- Учителю
- Планирование по Казахскому языку для 3 класса на тему 'Тұрлаусыз мүшелер'
Планирование по Казахскому языку для 3 класса на тему 'Тұрлаусыз мүшелер'
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: «Тұрлаусыз мүшелер»
Сабақтың мақсаты: Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу. Міндеттері: білімділік: таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру. Пәнаралық және өмір мен байланысты іске асыру,функционалдық сауаттылығын арттыру; дамытушылық:Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру; тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі - өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпейілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Топтық жұмыс, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер (төрттүлік), слайд.
Сабақтыңбарысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Оқушыларды тыныштатып, зейіндерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру: 65-жаттығу
3. Өткен сабақты қайталау
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
3. Бастауыш дегеніміз не?
4.Баяндауыш дегеніміз не?
4. Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау» Суретпен жұмыс.
Төрт түлік туралы сөйлемдер құрастыру.
5. Жаңа сабақ:
«Тұрлаусызмүшелер»
ЕРЕЖЕ:
Сөйлемдегібастауыш,баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады.
Мысалы:
Айгүл гүлді суарды.
Қонақтар төрге отырды.
Біз ұшаққа міндік.
Арман жұмысқа кірісті.
66 - жаттығу "Ой қозғау"
Ауызша орындалады.
Екі бағанадағы сөйлемдерді салыстырып оқу.
1 - топ: Жадыра келді. / Жадыра қалаға келді.
2 - топ: Қоңырау соғылды. / Қоңырау қайта - қайта соғылды.
3 - топ: Мал өседі. / Мал төлден өседі.
Су ақты. / Су арықпен ақты.
67 - жаттығу "Ой шақыру"
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Қарамен жазылған сөздер бастауышқа қатысты ма,баяндауышқа қатысты ма?
6. Сергіту сәті
7.«Өз бетіменжұмыс»
68 - жаттығу.
Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
8.«Шығармашылық жұмыс»
1 - топ: Өтірік сөз жанға қас
2 - топ: Ашу - ақылдың дұшпаны
3 - топ: талапты ерге нұр жауар
Әр топ өздерінің мақал - мәтелдерін оқып, мазмұнын ашады.
9. Қорытынды.
Семантикалық карта толтыру.
Сөздер ----------------- Тұрлаулы мүшелер --------------- Тұрлаусыз мүшелер
қызық
таза
жүгірді
жақсы
күз
гүлді
10. Бағалау
11. Үйге тапсырма