- Учителю
- Ашық сабақ 'Құлын мінген бала'
Ашық сабақ 'Құлын мінген бала'
Байқоныс жалпы орта білім беру мектебі
Тақырыбы: «Құлын мінген бала»
Бауыржан Момышұлы
Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі:
Билялова Мадина Сарсекеевна
2014 оқу жылы
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Құлын мінген бала» Бауыржан Момышұлы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақтың батыры туралы мәлімет беру. Мәтін мазмұнын түсініп, ондағы негізгі ойды анықтау.
Дамытушылық: Сабақтың мәнін аша отырып, жаттығулар, топтамалар арқылы баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға Отанын, туған жерін мақтан етуге тәрбиелеу. Ерлікті паш ету.
Сабақтың түрі: қайталау.
Сабақтың әдісі:
Сабақтың формасы: топпен жұмыс.
Көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Қызығушылықты ояту.
-
Балалар, далада күн сәулесі жарқырап, бізге сәулесін шашып тұр.
-
Ал, біз болсақ бір - бірімізге гүл сыйлау арқылы ізгі тілекті айтамыз. (сарғыш, ашық көк, сары, қызыл) (1,5 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (6 мин)
-
«Бейбітщілік, жеңіс, тыныштық» - деген сөздер кімдердің тілектері.
-
Жеңіс күніне қанша жыл толып отыр?
-
Өленің авторын ата. (Қайрат Жұмағалиев)
Батырлардың суреттері интербелсенді тақтадан көрсетіледі.
ІІІ. Өткенді пысықтау. (2мин)
-
Жеңіс күні қай күні мерекеленеді?
-
Ұлы отан соғысына қатысқан қандай батырларды білеміз?
-
Біз бүгін сендермен төрт топқа бөлініп тапсырмаларды орындаймыз. Топ басшысын сайлаймыз.(1 мин)
1 - топ. «Балдырған» (сары түс)
2 - топ. «Ұлан» (ашық көк)
3 - топ. «Айгөлек» (сарғыш)
4 - топ. «Ботақан» (қызыл)
ІҮ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақты ребус шешу арқылы табу.
(Құлын), (м)ысық, (ін), ше(ге), (н)ан, (бала).
Құлын мінген бала. (1,5)
-
Балалар, бүгін біз аты аңызға айналған батыр атамыз Бауыржан Момышұлының балалық шағымен таныса отырып, ол кісінің армандаған арманына қалай жеткеніне , өмір жолын оқып білеміз.
Оқушылар өтілетін тақырып бойынша Бауыржан Момышұлы туралы
INSERT әдісі: «Білемін», «Нені білдім?» «Білгім келеді», кестесінің бірінші бөлімін толтырады.
Бауыржан Момышұлы туралы презентация . (1 мин)
-
Орындаушылық кезең.
-
Мұғалімнің «Құлын мінген бала» мәтінін оқу.
-
Оқушылардың оқуы.
-
Балалар, бұл мәтіді оқимыз. Жұппен және топпен талдаймыз.
Топтың өзі ішінара 1,2,3,4 - ке бөлінеді. «Джигсо» әдісімен. Сандары бірдей оқушылар бірге жиналып, мәтінді бір - біріне түсіндіреді.
-
Сергіту сәті -
Интербелсенді тақтамен жұмыс:
Бауыржан Момышұлының сүйікті жануары.
Төрт түліктің қалай шақырылуын білеміз бе?
Жылқы - құрау - құрау
Сиыр - Аухау - аухау
Түйе - көс - көс
Ешкі - шөре - шөре
-
Енді балалар,дәптерлерімізге ай - күнді жазамыз және Қ қ әрпін әдемі, көркем және үзбей жазып шығамыз.
1 - топ. Дауысты дыбысқа аяқталған сөздерді жазу.
2 - топ. Дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді жазу.
3 - топ. Жуан дауысты дыбыстарды тауып жаз.
4 - топ. Жіңішке дауысты дыбыстарды тауып жаз.
Тақтамен жұмыс. «Ағаштың алмасын терейік». (Әр алма жемісінің артында бір сөз жазылып тұарды. Сол сөзге сөйлем құрау.)
1 - топ. Алма: Бала
2 - топ. Алма: Отан
3 - топ: Алма: Көгершін
4 - топ: Алма. Астана
Ы
Д
Н
А
Л
Ы
Қ
О
БҮ. Қорытынды:
Н
А
ж
Б
Р
Ы
У
А
Л
Ы
Р
У
Б
Й
А
Т
Қ
Ұ
Л
Н
Ы
Н
Ұ
Р
В
О
Қ
Й
А
Ш
-
Бауыржан Момышұлының үлгі тұтқан батыры.
-
Аты аңызға айналған батыр.
-
Құлынды қалай атады?
-
Жылқының төлі.
-
Мәтінің авторы.
ҮІ Бағалау.
Оқушылар бір - бірін смайликтер арқылы бағалайды.
ҮІІ Үй тапсырмасы:
-
Мәтінді оқып, әңгімелеу.
-
Сұрақтарға жауап.
-
«Білгім келеді» кестесін толтыру.