7


  • Учителю
  • Ашық сабақ. Тақырыбы: 'Өткенді пысықтау' 3сынып

Ашық сабақ. Тақырыбы: 'Өткенді пысықтау' 3сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Сабақтың мақсаты:оқушылардың білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау.Негізгі ойды ұсынуға көмектесу, жеке жұпта, топта жұмыс түрлерінің іздену ортасын құру. Барлық амалдарға есептер мен мысалдар шығару, соның негізінде теңдеу құрып, оның шешу жолдарын анықтау. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

1.Білімділік: ауызша кестеден тыс көбейту және бөлу дағдыларын қалыптастыруға бағыттау.Сабақтарда алған білімдерін тереңдету, өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

2. Дамытушылық: ақпараттық технология құзыреттілікті дамыту. Ұлттық дүниетанымымен байланыстыра отырып, ой- өрісін дамыту, шапшаң есептеуге баулу.

3. Тәрбиелік:оқушыларды алғырлыққа,тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептеуге, ұлттық үрдістерге, өз елінің потриоты болуға, сабақта ынтымақтастықпен « Бәріміз-біріміз үшін,біріміз - бәріміз үшін » деген ұранмен еңбек етуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

-кестені дұрыс қолдану

-өз ойын айтуға үйрену

-дәлелдеуге үйрену

-бір- бірінің жауабын соңына дейін тыңдауға үйрету

Сабақтың көрнекті құралдары: кестелер, деңгейлік тапсырмалар,маркер, ватман, көліктің түрлері,фломастер,кітап, дәптер, түрлі- түсті қарындаш, машина, машиналар макеті,жалаушалар, жылтыр шам,интерактивті тақта,магнитафон. т.б.

Сабақтың әдістері мен тәсілдері: слайдпен жұмыс,топпен жұмыс,кітаппен, дәптермен, дамыта оқыту арқылы қызығушылығын оятатын ойындар,сұрақ-жауап арқылы,СТО жобасы,Ой шақыру,Ой толғаныс,кайталау арқылы жұмыс.

Сабақтың түрі:дәстүрлі емес «Көліктердің түрлері» атты жарыс сабағы.

Сабақтың барысы:I. Психологиялық ұйымдастыру кезеңі. 1слайд. «Қош келдіңіздер!»

«Бәріміз-біріміз үшін, біріміз- бәріміз үшін» деген ұранмен еңбек етуге шақырып, бүгінгі сабағымызды бастайық.

2 слайд.Қонақтармен амандасу.

Сәлем берем халқыма,

Сәлем берем жалпыңа,

Сәлемдесу кіреді,

Ата-дәстүр салтыма.

2 слайд. Шаттық шеңбер.

Көңіл күйіміз қандай?

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Менде сендерді көргеніме қуаныштымын.

3,4,5слайд

- Балалар білімімізді әр қарай толықтыру үшін біз бүгінгі сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз. Қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған.Бұрын жаяу жарыс,өгіз жарыс,тай,құнан жарыспен жеңіп алса,біз бүгін XXI ғасырда , яғни ғылым мен техниканың дамыған заманында жарысқа көліктермен түскелі отырмыз. Ендеше бөлінеті көліктердің түрлерін атап өтейікші. Біздің бүгінгі сабағымызда бұрынғы жарыс сабақтарындағыдай топқа бөлініп отырмыз. Осы топтар бойынша жарысқа түсеміз.Әр топтың көліктерінде нөмір бар. Сол нөмерлерді ала отырып тапсырмаларды орындаймыз.Сонда сол топтың қалташасына жалауша тігіледі. Осы жалаушалар арқылы топ жетекшілері топты бағалайды және сабаққа қатысып отырған оқушыларғада жекелей баға қойылады.

1-топ: « Әуедағы көліктер тобы»

2-топ: « Судағы көліктер тобы»

3-топ: « Жердегі көліктер тобы»

II.Алған білімнің диогонстикасы. Ауызша тапсырма. «Өзімізді-өзіміз тексерейік» ойыны арқылы логикалық тапсырмаларды орындайық. Ми гимнастикасы.№1.

Көліктеріміздің қалташаларыңда әрбір оқушыға бір-бір тапсырмалар тұр, соны оқып, жауап береміз.Дұрыс жауап берілген топтың оқушысына жалауша тігіледі.

1-топ: «Ауадағы көліктер тобына »

1.Ұзындық өлшем бірлігі?-мм.,см.,дм.,м.,км.

2. Қазақиың ұлттық аспабы.-домбыра.

3.Заттың атын білдіретінсөз.-Зат есім.

4.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?-Т.Әубәкіров.

5.Тік төртбұрыштың периметрін, ауданын қалай табамыз?-P-барлық қабырғаларын қосамыз, S-ені мен ұзындығын көбейтеміз.

6.ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тілі?-қазақ тілі.

7. 12 айда неше жыл бар?-1 жыл.

8.Көру мүшесі не?- көз.

2-топ: «Судағы көліктер тобына »

1.Нөлмен аяқталатын екі таңбалы сандар.-10,20,30,40,50,60,70,80,90.

2.Омартада өмір сүетін жәндік.- ара.

3.Көктемде ерте шығатын гүлді ата.-бәйшешек.

4.Есеп шығаруды үйрететін оқулықты ата.-математика.

5.Екі санды қосқанда не шығады?- қосынды.

6.Үш тышқанның неше құлағы бар?- алты.

7.Жарты жылда неше ай бар?- 6 ай.

8.Сенбінің алдында келетін аптаның күнін айт.-жұма.

3- топ: «Жердегі көліктер тобына »

1.Осыдан сегіз жыл бұрын жиырма жастағы жігіт нешеде?- 28 жаста.

2.Аптадағы күн саны.- 7 күн.

3.Ағайынды апалы-сіңлілі адамдардың баласы.- бөле.

4.Бір жылдағы күн саны.-365күн.

5.Сағат,минут,секунд.- уақыт бірліктері.

6.Ең кіші төрт таңбалы сан?-1000.

7.Бір сиырдың аяғы,құйрығы,мүйізі бірге санағанда барлығы нешеу?-жетеу.

8.Біреуі сөйлейді,екеуі көреді және екеуі тыңдайды. Ол не?-тіл,көз, құлақ.

9.Алма ағашында өсетін жеміс.- алма.

Әр оқушы дұрыс жауап берсе, жалауша беріліп отырылады.

Өткен сабақты қайталау. Математикалық диктант. «Ойланып, шығар»ойыны арқылы №2 тапсырманы орындаймыз.

Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазып,көркем жазумен 29 санын жазамыз. Әдемілеп, таза, көркем жазумен жазып шығамыз.Барлығымыз жазамыз.Математикалық диктанттағы есептің шартын оқимын, балалар өрнектерді жазып, мәнін табады.

-Данияда 6 қарындаш бар, ал Дианада одан 2 есе артық. Дианада неше қарындащ бар?-

12 қарындаш.

-Салтанатта 12 фломастер бар, ал Қарлығашта одан 4 фломастерға кем .Қарлығашта неше фломастер бар? - 8 фломастер.

-Айдарда 250 теңге болды, ол 200 теңгеге кітап сатып алды.Айдарда қанша ақша қалды?-50 теңге.

-Құлпынайдан 24кг тосап,қараөріктен 8 кг тосап қайнатылды.Қараөріктен құлпынайға қарағанда неше есе кем қайнатты?-3 кг.

-Бір түйеде 2 өркеш бар.6 түйеде барлығы неше өркеш бар?-12 өркеш.

-10 алманы балаларға 2 алмадан таратты. Неше бала алма алды?-5 бала.

-12 қалам сатып алдынды, ал қарындаш одан 3есе кем. Неше қарындаш сатып алынды? -4 қарындаш.

Дұрыс жауап берілген оқушыларға жалаушалар беріледі.

III.Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.

Білімді тиянақтау. «Қарап ал да, біліп ал » ойыны арқылы №3 орындалып, көліктерге жалаушалары тігіледі.


1-топ. 2-топ. 3-топ.

40


6

900


30

360


6

60


2

600


20

450


90

11


5

80


2

240


6

22

*

3

800

/

4

810

/

90

80


4

64


2

720


8

8


60

320


8

420


70

50


2

240


3

250


50

13


3

560


70

280


7

Келесі қалташадан№4 тапсырманы алайық. Бұл тапсырмада «Қалдықты тап» ойыны арқылы жалаушаларымызды жинаймыз.

1-топ

Бөлінгіш

59

23

47

30

Бөлгіш

6

4

5

4

Бөліндінің мәні

9

5

9

7

Қалдық

5

3

2

2

2-топ

Бөлінгіш

75

29

46

88

Бөлгіш

8

7

5

9

Бөліндінің мәні

9

4

9

9

Қалдық

3

1

1

1

3-топ

Бөлінгіш

28

19

19

28

Бөлгіш

3

2

4

6

Бөліндінің мәні

9

9

4

4

Қалдық

1

1

3

4


Әрбір дұрыс жауапқа көліктеріне жалаушалары тігіледі.

Сергіту сәті: «Демалыс ойынына»келіп жеттік.Ендеше сергіту сәтін жасап көрейік.

Сергіту сәтін жақсы жасағаны үшінде жалаушалар беріледі.

Міне,демалып алдық,ары қарай тапсырмаларымызды орындайық.

Кітаппен жұмыс.93 беттегі №3 №5 тапсырманы орындаймыз.

Асқарда 350 теңге,ал Бектаста280 теңге бар.Олар 70 теңгелік кішкентай батареялардың нешеуін сатып ала алады?

Асқарда-350 тг.

Бекзатта-280 тг.

К.б.-70 тг.

Сатып алады-?

(350+280)/70=630/70=9(кішкентай батарея )

Жауабы:олар 70 теңгелік кішкентай батареялардың 9 -ын сатып ала алады.

Жалаушалар беріледі.

№6 тапсырманы орындайық. «Белгісіз санды тап» ойыны арқылы теңдеуді шешейік.

435+Х=90*8 У-165 =620+173 Х-105= 570-53

435+Х = 720 У-165=793 Х-105=517

Х= 720-435 У=793+165 Х=517+105

Х= 285 У = 958 Х=622

435+285= 90*8 958-165=620+173 622-105=570-53

Сабақты қорытындылау.

№7 тапсырма арқылы тест жұмыстарын жасау. Соңында тексеру.Жалаушаларын беру.

Топта жиналған жалаушаларды санаймыз.

Рефлекция.

Бүгінгі сабақта қандай әсер алдық,не білдік, не үйрендік өз ойымызды ортаға салайық. «Бір тілек,бір ұсыныс » арқылы алдымызда жатқан саймандардың артына бүгінгі сабақта алынған әсерлеріңді,тілектеріңді жазып,сабақтан алған бағаларыңды қойыңдар.

Оқушыларды бағалау.Жекелей оқушыларды бағалау.

Мына жүлдеге тігілген үлкен машинаның жүк салғышына жазған тілектеріңді салып, жеңген топтың жетекшісімен бірге сыныптан шығып кетеміз.

Келген қонақтар сіздер де өз пікір, тілектеріңізді жазып, мына еңбекке баулу сабағында жасаған көлік түрлерін өздеріңізбен бірге алып кетеміз.

Үйге тапсырма беру.94 бет№8.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал