7


Начальный класс ь знак

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

08.12.15 Әліппе

Сабақтың тақырыбы: ь белгісі

Сабақтың мақсаты: 1. ь белгісін таныту, меңгеру.

2. ь белгісі бар сөздерді буынға бөлдіріп үйрету. Ь белгісі бар сөздерді

буынға бөліп, жаза алуға, белгіні дұрыс пайдалануға дағдыландыру.

3. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі : саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, жұмбақ жасыру, көрнекілік.

Көрнекілігі: Интерктивті тақта, суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасы

- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен және қандай әріппен танысып едік ?

- Ч дыбысы қандай дыбыс ?------------дауыссыз

-Ал дыбыстардың өзі нешеге бөлінеді ?

- Жақсы балалар ч дыбысына байланысты берілген « Болашақ чемпиондар » өлеңін жаттап келдіңізба ? ( 5-6 оқушыдан сұралады )

-Жақсы, балалар бүгінгі жаңа сабағымызды мен сендерге жұмбақ жасырудан бастайын:

Жұмбақ

Каникулда барасың

Бірнеше күн боласың

Балалармен достасып

Демаласың қайтасың ( Лагерь)

-Дұрыс айтасыңдар, балалар.

-Лагерь деген сөздің соңына қарайықшы, балалар. Не көріп тұрмыз ?

-Бұл қандай дыбыс деп ойлайсыңдар ?

-Қандай түспен беріліп тұр ? ---------------------------қара түспен

-Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар ?--------------------42

-Оның 40-ы дыбыс, 2-і таңба яғни белгі. Біз бүгін сол белгімен яғни ь- белгісімен танысамыз.





Тақтаға күннің жадын жазу, тақырыпты жазу

Яғни бұл дыбыстардың қатарына жатпайды, ешқандай дыбыс емес. Ол қазақ тілінде таңба ретінде, яғни тек белгі ретінде қолданамыз. Бұл---ь белгісі деп аталады.

Ол сөздің басында кездеспейді. Тек ортасында және соңында кездеседі. Ь белгісі бар сөздер---- жіңішке айтылады.

Ол көбінесе орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі.

Лагерь ----сөзін буынға бөліп корейікші:

-Неше буыннан құралады екен??

Ал балалар сендер лагерьге барғыларың келе ме ?

Олай болса балалар бүгін біз саяхаттап лагерьге барып қайтайық.

-Лагерьге бару үшін бізге не керек ? ----------------Автобус ( суретін көрсету )

Олай болса автобусқа отырайық, әрі қарай жолға аттанамыз. Ал жолда бірнеше аялдамалар бар. Егер сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырмаларды дұрыс орындасақ келесі аялдамаға жол ашылады.

1-тапсырма: Бағандағы сөздерді буынға бөліп оқу.

Лагерь альбом фильм коньки

Рояль циркуль рельс компьютер

« Бұл не ?» ойыны арқылы бағандағы сөздердің мағынасын ашып, түсінік беріп кету. ( Кедергіден өтіп ары қарай жол жүру )

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс: алдымен ауада жазу. ( балалар дәптерге ь белгісін жазады )

Жақсы балалар, саяхатымызды жалғастырайық, ары қарай жол жүреміз.

2- тапсырма: Сызбамен жұмыс: ( Балалар сызба арқылы сөйлемдер құрайды )

2- тапсырманы орындау арқылы кедергіден өтіп, лагерге де жеттік. (Лагерь)

Ал балалар лагерьге де жеттік.

-Лагерьде біз не істейміз ?

Лагерьде біз жаңа достар табамыз, ән айтамыз. Би билейміз, ойындар ойнаймыз. Суға түсеміз. Шомыламыз,демаламыз. Және де лагерьге арналған лагерь жырын үйренеміз.

Оқулықпен жұмыс:

Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

Лагерь жыры

Самал желді, шалқар көлде

Демаламыз, қайтамыз

Бар дауыспен әнге салып,

Лагерь жырын айтамыз

Оқушылардың іштей оқуы.

Әр қатардан 2-оқушыға оқыту.

</<font face="Times New Roman, serif">Енді балалар осы лагерь сөзіне дыбыстық талдау жасайық. ( тақтаға )





Олай болса, балалар енді біз лагерь жырымызды айтып елімізге, яғни мектебімізге қайтпаймызба ?

-Қайтамызба ?

Немен қайтамыз ? ------------------автобуспен

Олай болса автобусқа отырайық.

Сабақты қорытындылау: - Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сонымен бүгін біз қандай таңбамен, қандай белгімен таныстық ?

Мадақтап, бағалау. Сабақты қорытындылау.

Сау болыңыздар.











































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал