7


  • Учителю
  • Открытый урок по математике 'Білімдерін тексеру' (1 класс)

Открытый урок по математике 'Білімдерін тексеру' (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы:  Білімдерін тексеруСабақтың мақсаты:Білімділік: Есеп, өрнек қосынды мен айырмаға өрнек құрастыру және салыстыру арқылы білімдерін тиянақтау.  Дамытушылық: Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой өрістерін кеңейту.Тәрбиелік: Ептілікке, ұйымшылдыққа
предварительный просмотр материала


Мәдениет қазақ-орыс орта мектебі



Ашық сабақ

Математика

1 сынып




Тақырып:














Дайындап-өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Тлеуова Айгүл Серікқызы



2013жыл

Математика Мерзімі: 21.02.2013 ж.

Оқу ісінің меңгерушісі: ________________

Сыныбы: 1


Сабақтың тақырыбы: Білімдерін тексеру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есеп, өрнек қосынды мен айырмаға өрнек құрастыру және салыстыру арқылы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік: Ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тақтаны және дәптерді ұқыпты пайдалануға баулу.

Сабақ түрі: Білімді пысықтау.

Көрнекілігі: Слайдтар, интерактивті тақта, оқулық.

Әдіс-тәсілдер: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, салыстыру.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, ән күй.

Күткен нәтиже: Өз беттерімен жұмыс істеуге машықтандыру. Тапқырлыққа, ойлануға, бірлесіп жұмыс істеуге үйрету.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Психологиялық дайындық

Не үшін?

Екі көзің не үшін керек?

Жақсыларды көру үшін!

Құлақ деген не үшін керек?

Ақыл-кеңес тыңдау үшін!

Екі қолың не үшін керек?

Елге көмек беру үшін!


3. Үй тапсырмасын тексеру.


4. Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабақ ерекше өткелі отыр. Екі топқа бөлініп ойын түрінде жұмыс жүргізіледі.

1топ: "Алғырлар"

Ұраны: "Алға қарай самғаймыз, екілікті алмаймыз"

2топ: "Тапқырлар"

Ұраны: "Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады"

Бұл жарыстың ережесі бар. Біз сол ережелерді сақтауымыз керек.

1. Шуламай тек қана қол көтереміз.

2. Әр топ өз адамдарына көмектесуге болады.

Әр сұраққа мен сендердің алдарындағы тұрған қалташаларына құлпынай салып отырамын. Сабақ соңында әр топтың жинап алған құлпынайын санаймыз, кімде көп болады сол топ жеңімпаз деп аталынады.

Бүгін бізге қонаққа Карлсон келді. Ол седерден көмек сұрауға келіпті. Көмектесеміз бе?

-Карлсон мектепке барғысы келеді. Бірақ жол бойы бірнеше кедергі бар екен. Біз бұларды өтуге көмектесейік. Солай ма?

Ол үшін карлсонға лабиринттен өту керек. Осы лабиринтті өту үшін карлсон 5 тапсырма орындау тиіс, біз сол тапсырмаларды орындауымыз керек.

1-тапсырма. Кім тез?

Есепте:

7+3 9-9 8-6

8-2 9-7 9-4

10-6 2+8 2+7

3+6 7+0 3+5

6-0 3+3 0+9


2-тапсырма. Дәптермен жұмыс.

Сөз есеп:

Концертке 7 әнші қатысты, ал бишілердің олардан 2-еуі артық болды. Концертке неше биші қатысты?

Әншілер-7

Бишілер-?, 2-еуі артық

7+2

Жауабы: 9 биші қатысты.

3-тапсырма. Салыстыр.

6*4+5 7-7*7-7

8*5+2 3+6*6+3

10*8+7 6+0*0+5

Сергіту сәті. "Шырша"

4-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

Есепте:


5-тапсырма. Ой қозғау.


"Алғырлар" "Тапқырлар"

1. Алма бағы жайнаған, 1. Көлден ұшты 7 қаз,

Қызыл алма айналып. Қайтып қонды екі қаз,

Алдым үзіп 5-еуін Қонбады оның нешеуі?

Тағы да алдым 2-еуін Қане, кім тез шешеді.

Алдым сонда нешеуін?

Қорытынды.


Ойлауға

Көп білуге

Үйрендік Шыдамдылыққа

Тапқырлыққа

Көп оқуға



Әр топтың құлпынайларын санап, жеңімпазды анықтаймыз. Әр топқа грамота беріледі.

Үйге тапсырма: 34 бет, 5 есеп


Бағалау. Оқушылардың күнделігімен жұмыс.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал