7


Әліппе В дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Атырау облысыАтырау қаласы Амангелді атындағы орта мектепБастауыш сынып мұғаліміКалиева Актоты ХайсаевнаСабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпіСабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға в дыбысы мен әрпін таныту. В дыбысы берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету.Дамытушы
предварительный просмотр материала

Атырау облысы

Атырау қаласы

Амангелді атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Калиева Актоты Хайсаевна

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға в дыбысы мен әрпін таныту. В дыбысы берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету.

Дамытушылығы: В дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелігі: Қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Сабақтың әдісі: Көрнекілік, түсіндіру, танымдық

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, буындар? Слайдтар

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Психологиялық дайындық (хормен)

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл білім үйреткен.

Әліппені оқимыз

Ерекше зор құрметпен.


Бүгін сабағымызда орманға саяхат жасаймыз. Ормандағы ағаштарды аралап, таза ауамен дем алып, еше түрлі аң-құстармен кездесеміз. Алақай, не деген керемет! (Орманның суреті, құстардың дауысы естіледі)

Балалар, орманда адасып кетпей бірлесіп жұмыс істейік, әр тапсырмаларды мұқият тыңдап, білімімізді арттырайық. (Сапарларыңыз сәтті болсын!)

II. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Бағандағы сөздерді оқыту

ә) Мәтінді тізбектей оқыту

в) Мәншүк туралы түсінік

Әлия Молдағұлова - қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Әлия Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген.

Мәншүк Мәметова - қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Мәншүк Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келді.

Дыбыс деген не? Дыбысты айтамыз, естиміз.

Әріп деген не? Әріпті көреміз, жазамыз.

Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады.

Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды.

«Ой шақыру». Жұмбақ жасыру

Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,

Кісі мінсе жарыстан қалыспайды.

Аяғы екеу болғанмен ізі жалыз,

Сағатта талай жерді қарыштайды. (Велосипед)

III. Жаңа сабақ.

В дыбысын бәріміз бірге дыбыстайық. (хормен)

(В - ұяң дауыссыз дыбыс, әндетіп айтуға келмейді)

Дауыссыз автобус

Сөз басында В вокзал

Сөз ортасында вагон

волейбол

Сурет бойынша жұмыс.

Вокзалдың суреті.

Вокзал -


Поезға вокзалдан мінеміз.

Дыбыстық талдау.

Велосипед - 9 дыбыс, 9 әріп, 4 дауысты дыбыс, 5 дауыссыз дыбыс, 4 буын.

Бағандағы сөздерді оқыту.

Оқулықпен жұмыс.

«Вокзал» мәтінін тізбектей оқу.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс

а) В әрпін ауада жазу

ә) В әрпін тақтада жазу

Жұмбақ шешу ойыны

  1. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды (Автобус)

  1. Табанында жолы бар

Төбесінде қолы бар (Трамвай)

IV. Үйге тапсырма:

Мәтінді оқу.

V. Сабақты қорытындылау

- гон, - гон, - гон,

Келіп қалды _ _ _ _ _ (Вагон)


Поезға қай жерден мінеміз? (Вокзал)

Жолаушылар мінгізіп, барар жерге, асығады тез жетпекке. (Автобус)

VI. Оқушыларды мадақтау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал