7


Ашык сабак комектес 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

4 класс

Орынбаева Маржан Жайлаубаевна Бастауыш класс мұғалімі.

Ақтөбе облысы,Байғанин ауданы,Жарқамыс орта мектебі.

Тақырыбы: Көмектес септік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға көмектес септік атау тұлғадағы сөзге -мен, -бен, -пен жалғаулары жалғану арқылы жасалатынын түсіндіру; көмектес септігіне қойылатын сұрақтармен таныстыру.

Дамытушылық: Өткен сабақта өткен септіктер туралы ұғымды кеңейту; оқушыларға көмектес септік жалғауы заңына бағынбай жалғанатынын аңғарту;

Тәрбиелік:көмектес септіктегі сөздердің қалай байланысатынын және сөйлемде тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатынын білдіру.Оқушыларды шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәрбилеу.

Пән аралық байланыс:дүниетану

Түрі :Жаңа сабақ

Әдісі :Түсіндіру ,сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Кәне, барлығымыз шеңбер құрайық,психологиялық тренинг арқылы сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық.

Топқа бөлу . Төмендегі берілген сөздер арқылы топқа бөліну

Атау септік - Домбыра ,шеңбер,терезе

Ілік септік - Батыр-дың, тақта-ның

Барыс септігі- үй-ге,балық-қа,бала-ға

Табыс.септік-кітап-ты,балық-ты,

Жатыс септік- сәуле-де ,кітап-та, су-да

Шығыс септік- аспан-нан ,газет-тен,өзен-нен

1-топ .Атау,Ілік 2-топ .Барыс ,Табыс 3-топ Жатыс,Шығыс


Атау тобы :

Жалғау бермей әйтеуір

Атауды дара беріпті

Тұңғыш ұлы атауға

Кім?не? сұрағын беріпті.

Ілік септік :

Кең дүниені бөледі

Екі сұрақ ұсынып,Кімнің ?ненің? дегені.

Барыс септік :

Барыс болса жарқылдап,

3 сұрақпен қалыпты.

Кімге,неге?қайда -деп,

Жұлдыз болып жаныпты.

Ға,ге,қа,ке -болам деп

4-жалғаумен қалыпты.

Табыс септігі :

Табыс болса байыппен,

Кімді ?нені?ұсынам

-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті,деп

Жалғауым көп қысылам.

Жатыс септігі:

Жатыс болса бүгінде

Кімде?неде? сұрағы

-да,-де,-та,-те боп,

Осы жалғау тұрағы .

Шығыс септігі :

Кімнен ?неден сұраймын.

Сол жалғауға құлаймын.

-нан,-нен,дан-ден,-тан,-тен деп,

Сендерге ғана ұнаймын.


ІІ. Үй тапсырмасы. 109 бет 78 жаттығу.

Бидайдан-ш.с дайындалатын негізгі тағамның түрлері -бауырсақ, нан, шелпек,тоқаш.

Тарыдан-ш.с да сан алуан тағам түрлерін әзірлейді.

Қазақ үшін дәмнен-ш.с, дастарханнан-ш.с үлкен нәрсе жоқ.


Тары, қызыл ірімшік, қант және шыртылдақ май (жылқы майы) қосып дайындайтын жент-ең құнарлы, кенеуі мол ұлттық тағам.

Балалар барлығымыз үй тапсырмасын жақсы орындаған екенбіз.Үй тапсырмасындағы берілген мәтін бидайдан жасалатын,тарыдан жасалатын ас -атасын нан туралы болған екен олай болса , осы тақырыпты жалғастырып мына бір мақалды талдап жіберейік .

Таспен ұрғанды -аспен ұр. (мақал)

Оқытамын,мағынасын түсіндіремін.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

Оқушылар сұрақтарын айтады.Ендеше берілген мақалдағы таспен ,аспен деген сөздерге немен?деген сұрақ қойылады екен. Олай болса бүгінгі сабағымызда кіммен ?немен? деген сұраққа жауап беретін септіктің бірі КӨМЕКТЕС септігі болып табылады.

Тақтаға бүгінгі күннің жадын жазамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ. Көмектес септік

Кенжесімін бүгінде ,

Кіммен ?немен?жүремін .

-мен,-бен,-пен жалғауым

Осы болды таңдауым.

Көмектес септігі атау септікке -мен,-бен,-пен жалғаулары жалғану арқылы жасалады.Бұл жалғауларды көмектес септік жалғаулары деп атайды.

Көмектес септіктегі зат есімдер кіммен?немен?кімдермен?нелермен?деген сұрақтарға жауап береді.

Балалар ендеше біздер бүгін көмектес септіктіктегі сөздермен таныс болу үшін «Гүл құрастыру» ойынын ойнаймыз.

Алдымен гүлдің құрылысын айтып өтейік .Бірінші сабағы ,жапырағы сосын гүлдейді. Олай болса сол гүлдерді құрастыру үшін көптеген тапсырмаларды орындаймыз.

ІV.Дәптермен жұмыс жұмыс:

Гүлдің сабағындағы орындалатын тапсырмалар :

80-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз.

Қарамен жазылған сөйлемге сұрақ қой.Бұл қай септіктің сұрағы?

Атасы Бекзатпен-кіммен ? ұзақ әңгімелесті.

80-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз.

Қарамен жазылған сөйлемге сұрақ қой.Бұл қай септіктің сұрағы?

Нағашы әжемнің үйіне поезбен-немен? бардық.

80-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз.

Қарамен жазылған сөйлемге сұрақ қой.Бұл қай септіктің сұрағы?

Сәкен шалғымен-немен? шөп шапты.


Жапырағындағы тапсырмалар :


81-жаттығу. Мақалды жатқа жаз.Мағынасын түсіндір.

Немен ?сұрағына жауап беретін сөздерді тауып ,тиісті жалғауын ата.

1.Оқу -инемен -к.с құдық қазғандай.

81-жаттығу. Мақалды жатқа жаз.Мағынасын түсіндір.

Немен ?сұрағына жауап беретін сөздерді тауып ,тиісті жалғауын ата.


1.Сумен-к.с ойнама-батарсың.

Отпен-к.с ойнама -күйерсің.


81-жаттығу. Жұмбақты шешіп жатқа жаз.

Немен ?сұрағына жауап беретін сөздерді тауып , тиісті жалғауын ата.

Таңмен -к.с көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Жапырағында орындалатын тапсырма .

83-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз.Бір-біріңе түсіндіре отырып,сөйлем мүшесіне талда.

Көмектес септіктегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын айт?


1.Оқушылар сабақты зор ықыласпен тыңдады.


83-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз.Бір-біріңе түсіндіре отырып,сөйлем мүшесіне талда.

Көмектес септіктегі сөздерсөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын айт?


1.Апай Гүсіммен ұзақ әңгімелесті.


83-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз.Бір-біріңе түсіндіре отырып,сөйлем мүшесіне талда.Көмектес септіктегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын айт?


1.Әсия терезені таза шүберекпен сүртті.


Оқулықпен жұмыс Ауызша орындалатын тапсырма .

84-жаттығу .Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге ат қой.Көмектес септікте тұрған сөздерді тауып өз пікіріңді айт.

Құрлықтың айнала сумен қоршалған бөлігі арал деп аталады.Бір-біріне жақын жатқан аралдар тобы аралдар семьясын құрайды.Оны архипелаг дейді.

Теңіз толқындары жүздеген жыл бойы жағаны шайып бұзады,одан құрлықтың белгілі бір өңірін бөледі.Әуелі әлгі жер бөлігі материкпен жіңішке мойнақ арқылы жалғасып жатқан болады да, түбек деп аталады.Бірте-бірте мойнақты су бұзғаннан кейін арал пайда болады.


Гүлге берілетін тапсырма .


Қосымша тапсырма .Тиісті қосымшаларды орнына қойып,сөйлемдерді оқы.

1.Егістікте қыста қарды трактор (-пен,-мен) тоқтатады.


Қосымша тапсырма .Тиісті қосымшаларды орнына қойып,сөйлемдерді оқы.

2.Дәулет балықты қармақ (-бен,-пен) аулады.


Қосымша тапсырма .Тиісті қосымшаларды орнына қойып,сөйлемдерді оқы.

3.Шынар Астанадан ұшақ(-мен,-пен) ұшып келді.

V .Сабақты қорыту.



Жасаған Гүлдеріне қатысты гүл сөзін қатыстырып сөйлем құрастырту.


VІ.Үйге тапсырма: 85- жаттығу111бет.берілген сөздерге көмектес септік жалғауларын жалған сөйлем құрастыру .

Жинаған көбелектері бойынша бағалау.Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал