- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары: Диалог және монолог Әдіскер: Жахметова Балжан Көшкінбаевна
Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары: Диалог және монолог Әдіскер: Жахметова Балжан Көшкінбаевна
Пән: Қазақ тілі
Сынып:3«Ә»
Әдіскер: Жахметова Б.К.
Тәлімгер: Тұяқова Ж.
Сабақтың тақырыбы: «Диалог және монолог»
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушыларға диолог және монолог ұ.ымдарымен таныстыра отырып, алған білімдерін тиянақтап оларды ажырата білуге үйрету.
-
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін,қисынды ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу ойлау, дағдыларын дамыту.
-
Тәрбиелік:Оқушыларды зеректікке, ұқыптылыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Тақырып бойынша суреттер, таратпа материалдар.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Мен сендерге бүгін «қазақ тілі» пәнінен сабақ беремін. Менің аты- жөнім - Дәуренова Шаһида.
Психологиялық дайындық
«Ақ тілек. Әсем күлкі».
- Көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет! (Қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)
- Ынтаңыз ше?
- Ғажап! (Қолдарын көтереді).
- Бүгінгі көңіл-күйлеріңізді бет әлпеттеріңіз арқылы көрсетіңіздерші.
- Ендеше сабағымызды осындай тамаша көңіл-күймен бастайық!
II. Үй тапсырмасын тексеру
-Үйге не берілді?Жаттығуды тексеру
III. Жаңа сабақ
-
Қызығушылықты ояту.
-
Балалар, бүгінгі бізідің қазақ тілі сабағына бәріміздің сүйікті мултьфильміміздің сүйікті кейіпкері - буратино қонаққа келді! Қане, баріміз буратинаға алтын кілтті іздеп көмектесейікші!
-
Ол үшін алдымен мына ережелерді еске түсірейік. Буратинының сауалдарына жауап беріп, көмектесеміз бе?
Буратиноның сұрақтары:
-
Қосымша дегеніміз не?
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.
-
Түбір сөз дегеніміз не?
Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін бөлігін түбір сөз дейміз.
-
Жұрнақ дегеніміз не?
Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз
-
Жалғау деген не?
Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
-
Жарайсыңдар, балалар!
-
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы - диалог және монолог деп аталады.
-
Мәтін - диалог және монолог түрінде де болады.
-
Диалог - екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі. Жазбаша сөййлеу тілінде әр сөйлеушінің сөзі сызықша (тире) арқылы бөлінеді.
-
Монолог - бір адамның өзіне - өзі немесе тыңдаушыларға арнап сөйлеуі.
IV. Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
-
«Кітап» сөзінін жазу
-
Кітап - білім бұлағы.
Оқулықпен жұмыс. (54 бет)
1-жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жаз.
-
Әлемде неше құрлық бар?
-
Алтау
-
Бір аптада қанша күн бар?
-
Жетеу
-
Малда қанша жілік бар?
-
Тоғыз
-
Цифрлар қанша?
-
Он
-
Міне, өстіп жаңалап
-
Айтып шықтық санамақ.
Сұрақтар:
-
Әр сөйлемнің алдында қандай таңба тұр?
-
Әңгімеге неше адам қатысып отыр?
-
Оқығаныңның диалог екенін дәлелде.
2 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқы
Кім болам?
Дән егіп терлейтін
Егінші болсам ба?
Шаршауды білмейтін
Тігінші болсам ба?
Ұл-қызға үйретер
Мұғалім болсам ба?
Кірпішті үй етер
Құрылысшы болсам ба
Білмейтін әлі мен
Өскенде кім болам?
Әутеуір еліме
Қалаулы ұл болам!
Сұрақтар:
-
Өлең диалог па, әлде монолог па? Дәлелде.
-
Сөйлеуші кім? Оның сөзі кімге арналып тұр?
-
Соңғы шумақта көшіріп жаз
-
Өзің өскенде кім болғың келетінін жаз
Сергіту сәті
Көп отырып, шаршадық,
Қозғалуды аңсадық.
Топ-топ басайық,
Жаттығулар жасайық.
Оңға, солға бұрылдық,
Алға, артқа иілдік.
Тіземізді бүктіріп,
Қолды создық тік тұрып.
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Топ-топ-топ,
Хлоп-хлоп-хлоп.
3 - жаттығу. Ертегіден үзңндіні оқып, ертегінің қалай аталатынын тап
-
..., құйрығымды берші.
-
Менің қатығымды төлеп бер.
-
..., маған қатық берші.
-
Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер.
-
Ертегідегі қай кейіпкер сұрап, ал қайсысы жауап беріп тұр?
-
Диалогті рөлдерге бөліп оқыңдар
-
Сызықша нені білдіреді?
-
Диалогті көшіріп жазып, жазғандарыңды тексер.
-
-
Жұмбақ шешу
-
Бойлаған сайын тереңге,
-
Шығасың биік белеске. (Білім)
-
Есіктен кіреді,
-
Төрге қарай жүреді. (Суық)
-
Сақалы жоқ шашы бар,
-
Бет-аузы жоқ басы бар
-
Белін бекем байлаған,
-
Қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш)
-
Темір тілді,
Күмі үнді (Қоңырау) -
Қате жазып жаңылсаң,
Тазалайды ол барын сап (Өшіргіш
-
V. Білімді бекіту
-
- Бүгін қандай тақырып өттік?
-
- Монолог дегеніміз не?
-
- Диолог дегеніміз ше?
-
- Сабақ сендерге ұнады ма?
-
- Несімен ұнады.
-
</ VI. Бағалау
-
Буратинаның сиқырлы сандықғын ашып көрелік.
Сандықтың ішінен алтын кілт, күміс кілттер шығады. Алтын кілттер-5; -
Күміс кілттер - 4 деген бағамен бағалау.
-
-Буратино сендерге алғысын білдіруде, жарайсыңдар!
-
(Кілттерді тарату)
-
VII. Үйге тапсырма:
-
56 бет 5 - жаттығу жазу.