- Учителю
- Ашық сабақ ана тілі тақырыбы 'Бақ, Дәулет және Аман'. Ақселеу Сейдімбек
Ашық сабақ ана тілі тақырыбы 'Бақ, Дәулет және Аман'. Ақселеу Сейдімбек
Сабақтың тақырыбы: Бақ, Дәулет және Аман. Ақселеу Сейдімбек
Сабақтың мақсаты:
1. Бақ, Дәулет, Аманның түп мағынасын түсіне отырып, әр оқушы өз алдына қойған мақсатқа жету жолында осы үш таңдаудың қайсысын өзіне жолсерік ететінін анықтауына мүмкіндік жасау. Яғни, дұрыс таңдау жасауға жағдай туғызу. Әңгімені оқып таныса отырып, мазмұнын ашуға, кейіпкерлерді салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алу арқылы өздерінің іс- әрекетіне баға беруге үйрету.
2. Әңгімедегі басты кейіпкерлерге сипаттама беру арқылы әрқайсысының ісіне талдау жасай отырып, дұрыс баға беру, бағалау, түйін сөз айту, қорытындылау әрекеттері арқылы өзін- өзі іштей дамытуға, қызығушылығын арттыруға тырысу.
3. Өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету жолы тек еңбек қана екенін ұғынуға жол салу.
Сабақтың көрнекілігі: Қуанышты сәттер бейнеленген әртүрлі тақырыптағы сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау.
Бақыт іздеп.
Аспан астын, жер үстін шиырлаған,
Бақыт жүр біреулерге бұйырмаған.
Білемін, бақыт табу қиын маған,
Несіне бақыт іздеп құйын болам!
Ырыстың дастарқаны жиылмаған,
Бірақ ол біреулерге бұйырмаған.
Білемін, бақыт табу қиын маған,
Әйткенмен, бақыттан да қиын бағам!
- Өлең не туралы?
- Неге бақыт ешкімге бұйырмай тұр екен?
- Жалпы, бақыт дегенді қалай түсінесің?
«Топтастыру» стратегиясы арқылы беру.
-
Жалпы, бақытты адам бар ма екен?
-
Бақытқа қол жеткізу үшін не істеу керек деп ойлайсың?
Жұмыс түрі: 1. Жеке ойлау.
2. Көршіңе айту.
3. Көршіңнің ойын топқа айту.
ІІ. Мағынаны тану.
-
Сонымен бақытқа қол жеткізудегі басты қажеттіліктерне екен? Біз қазір осы тақырыпты тереңдейұғыну үшін Ақселеу Сейдімбектің «Бақ, Дәулет және Аман» әңгімесін оқып танысайық.
-
Онда оқиға не туралы болады деп ойлайсыңдар? Олай ойлауларыңа не себеп?
І бөлімді оқу, яғни бірінші жолаушыны кездестіру.
Сөздік жұмысы.
Сұрақ- жауап.
-
Мәтін не жайында?
-
Басты кейіпкерлер кім?
-
Ары қарай не болар екен?
Жұмыс түрі:
1. Жеке.
2. Жұпта.
3. Топта.
4. Ортаға салу. (Жауаптарын тыңдау)
ІІ бөлімді оқу, яғни екінші жолаушының келуі.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Сұрақ- жауап:
-
Әңгіме қалай жалғасын тапты?
-
Атасы неліктен екінші жолаушыны да қабылдамады?
-
Оқиға қалай шиеленісер екен?
ІІІ бөлімді оқу.
Сөздік жұмысы.
Сұрақ- жауап:
-
Оқиға немен аяқталды?
-
Көңіліңе не түйдің?
-
Әр кейіпкерге баға бер. Осы жерде «Кубизм» арқылы кейіпкерлерді топтарға бөліп беру. (Топпен жұмыс.) Жұмыс түрін орындаудабалаларға еркіндік беру.
Топ жұмыстарын тыңдау.
Пікірталас туғызу. Сұрақ- жауап.
Ортақ түйінді ойды әр топөз жұмыстары бойынша айтып өту.
ІІІ. Ойтолғау.
-
Сен өзің осы үшеуінің қайсысын таңдар едің?
Әркім өз ойын қағаз бетіне түсіру. Эссе жазу. Оқушыны өз ойымен жеке қалдыру, мәтінді оқып, талдағаннан кейін, өзіне түйін түйіп қорытындылату керек.
Жазған эсселерін өз қалаулары бойынша «Сиқырлы орындыққа» шығып, оқып беру.
-
«Сиқырлы орындыққа» шығып оқығаннан кейін өзің қандай әсер алдың, ішкі жан дүниеңде өзгеріс болды ма?
Мәтін соңындағы сұрақ- тапсырмалармен жұмыс.
-
Қалай ойлайсыңдар, әңгіменің мазмұнын ашатындай қандай мақал- мәтелді таңдап алуға болар еді?
Сабақты қорытындылау мақсатында сабақтың басындағы жұмысымызға қайта оралу.
- Бақытқа қол жеткізудегі негізгі шарттар қандай екен?
- Мәтіннен түйген ойың бойынша бақытты қандай түрде көруге болар екен?
Сюжетті суреттермен жұмыс. Әртүрлі тақырыптағы қуанышты адамдардың бейнесі. Сол арқылы бақыт дегеніміз әрбір қуанышты сәттеріміз, ата- анамызбен, достарымызбен, т.с.с. бірге өткізген әрбір ұмытылмас сәттер екенін ұмытпауымыз керек, соны бағалай білуіміз керек.
ІҮ. Үйге тапсырма.
Басты үш кейіпкердің суретін қалай бейнелер едің?
Подгорное орта мектебі
СЕЙДІМБЕК Ақселеу Сланұлы 1942 жылы 12 желтоқсанда Жаңаарқа ауданы «Атасу» колхозында (кәзіргі Байдалы би атындағы ауыл) дүниеге келген. Әкесі Слан Отан соғысында қайтыс болған. Болашақ ғалым - жазушы әкесінің үлкен ағасы Аманбектің тәрбиесінде болған. 1959 жылы аудан орталығындағы 1 қазақ орта мектебін бітірген соң еңбек жолын «Қызылтау» совхозында шопан болудан бастаған. Сөйтіп үш жыл қой бағады да1962 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне түседі. 1963 жылы міндетті әскер борышын өтеуге алып кетеді. Одан оралған соң ҚазМУ-дегі оқуын әрі жалғастырып, 1968 жылы бітіріп шығады да одан ары еңбек жолын жалғастырады. «Лениншіл жас» (Жас Алаш) әдеби қызметкер болып орналасады. Содан бастап-ақ әр түрлі жауапты қызметтер атқара бастайды. 1968 жылы «Лениншіл жастың» «Орталық Қазақстан» өңіріндегі меншікті тілшісі, 1975 жылы Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» (Егеменді Қазақстан) газетінің бөлім меңгерушісі. 1983 «Білім және еңбек» (Зерде) журналының бас редакторы, 1988 жылы қазақша және орысша «Әлем» алманағының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, одан Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының тұңғыш президенті, Астанадағы Гумилев атындағы университеттің ұстазы.
А.Сейдімбеков Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты (1989), Қазақстан Журналистер Одағының жүлдегері (1979). Отызға тарта көркем-әдеби, ғылыми-көпшілік қолды кітаптардың авторы. Солардың ішінде «Ақиық» (1972), «Қыр хикаялары» (1977), «Кеніш» (1979), «Тауға біткен жалбыз» (1979), «Алпамыс батыр» (1979) қазақ тілінде, 1981 жылы орыс тілінде, 1987 неміс тілінде, «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981), «Серпер» (1982). «Поющие купола» (1985), «Всадник на белом коне» (1987), «Мың бір маржан» (1988), «Сонар» (1989), «Аққыз» (1991), «Күй шежіре» (1992), «Көшпелілер тарихы» (1992) т.б.
Жазушы-ғылым докторының көптеген шығармалары ағылшын, венгр, қарақалпақ, қырғыз, неміс, орыс, өзбек, шешен, эстон тілдеріне аударылған.
А.Сейдімбеков белгілі шебер аудармашы. Ақселеу туындатқан Гомердің «Илиада», «Одиссея» (1974, 1988), И.Можейконың «7 и 37 чудес» (1988) деген шығармаларын қазақ оқырмандары ана тілінде оқып, сусындады.
Ақселеу көпқырлы шығармашылық іскерлігін республика өміріндегі қоғамдық - саяси және ұйымдастырушылық әртүрлі жұмыстармен ұштастыра білген: Қазақстан Жазушылар Одағы секретариятының мүшесі, республикалық ономастикалық, терминологиялық комиссияның мүшесі. Тарихи - мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының президум мүшесі. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Астана-даусы», «Парасат» сияқты көпшілікке танымал басылымдардың редколлегия мүшесі.
Қазақтың дәстүрлі музыка мәдениеті жөніндегі теледидар арқылы берілетін циклды әңгімелері қазақ теледидарының алтын қорына алынған. Сонымен қоса оның шығармашылық тағы бір қыры - сазгерлігі.