7


  • Учителю
  • У дыбысының дауысты және дауыссыз айтылуы. Қазақ тілі 2 сынып.

У дыбысының дауысты және дауыссыз айтылуы. Қазақ тілі 2 сынып.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жамбыл облысы

Тараз қаласы

№11 орта мектебі

Мұғалім:Чмаева Ж.Д.



2 «Б» сыныбы

Қазақ тілі Сабақ №



Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуы.

16-19 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік «У» дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын және кейде жуан, кейде жіңішке болып келуін меңгерту. «У» әрпінің емлесі: дауыссыз дыбыстан кейін келген «У»-дың алдында ұ, ү дыбыстары естілгенмен, жазылғанда олардың орнына «у»-дың өзі ғана жазылатынын; дауысты ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге у қосылғанда, ы, і әріптерінің түсіп қалатынын таныстыру.

Дамытушылық: Сауаттылыққа баулу, сауатты және көркем жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу.Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Сөйлем , суреттер, қи мақағазар

Сабақтың барысы:



Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.

ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс: Тіл және сөйлеу.

Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

  • Дыбыс және оның түрлері.

  • Дауысты дыбыс және оның түрлері.

  • Дауыссыз дыбыс және оның түрлері.

Дауыссыз У дыбысы.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Жаңа сабақ.

Дауыссыз У дыбысы.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

  1. «У» дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатыны. Мысалдармен дәлелдеу.

  2. Егер у дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген сөз буынға бөлінгенде у дыбысы екінші буынның басында келеді.

  3. «У» дыбысының кейде жуан, кейде жіңішке болып келуін.

  4. «У» әрпінің емлесі: дауыссыз дыбыстан кейін келген «У»-дың алдында ұ, ү дыбыстары естілгенмен, жазылғанда олардың орнына «у»-дың өзі ғана жазылуы. Мысалы: ту, жу т.с.с.



Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті



--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).



16-жаттығу орындалады.

  1. Өлеңді көшіріп жаз. У дыбысы бар сөздердің астын сыз.

  2. Осы сөздерді буынға бөл.

  3. У дыбысы қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз екенін байқа.

17-жаттығу орындалады.

  1. Берілген сөздерді фигура түсіне қарай бағандарға бөліп жаз.

  2. Неліктен солай топтағаныңды айт.





Ереже:

Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады: әуе, Зәуре, уақыт.





Сергіту сәті.



18-жаттығуды орындау.





Көру диктанты

Бота



Бота - екі көзі жәудіреген сүйкімді төл. Оған қызықпайтын, сұқтана қарамайтын адам аз. Сондықтан қазақтар жаңа туған ботаны көлденең көзден жасырып, көрсетпеуге тырысады. (22)



Тапсырма:

1. У дыбысы дауыссыз сөздердің астын сыз.

2. У дауысты дыбыс болатын бір буынды үш сөз жаз.







Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.



Үйге тапсырма: 19-жаттығу, Ереже.



Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал