7


  • Учителю
  • Открытый урок натему 'Төрт түліктің кеңесі'

Открытый урок натему 'Төрт түліктің кеңесі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Абыхан Жексембеков атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы

бар қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі








Үлгілі сабақ

Тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі






Сынып жетекшісі: Демесинова А.

Сыныбы: 2Ә








2015 - 2016 оқу жыл


Бекітемін

Мектеп директоры

Г.Б.Қасымжанова



Сабақ тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

Мақсаты:


Білімділік: Оқушыларға мысал әңгіме туралы түсінік беру, оқуға машықтандыру, өлең идеасындағы өз беттерінше талдау арқылы ашу.

Тәрбиелік: Төрт түлікті қадірлеп, қастерлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үй жануарларына деген аяушылық, қастерлеу сезімдерін ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін, танымдық қабілеттерін арттыруға дағдыландыру


Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту


Сабақтың әдісі: ойындар, сұрақ- жауап, түсіндіру, көрнекілік.


Көрнекілігі: оқулық, тақырыптық суреттер, слайд


Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану


Өтетін күні: 30.10.2014ж


Уақыты: 10.40-11.25


Сыныбы: 2Ә


Пәп мұғалімі: Демесинова Ақерке

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың құрал жабдығын тексеру

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

4. Сыныптастарына деген жақсы тілекпен бастау.

Күніміз ашық болсын

Жеріміз кең болсын,

Ауамыз таза болсын

Суымыз тұнық болсын,

Гүліміз жақсы өссін!!!


ІІ. Мақсат қою кезеңі:

Сабақ тақырыбын сөзжұмбақ шешу арқылы анықтау.

  1. Жердің биік қабаты

  2. Кезекті бір жануар

Үстінді екі тауы бар

  1. Ешкінің төлі

  2. Сыйыр сүтінен алынатын тағам

  3. Санай алмай шаршадым

Найзасы бар қанша мың.

Батыр емес бірақта,

Қашып жүрер жыраққа.


  • Балалар сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы төрт түлікке байланысты екен.

  • Төрт түлікке нелер жатады?

  • Төрт түліктің пірлерін білесіңдер ма?

  • Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Малдың ет, жүні , сүті, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажеттілігіне жарата білген.

  • Кең даланы шарлап,көшіп қонған халықтың бар өмрі осы төрт түлік малмен байланысты болған. Халық ұғымында әр малдың пірі, киесі бар. Түйе атасы-Ойсылқара, жылқы атасы- Қамбар ата, сиыр атасы -Зеңгі баба,ешкінің атасы-Сексек ата, қой атасы-Шопан ата. Қазақ халқы малды жақсы көрген , балаларын осы төлдерін атағандай жақсы көрген.

  • Олай болса осы төрт түлік пірлерінің атымен топқа бөлінеміз

1 топ - Шопан ата

2 топ - Сексек ата

3 топ - Қамбар ата

4 топ - Зеңгібаба

5 топ - Ойсылқара


ІІІ.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Қызығушылықты ояту

- қандай үй жануарларын білесіңдер?

Оқулықпен жұмыс

1.Өлеңді дауыстап, түсініп оқып беру

Қалың қорық нуға бітем,

Қоры үзілген қуға бітем

Күнгейлі қара тасқа бітем,

Шаруа қуған басқа бітем.

Бетегелі белге бітем,

Найза ұстаған ерге бітем.

Жалмаң құлақты сорға бітем,

Ел ішіндегі зорға бітем.

1.Оқушылар сөздікпен жұмыс жасайды.

Қоры үзілген қу - азығы таусылған кедей

Біту- бұл жерде: қандай жерде, қандай адамның қолында өмір сүру

2.Оқушыларға тізбектей оқыту

3.«Түртіп алу» стратегиясы


Үй жануарларының пайдасы топтастыру

Сүтін ішеміз

Үй жануарларының

пайдасыетін жейміз жүнінен, терісінен

киім киеміз


көлік ретінде пайдаланамыз

Топпен жұмыс

Әр топ өз түлігінің пайдасын жазады

Сергіту сәті


Дәптермен жұмыс

Төрт түлік аттарына сай адам есімдерін жаз.

Жылқыбай. Жылқыайдар, Ботагөз, Бота, Қойкелді, Қойшыбай, Ақбота

Өлеңдегі шөп атауларын теріп жаз: бетеге

IV. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі:

«Қазақ халқы үшін төрт түлік мал өте маңызды болған. Олар адамның жан серігі, айрылмас досы болған.
Қой - төрт түлік малдың ішіндегі момыны. Қойдың еті, сүті, майы, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басады. Киім-кешек, алаша, кілем тоқылады.
Сиыр - ірі қара малға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен айран, қаймақ, құрт, ірімшік жасалады.
Жылқы - ер қанаты. Ол - сезімтал, талғампаз жануар. Жылқының сүті қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Қазақта ат ойындары көптеп саналады.
Төрт түліктің төресі - түйе. Оның еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім. Түйе - таптырмас көлік. Ол шөлге төзімді келеді».

V. Бекіту кезеңі:

Топпен жұмыс

Әр топ өз түлігі жайлы ырым, тыйым сөздер, мақал-мәтелдер, жұмбақ айтып береді.

Сұрақтарға жауап береді.
- Қой бізге не береді?
- Ет, жүн, тері.
- Сиырдан адамдар не алады?
- Сүт, ет.
- Сиырдың сүтінен не жасайды?
- Сүттен айран, май, құрт жасайды.
- Жылқының қандай пайдасы бар?
- Жылқы ет, қымыз береді. Атпен шабады. Ат ойындары бар.
- Адамдар түйені қалай пайдаланады?
- Түйенің сүтінен шұбат жасайды. Түйені көлік ретінде пайдаланады.т.б.

- Балалар ал осы ата-бабаларымыз төрт түлікті неге қадірлеп, қастерлеген?

Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Малдың ет, жүні , сүті, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажеттілігіне жарата білген.

Кең даланы шарлап,көшіп қонған халықтың бар өмірі осы төрт түлік малмен байланысты болған.

VI. Үй тапсырма беру, бағалау кезеңі:

Өлеңді жаттау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал