7


1 сынып Жайлау ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Маңғыстау ауданы Өтес ауылы.Өтес орта мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі

Қосанова Ұлаш.
Жайлау
Сабақтың тақырыбы: Жайлау
Сабақтың мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың міндеті:
1. Мәтін арқылы жайлау туралы түсінік беру
2. Оқушылардың ақыл - ойын, сөйлем құрау дағдыларын қалыптастыру
3. Ұлтжандылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, Сатылай кешен
Сабақтың түрі: қайталау
Көрнекілігі: мультимедиа
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Сынып тазалығын көңіл бөлу
- Сабаққа зейіндерін аудару
II. Жұмбақтар жасыру
- Төрт түлік туралы жұмбақтар жасыру
- Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Төрт түлік қайда өмір сүреді?
- Оларға кімдер қамқорлық көрсетеді?
III. Мәтінмен жұмыс
- «Жайлау» мәтінін оқыту
- Жайлау сөзіне толықтай талдау жасау
- Сатылай кешен бойынша мәтінді ауызша талдау
1.Жыл он екі ай
2.Түрлері
3.Жайлау -
4.Малдың пайдасы
IV. Оқулықпен жұмыс
200 - жаттығу. Сөйлемді оқыңдар. Сызбадағы сұрақтардың орнына сөйлемнен керекті сөздерді қойып жазыңдар. Сөздердің байланысын сызба арқылы көрсетіңдер.
Таңертең бақшада бұлбұл сайрайды.
201 - жаттығу. Сұрақтардың орнына керек сөздерді қойып, төрт сөзден жасалған сөйлем құрап жазыңдар.
Кім?
Неге? тікті
Не?
Керекті сөздер: көйлек, қуыршаққа, Нағима
Грамматикалық тапсырма.
1. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаңдар.
2. Қай сөздің қай сөзбен байланысты екенін сызба бойынша жазып көрсетіңдер.


V.Топпен жұмыс
1 - қатар: Заттың қимылын білдіретін сөздерді жазу
2 - қатар. Заттың санын білдіретін сөздер жазу
3 - қатар. Заттың сынын білдіретін сөздер жазу
VI. Слайдпен жұмыс
«Сөйлемді толықтыр»
Біздің мектеп № .... ұлттық мектеп - гимназия
Біз ... «г» сыныбында оқимыз.
Сыныпта .... оқушы бар
Ұл бала ...., қыз бала ...
Біз сабағымызды.... ке оқимыз.
VII. Қорытындылау
«Гүлдер сұрақ қояды»
1. Буын дегеніміз не?
2. Тасымал дегеніміз не?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
5. Жуан дауысты дыбыстарды ата
6. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
7. Не істеді? сұрағына жауап беріңдер
8. Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерге мысал келдіріңдер?
VIII. Терме диктант
Мектеп
Бұл - біздің мектеп. Мектептің айналасы таза. Мектептің алдында биік талдар өсіп тұр. Әдемі гүлдер отырғызылған.
Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.
IX. Үйге тапсырма
202 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқып, жатқа жазыңдар.
Той бастар
Ақын, әнші той бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Батыр адам қол бастар,
Көпті көрген қол бастар
Заттың атын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
Кері байланыс
Біз бүгінгі сабақта қандай жұмыстар орындадық?
Не ұнады?
Бағалау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал