- Учителю
- Өзін- өзін тану 3 сынып 'Қиял арманға жетелейді'
Өзін- өзін тану 3 сынып 'Қиял арманға жетелейді'
Өзін- өзі тану 3 сынып | Мұнайлы ауданы «№7 жалпы білім беру орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі М.С.Джумабекова | |
Сабақтың тақырыбы | Қиял арманға жетелейді | |
Сабақтың мақсаты | Жақсы ниетпен армандай білуіге және оның орындалуына ұмтылу. Қиял, арман туралы түсінік беру
| |
Сабақтың міндеттері | 1.Арман, қиял туралы түсініктері қалыптасып, шығармашылық қабілеттері артады; 2.Өз шығармаларын өмірмен, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, қорытынды шығара біледі; 3.Топта өз ойларын жеткізе біліп,өз көзқарастарын жетілдіреді, армандау, қиялдау арқылы өз алдарына мақсат қоя білуге, сол мақсатқа жету үшін еңбекқорлыққа тәрбиелеу | |
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер | «Ой қозғау», «Мағынаны тану», «Ойлан, талқыла»,
| |
Сабақтың барысы |
| |
| Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті |
І.Ұйымдастыру Психологиялық дайындық | 1.Топқа бөліну.Сұрақтар қою арқылы топ басшысын табу. 2.Тыныштық сәті (алған әсерлері туралы сұрау) | Топқа бөлінеді: 1 топ-«Білім» 2 топ-«Мақсат» 3 топ- «Еңбек» |
Қызығушылықты ояту «Ой қозғау» | 1.Суреттерді көрсету.(алтын балық, ұшатын кілем.... -Балалар, алтын балық, ұшатын кілем, қандай ертегілерде кездесетін кейіпкерлер? 2 Ертедегі адамдар нені қиялдапты? . Топтарға тапсырмалар таратылып беріледі.(ұшатын кілем, алып адам, ұзынқұлақ) « Кешегі қиял - бүгінгі шындық» -Қиял дегеніміз не? -Арман дегеніміз не? | Балалар сұрақтарға жауап береді |
Жаңа сабақ «Мағынаны тану»
«Ойлан, талқыла» Сергіту сәті «Өз біліміңді ортаға сал» Қорытынды Бағалау (мадақтау)
Үйге тапсырма
Кері байланыс | 1.Қадыр Мырза Әли «Арман мен ақыл» өлеңін оқушыларға оқыту «Армен мен ақыл» 2. Сұрақ- жауап алысу -Бала нені армандайды? - Өздеріңнің қандай армандарың бар? -Өз арманыңа жету үшін не істеу керек? .Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа болжау жасау. І -топ "Ана қиялы" мәтінін оқу. II- топ. Мәтін бойынша сұрақтар дайындау. III- топ Мәтінді сахналау Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды) Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды) Жақсы! (алақандарын соғады) Туған өлкем жақсы ма? (құшақтарын жаяды) Жақсы! (алақандарын соғады) Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді) Жақсы! (алақандарын соғады) Биде айналған жақсы ма?(айналады) Жақсы! (алақандарын соғады) Қазақстандық болған жақсы ма? (бас бармақтарын көрсетеді)
Дәйексөз «Армансыз- адам болмайды» 1.Топтық тапсырма: 1топ «Менің қиялымдағы болашақтағы адамдар» 2-топ «Менің қиялымдағы болашақтағы балалар» 3 топ «Менің қиялымдағы болашақтағы әлем» 2.Суреттер таратылып беріледі.(ақша,еңбек...) 3.Ойын «Арманға жету жолы» «Бәрі өз қолыңда» Бейнетаспа арқылы сабақты қорытындылау Топ басшылары топты бағалайды.
«Менің арманым» сурет салу, эссе жазу
Шарларға армандарын жазады. | Балалар өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді.
Өз ойларын жеткізе біледі. Балалар серігіп алады.
Балалар тапсырманы орындайды, қорғайды. Ақшаны таңдаған, еңбекті таңдаған балалар өз сөздерімен дәлелдейді. Топтар бірін- бірі бағалайды Балалар сабақтан алған әсерлерін жеткізеді. |