.
 Бәрі / хормен/: Аяз Ата! Ақшақар!
 Мыстан кемпір кіреді:
 - Ә - ә - ә, мен Ақшақармын!, Жаңа жылды қарсы алып жатырсыңдар ма? Ха ха ха ха Мендей сұлу ақшақарды көрдіңдер ме? Мына шыршаның кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен жұлып алғысы келеді. /
 Қоян: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды
 Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. 
Мыстан: қане сындырып көр! Аю екеуі сыпырғышқа таласады. Осы кезде Қой келеді.
Қой: Әй мыстан, аю не болды сендерге? Төбелеспендер, оданша қане флешмоб билейік кім күшті билейді сол жеңеді. Ал кеттік
Қоян: Флешмобты балалар билейді. Сендер билеу білмейсіңдер.
«Флешмоб» биі (кейіпкерлер артына тұрып билейді.)
 Мыстан кемпір: Әй белім аййй құдай белім үзіліп кетті ғой! 
Қоян: Жарайсыңдар, балалар, енді Аяз Ата мен Ақшақарды бәріміз бірге шақырайық.
 Бәрі Аяз Ата мен Ақшақарды шақырады.
 Аяз Ата: Амансың ба, ұлдарым,
 Амансың ба, қыздарым!
 Қандай жарқын жүздерің,
 Шаршап келдім алыстан,
 Керемет бір ән тыңдап
 Келіп тұр - ау дем алғым.
 Ақшақар: Амансыздар ма, достар, ата - аналар, ұстаздар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Маймыл жылы - молшылықтың мәресі. Береке, бірлік, молшылық әкелсін!
 Ақшақар: - Аяз Ата, кел, отырыңыз, жолдан шаршап келген боларсыз, балалар сіздің көңіл - күйіңізді көтеріп, өз дері дайындап келген өнерлерін көрсетеді. 
Тақпақтар 
 «Балапан» биі.
 Аяз Ата: Өнерлерің өссін, өркендерім! Билерің тамаша екен.
 Қоян: Аяз Ата енді ойын ойнайық.
 Ойын шарты: Қар лақтыру 
Балалар: Жаңа жыл, Жаңа жыл!
 Жүргізуші: Дұрыс, биылғы 2016 - жыл қандай жыл?
 Балалар: Маймыл жылы!
 Жүргізуші: Дұрыс, онда Жаңа жылымызды қарсы алайық!
 (Музыка әуенімен маймыл келеді)
 Маймыл: Ендім бүгін төріме,
 Жақсылық себем көңілге.
 Бейбітшілік пен ырыс - құт,
 Әкелдім биыл еліңе!
 Жүргізуші: Жаңа жылым бірлік берсін еліме,
 Береке мен ырыс келсін жеріме!
 Ән: «Жаңа жыл»
 « Клоундар цирк көрсетеді» 2 КЛОУН 1 ҚЫЗ Сценка 
Ойын Поровоз
 Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар балаларымыздың ойынын тамашалауға қалай қарайсыздар, олардың шапшаңдығын, ептілігін сынап көрсек қайтеді?
 Аяз Ата: Тамашалайық!
 Жүргізуші: «Пима» ойыны.
 «Жаңа жылға тарту» биі. 
Хоровод
 Жүргізуші: Жаңа жыл, Аяз Ата, Ақшақар, балаларымыздың тағы өнерлері бар екен, тамашаласақ қайтеді
 Би: Жаңа жыл келді еліме»
 Қорытынды:
 Көргенде қуанасың таза әуені,
 Құлаққа естілгендей қыс әуені.
 Жыл сайын тойлататын мәңгі - бақи,
 Жаңа жыл құтты болсын қазақ елі!
 Міне, қымбатты балалар! Бірлесіп өткізген мереке қашанда қызықты өтеді. Достық, бірлік бәрін де жеңеді. Құрметті ата - аналар бүгінгі біздің 1 - сыныптар арасында өткізіліп жатқан жаңа жыл мерекеміз осымен аяқталды. Тағы да жаңа жыл құтты болсын, елімізге құт - береке алып келсін. Көріскенше күн нұрлы болсын!