7


  • Учителю
  • Көркем әдебиет 'Менің Қазақстаным'.

Көркем әдебиет 'Менің Қазақстаным'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Менің Қазақстаным»
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларды еске түсіру, бейнелі ойлау арқылы сурет салуға үйрету. Заттың, нәрсенің формасын, түсін, көлемін таба білуге бейімдеу.
2) Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін дамыту.
3) Балаларды мейірімді, адал болуға тәрбиелеу. Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Астана қаласының әсем жерлерінің суреттері. Белсенді тақта.
Жүру барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Өткенді қайталау. (тест тапсырмалары берілді)
1. Ой шақыру стратегиясы
а) Қазір жылдың қай мезгілі?
ә)Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
КҮЗ
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Күн салқындайды
Егін піседі, жинаймыз.
Ағаштар жапырақтары сарғайып, түседі.
Жаңбыр жауады.
Жәндіктер жылы жерге тығылады.
Жұмбақтар шешу.
Торын құрып қояды,
Шыбынды жояды. (өрмекші)
Ызыңдап ән салған,
Жұп-жұқа қанаты.
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады. (шыбын)
Құжынаған тым іскер
Бірлескенде жұмыскер. (құмырсқа)
Өзі кілем түріндей
Құдды қырдың гүліндей.
Гүлге қонса кетеді
Айырмасы білінбей. (көбелек)
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Қосымша мәлімет беру.
Егеменді еліміздің Елордасы - Астана. Есіл өзенінің бойында 1824 жылы әскери бекініс ретінде пайда болған. 1868 жылы қала мәртебесін алды. Бүгінгі күні Астанада 80-ге тарта ұлт өкілдері тұрады. Астана - Қазақстанның астанасы.
Астана қаласы Сарыарқа даласында Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Еуропа мен Азияны жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолының бойындағы қала. Бүгінде Астана қаласы Қазақстанның саяси, экономикалық мәдени және ғылыми орталығына айналды. Астанада Президент Ақ ордасы, Парламент сенаты мен мәжіліс иелері, Конгресс-холл, мұражайлар, мәдени орындар бой көтерген.
2.Астана туралы не білеміз? (Ортаға салу)
Қазақстанның астанасы. 1998 жылдың 6 мамырынан бастап Астана қаласы.
ҚР рәміздері туралы әңгімелеп өту.
3.Астана қаласының ең көрнекті жерлеріне бейнефильмнен шолу жасау.
«Бәйтерек» туралы дәлелдер келтіру.
Елордамыздағы Астана-Бәйтерек монументі еліміздің бүгіні мен келешегінің көрінісі. Бұл Бәйтеректің биіктігі-97 метр.
«Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев.
Тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
.........-жас қалам,
.........-бас қалам.
Төрінде -Бәйтерек.
Тура жолға бастаған.
4. Өз бетімен жұмыс. «Астана қаласының әсем жерлерін бейнелеу.
ІV. «Бес жолды өлең»
Не?-------------------------Астана
Қандай?------------------Әдемі, үлкен.
Не істейді?--------------Көркейеді.
Идея----------------------Астана - біздің бас қала.
Синоним----------------қала
V.Қорытындылау.
Астана қандай? Несімен ұнайды?
VІ.Бағалау
VІІ.Үйге тапсырма.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал