- Учителю
- Тәрбие сағаты: 'Менің елімнің рәміздері'
Тәрбие сағаты: 'Менің елімнің рәміздері'
2014-2015 оқу жылы
Тақырыбы: «Менің елімнің рәміздері»
Өткізген: М. Ломоносов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Чукуева Лаззат толегеновна
Сыныбы: 2 «А»
Сабақ 2- сабақ
Сабақ өтілетін уақыт:
Орны:
Барлық оқушы саны:15
Қатысқаны:
Сілтеме
Тәрбие жоспары
Сабақ тақырыбы
«Менің елімнің рәміздері»
Жалпы мақсаттар
Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы білу, елінің туын, елтаңбасын, әнұранын қастерлеп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екенін түсіну
Оқыту нәтижелері
Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызын біледі, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу керектігін түсінеді
Көрнекіліктер
Плакаттар, интерактивті тақта, карточкалар
Дереккөздер
«bilimdiler.kz», «cabag.kz».
Сабақ барысы
Уақыты
Әдіс-тәсілдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
(оқушы көшбасшылығымен өткізіледі)
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау(формативті, суммативті)
Сабақ кезеңдері
1-кезең: Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру
3 мин
«Шаттық шеңбері»
Ынталандыру мақсатында оқушыларды шаттық шеңберге тұрғызады, сұрақ қояды:
-Бүгінгі сабақтан не күтесіңдер?
Оқушылар шеңбер бойымен өз ойларын айтады.
- үй тапсырмасын тексеру;
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
2 мин
Топқа бөлу
(ту, елтаңба, әнұран)
Топқа бөледі
Топқа бөлініп отырады
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
5 мин
«Бірге ойлаймыз!»
Әр топқа:
1-топ: ту туралы кластер
2-топ: елтаңба туралы кластер
3-топ: әнұран туралы кластер құруға топтық тапсырма береді
Топпен тапсырманы бірлесе отырып орындайды, әр топтан спикерлер шығып қорғайды.
«Бас бармақ»
2-кезең: Мағынаны ажырату:
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
1 мин
«Кім тапқыр?»
Интерактивті тақтадан әріптерді көрсетеді.
(РӘМІЗ)
Сабақтың тақырыбын хабарлайды.
Әріптер тізбегінен қандай сөз жасырынғанын табады.
2 мин
ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады;
2 мин
Электронды оқулық
Электронды оқулықтан мемлекеттік рәміздер туралы мағлұматтар көрсетеді
Рәміздер туралы мағлұматтарды көреді, тыңдайды
12 мин
«Микрафон ұсыну»
Стикер жапсыру арқылы оқушыларға сөз береді
3 оқушы мини-презентация арқылы ҚР мемлекеттік рәміздері туралы толық түсінік береді.
Әр топтан оқушылар шығып, рәміздерге байланысты жатқа өлеңдер оқиды.
Сергіту жаттығуы
1 мин
«Қамажай»
Жаттығу орындатады
Жаттығу жасайды
3-кезең: Ой- толғаныс:
-
анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
-
синтез, бір-бірімен ой бөліседі.
-
сабақ қорытындысы
5 мин
«Конверттегі сұрақ»
Әр топқа конверт таратады:
1-топ: 1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда не бейнеленген?
2.Тудың авторын атаңдар.
2-топ:
1.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. Ол не?
2. Әнұранның авторларын атаңдар.
3-топ:
1.Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде не орындалады?
2. Елтаңбаның авторларын атаңдар.
Топпен бірлесе отырып сұрақтарға жауап береді.
Рефлексия
2 мин «Рефлексивті негіз»
Сабақтың өтуіне байланысты сұрақтар қояды.
Гүлге жауаптарын жазып, құмыраға салады (жапсырады)
«Рефлексивті негіз»
Ән: «Көк тудың желбірегені»