- Учителю
- Қазақ тілі 'Мәндес сөздер'
Қазақ тілі 'Мәндес сөздер'
Қазақ тілі | Уақыты:18.12.2015 | Кабинет: 23 | Тлеубердиева И.Д. | |
Сабақтың атауы | Мәндес сөздер | |||
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығының әдістемесі | |||
Сабақтың жабдығы | Үлестірмелі парақшалар, | |||
Жалпы мақсаттар |
| |||
Оқыту нәтижесі | ||||
Топқа бөлу | Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз - 1 - топ, қыс - 2 - топ, көктем -3 - топ, жаз 4 - топ болып бөлінеді. | |||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Ынтымақтастық атмосферасы | Оқушылар ережені өздері айтады. - тәртіп сақтау; - белсенділік таныту; - ұйымшылдық; - Жауапкершілік;
| Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. | ||
Үй тапсырмасын сұрау
| Үй жұмысы дәптерлерін тексеру. Мәндес сөздердің ережесін айту. | |||
Қызығушылықты ояту | Жаңа тақырыпты анықтау үшін сұрақ қойылады. Оқушыларға көмек ретінде ребус беріледі. Ертеректе бір ханның Батыр, Ержүрек, Батыл, Өр, Өжет, Өткір атты ұлдары болыпты. Хан ұлдарына үлкен жер бөліп беріп, жеке хандық еткісі келеді. Бірақ балалары бір хандықта тату - тәтті бірге өмір сүруді ойлайды. Сөйтіп ол ат қою үшін бәйге жариялайды: Балалар біз де сол хандықтың атын тауып, бәйгені бірінші болып алсақ қайтеді? Тапсырма: Мәндес сөздер
Мағынасы ұқсас сөздер - Мына кестедегі сөздерге назар аударайықшы: тамақ,, ас, тағам дәм деген сөздер мына сөйлемдерде нені білдіріп тұр?
«Қай сөз артық» ойыны | |||
Мағынаны тану Жаңа сабақ | 4 топқа берілетін тапсырмалар: Қарамен жазылған сөздің орнына мәндес сөз қоямыз. 1.Айгүл -әдемі қыз. 2.Апам тамақ пісірді. 3.Қабанбай-батыр. 4.Арман әкесінің қолғанаты. 1-жаттығу Сөйлемдерді оқы.Қарамен жазылған сөздерді мәндес сөздермен ауыстырып жаз. 2-жаттығу Берілген сөздерге мәндес сөздер тауып жаз. 3-жаттығу Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып,мәтінді көшіріп жаз. | |||
Сергіту сәті | «Қаражорға» биі | Оқушылар билейді | ||
Ой толғаныс | 4-жаттығу Мәндес сөздерді пайдаланып,сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз. Сурет салу. | |||
Үй тапсырмасы | 5-ж,108-бет. | Күнделіктеріне жазады |
Математика
Уақыты:18.12.2015
Кабинет: 23
Мұғалім:Тлеубердиева И.Д.
Сабақтың атауы
Өзара кері есептер. Бір заттың массасы, заттардың саны және жалпы массасы арасындағы тәуелділік
Сілтеме
Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы
Сызба, деңгейлік тапсырма ,карточкалар
Жалпы мақсаттар
1 Білімділік: Шама ұғымын қалыптастыру-бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы масса.Көбейту кестесін жатқа білуін талап ету.
Дамытушылық: Ой-өрісін, зейінін есте сақтауын, көбейту мен бөлу дағдылырын дамыту.
Тәрбиелік: Алғырлыққа, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақтамен жұмыс,жапырақтар,ойыншықтар, жидектер,себет,алма,алмұрт,құлпынай,сары,сұр,көк түстер,стикерлер.
Түрі: Пысықтау сабағы, ойын.
Әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Үй тапсырмасын сұрау
-Балалар, біз бүгін сондай тамаша әрі қуаныш пен ізгілікке толы қоршаған ортаға сәлем бердік. Қане,мына жайдары да жарқын күзгі күнге , мына мейірімді самал желге күлімсірейікші,бір-бірімізге бұрылып,жымия қарап сәтілік тілейік.
-Бүгін сабақта, біз сендермен «Бір заттың массасы,заттар саны, жалпы масса арасындағы тәуелділікке есептер» туралы тақырыбын қорытындылап ,тиянақтаймыз.
-Қазір біз сендермен үш топқа бөлініп отырмыз.Әр топқа тапсырма алды ала берілген.Топқа ат қойып оған ұрандарын даярлау. Сабақта топ арасында сайыс өткелі тұр. Мықты топ,шапшаң топ және алғыр топ атағына ие боласыңдар.
-Сонымен әр топ өзін таныстырып өтсе.
А) топтың таныстыруы
2.Ауызша есеп «Араға бал жинауға көмектес»
Көбейту мен бөлу тәсілдерін бекіту.
-Біздің күзгі орманымыз керемет, онда әлі де гүлдер гүлдейді, бірақ қарапайым емес,сиқырлы. Ара осы күнге дейін бал жинап жүр .Бал жинауға көмек керек екен.Көмектесейік араға балды жинасуға. Жылдам ,шапшаң есептейік.
Топ алдарында жатқан ойыншық арқылы дыбыстап жауап бересіңдер.Қай топта дыбыс бірінші болып естіледі,сол топ жауап береді.
-Тамаша ,рахмет.
3. Жылдам есепте, дәлелде.
1 есеп, 69 бет.
Бір заттың массасы Заттар саны Жалпы масса
8кг 3 ?
-Жалпы массаны табу үшін не істеу керек? Қандай амалды қолданасыңдар?
8*3 Жалпы масса бір заттың массасының заттардың санына көбейтіндісінің мәніне тең.
Ә) 8кг ? 24кг
24:8 Бір заттың массасын табу үшін,жалпы массаны заттар санына бөлу керек.
Б) ? 3 24кг
24:3 Заттар санын табу үшін, жалпы массаны бір заттың массасына бөлу керек.
2. Есептер құрастыр және оларды шығар:
Алма,алмұрт,құлпынай.
-3есеп әр топ өздеріне күздің бояуларын таңдау арқылы тапсырмаларға ие болады. Қалай ойлайсыңдар не себептен осындай түстер таңалған?Ненің белгісін білдіреді?
-Әрине,күз мезгілінің. Сәт сапарға атанып тапсырмамызды орындауға кірісейік.
5;6;12;14; 24;8;9 сандарының ішінен: 2 санына; 3 санына; 1 санына бөлінетін сандарды жаз.
3. Өрнектерді салыстыр:
Берілетін уақыт 3минут . Сол арада есепті жылдам есептеп ,аяқтау керек.
1-топ 3*5+3 3*4-3 2-топ 2*2+2 3*2+3 3-топ 3*4+1 2*8+0
2*6+2 6*2+6 2*5+5 2*4-2 7*3+2 2*9+5
-тамаша! Ойынымыз жалғасуда.Келесі сайыс тез есепте.
Өрнектердің мәндерін тап.
856-327 483+395 234+198
243+157 900-436 703-122
Ойын: «Допты ұстап ал»
Мұғалім допты кез келген топқа лақтырып сұрағын қояды.Сендер тез арада жауап қайтарып допты қайтарасыңдар.
--2кірпінің құлағы нешеу?
-2 аптада неше күн бар?
-2 қораздың аяғы нешеу?
-2 көжектің аяғы нешеу? 3 кірпінің?
-5 торғайдың аяғы нешеу?
-Тамаша. Келесі тапсырма геометриялық фигуралар.
Периметрі 4 сантиметрге тең төрт бірдей шаршыдан үлкен шаршы құрастырылды.Үлкен шаршының периметрін тап.
4*4 16
16+16+16+16 64см
-Өте жақсы, балалар тапсырманың барлығын жақсы орындадыңдар. Ал енді соңғы тапсырма. Математикалық диктант. Тек қана жауабын айту міндет. Топ жауап бере алмаса келесі топ жауап береді.
8 есеп, 71 бет.
1топқа Бір сыйлықтың массасы 2кг. Осындай 4 сыйлықтың массасы ----кг.
2-топ Бір бидонға 9кг қаймақ бар.Осындай 3 бидонда --------кг қаймақ бар.
3-топ Бір қорап кәмпиттің массасы 7 кг. Осындай 3 қораптың массасы -кг.
-Әрине,жауапты жылдам және тез арада жауап қайтардыңдар сол үшін барлықтарына алғысым шексіз.
Рефлексия.
Ойын. «Түс»
-Мен сан жасырдым,ол үшін ондықтан,нөл бірліктен тұрады, 18-ді азайттым,6-ны қостым,7-ні азайттым,5-ті қостым,11-ді азайттым. Шыққан санды дәптерге жазыңдар. Сендерде сабаққа қойылатын баға шығуға тиіс.
-Өте тамаша.
Қорытынды.
- Біз сабақта нені үйреніп,қандай қорытындыға келдік?
- Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдыңдар?
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Сергіту сәті
Ой толғаныс
Үй тапсырмасы
Оқулықта қалған тапсырмаларды орындау
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.
Күні:18.12.2015
Пәні: Елтану
Сыныбы: 3 «Г»
Каб 23
Тлеубердиева И. Д.
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстанның өзендері
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға өзенннің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын, қасиетін ұғындыру. Қазақстандағы өзендердің түрлері мен көлемдерін білдіру.
Оқыту нәтижелері:
Оқыту үрдісіне енгізілген әдіс - тәсілдер арқылы білім сапасының артуына қол жеткіземін.Оқушылар өзеннің адам өміріндегі пайдасын, қасиетін, маңызын біледі. Қазақстандағы өзендердің түрлері мен көлемдерін біледі.
Берілетін ақпарат аясында оқушылар сыни ойлай отырып, диалог құрастыра алады, дұрыс сұрақтар қоя алады, топтасып, жұптасып жұмыс істей алады.
Бірін бірі бағалай білуге,пікірін ашық,жүйелеп жеткізе білуге үйренеді.
Негізгі дерек көздер:
Плакат,стикер, маркер, слайд, түрлі суреттер, Қазақстан картасы.
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері:
Жаңа сабақ. Сұрақ -жауап, СТО стратегиясы : ББҮ кестесі, шығармашылық тапсырма, жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру,
Сабақ барысы:
Сабақ бөлімдерінің кезеңдері
Уақыты
Мүғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар,
көрнекілік
Ұйымдастыру
кезеңдері
2 мин
1.Ынтымақтастық атмосферасына арнап, психологиялық ахуал.
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
Сылдыр-сылдыр шапалақ
Міне менің қолым,
Міне менің жүрегім
Сені жақсы көремін
2. Оқушыларды топқа бөлу.
Гүлдердің түріне байланысты топқа бөлінеді.
«Раушан» тобы, «Қызғалдақ» тобы, «Түймедақ» тобы.
«Жауқазын» тобы
Топ ережесі
Гүлдердің суреттері
Үй
тапсырмасын сұрау.
7 мин
Желтоқсан құрбандары
оқушы сұраққа жауап береді.
Өз-өздерін бағалайды. Бармақпен бағалау
Ой қозғау
7 мин
«Ой қозғау» стратегиясы.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында.
Табиғат дегеніміз не?
Табиғатқа нелер жатады?
Тірі табиғат деген не, өлі табиғат деген не?
Екеуінің айырмашылықтары қандай?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Аспанмен тілдескен биік таулар, ақбас шыңдар, таудан сарқырап ағып жатқан өзен, көк майса, өрлей өскен шыршалар, табиғатқа ерекше көрік сыйлап тұрған әсем гүлдер. Өзен жағасында маржан тастар, жануарлар. Міне осылардың барлығы бізді қоршаған табиғат деп аталады.
Жаңа сабақ
Сыни тұрғыдан ойлау
Бағытталған оқу әдісі
17 мин
1.Қызығушылықты ояту.
«Сөзжұмбақ» шешу.
1.Қазір жылдың қай мезгілі? / Қыс/ 2. Абайдың әжесі кім? / Зере/ 3. Астананың символы /Бәйтерек/ 4. Қ.Р. тұңғыш президенті кім? /Нұрсұлтан/ Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бергенде сөзжұмбақтың ішінен ӨЗЕН деген бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбы белгілі болады.
1 - топ. Өзен қалай пайда болады және оның пайдасы?
2-топ. Қазақстандағы қандай өзендерді білесің?
Қала аймағында өзен бар ма, ол жайлы не білесің?
3-топ.
Өзенді қалай ластамау керек?
Оқулықпен жұмыс
а) Оқушылардың оқуы.
Әдісі: іштей оқу, тізбектей оқу, «түртіп алу» стратегиясы
ә) сөздік жұмысы
әдісі: талдау, түсіндірмелі, дәптерге жазып алу
Қосымша Қазақстандағы ірі 7 өзеннің аттары мен көлемдерін дәптерге жазғызамын.
Жеке оқушылармен жұмыс
Өлеңнің әрбір шумағын бір бір оқушыға оқытып, қара сөзбен әңгімелету.
Сөзжұмбақ шешеді.
Кері байланыс ретінде үш топ постер дайындайды және қорғайды. (стикерлерге жазады)
Сыни тұрғыдан ойлайды
Даналық ағашының бұтақтарына стикерге жазып, жабыстырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
.
Интербелсенді тақта
Постер, стикер, маркер
Сергіту сәті
2 мин
Сергіту сәті «Табиғат» әуені
Табиғат тамашалары жайлы көріністі әсем әуенімен тыңдап, дене қимылдарын жасайды.
Шығарма
шылық тапсырма
5 мин
4 топқа шығармашылық тапсырма беремін.
І т. Су туралы мақал - мәтелдер айтады
ІІ топ. Су туралы тыйым сөздер
ІІІ топ. Су туралы жұмбақ жасырады.
IVтоп
ББҮ кестесін толтырады
Венн диаграммасын толтырады
Дарынды оқушыға «Табиғат және адам» тақырыбына әңгіме жаздырамын,үлгерімі төмен оқушыға сематикалық картаны толтыртамын
Өзен жағалағанның өзегі талмас.
Бұлақ болмаса, өзен болмас еді.
Ел көркі - мал, өзен көркі - тал.
Жеке жұмыс
Жұптық жұмыс
Су туралы тыйым сөздер
Суға түкірме.
Кір жуған суды суға төкпе.
Адамға су шашпа.
Түнде суға бармайды.
Рефлекция
3 мин
Стикерлер таратамын
Не нәрсе оңай болды?
Не нәрсе қиын болды?
Не білгіңіз келеді?
2 жұлдыз,1 тілек
Өз ойларын жазады.
Бағалау
2 мин
1.Бармақпен бағалау
Қазақстанда 85 мыңнан астам ірілі - уақты өзендер бар. Бірақ соның ішінде 1000 км- ден асатын 7 ірі өзендер бар.
Соларды атап айтсаң:
1. Е.... -4242 км.
2. Т.... -1600км.
3. Ж.... -2428 км
4. Е... -2450 км
5. С....... - 2212 км
6. І.. -1400км
7. Ш. -1180км
ББҮ кестесі
18.12.2015
3 «Г» сынып оқушысы:
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
ББҰ кестесі
18.12.2015
3 «Г» сынып оқушысы:
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
ББҰ кестесі
18.12.2015
3 «Г» сынып оқушысы:
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
СЕМАТИКАЛЫҚ КАРТА
Табиғат
құм
өсімдік
ауа
топырақ
құстар
жер
жануар
су
Тірі табиғат
Өлі табиғат
СЕМАТИКАЛЫҚ КАРТА
Табиғат
құм
өсімдік
ауа
топырақ
құстар
жер
жануар
су
Тірі табиғат
Өлі табиғат
СЕМАТИКАЛЫҚ КАРТА
Табиғат
құм
өсімдік
ауа
топырақ
құстар
жер
жануар
су
Тірі табиғат
Өлі табиғат
СЕМАТИКАЛЫҚ КАРТА
Табиғат
құм
өсімдік
ауа
топырақ
құстар
жер
жануар
су
Тірі табиғат
Өлі табиғат
Ереже
-
Кешікпей келу.
-
Күнделікті тапсырмаларды уақытында орындау.
-
Топтың тәртібін, ауызбіршілігін сақтау .
-
Мұғалімнің (өзгенің) пікірін тыңдау.
-
Көмектесу.
-
Уақытты үнемдеу .
-
Жетістікке, нәтижеге жету .
Пәннің аты
Денешынықтыру
Уақыты:18.12.2015
Кабинет:с/з
Мұғалім: Тлеубердиева И.Д.
Сабақтың атауы
«Үш орныдық»
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, денелерін жаттықтырады білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық
«Жүректен - жүрекке» шеңбері
- Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те - бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Топқа бөлу
Геометриялық фигуралар үлестіріледі
Оқушылар таңдаған фигураларына сай топтарға бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту
Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым тамашалау
«Үш орныдық»
Сергіту сәті
Жаңа сабақ
Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дене жаттығулрын жасау
Ой толғаныс
Аңшылар (ойын)
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жануарлар дүниесінен, аңшылықтан туындайтын ұлттық ойындарының бірі - «Аңшылар» ойыны.
Ойынға қатынасушылар араларынан біреуін ойын жүргізуші етіп сайлап алады да, кең жазық алаңға жиналады.
Жүргізуші күні бұрын белгіленіп сызылған шеңбердің (радиусы 5-10 м) бойына, қолына доп беріп, үш жерге үш ойыншыны тұрғызады,- бұлар «аңшылар». Қалған ойыншылар «үйрек» болып, ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша шеңбердің ішіне жамырай жүгіріседі де, «Тоқта!» деген кезде бәрі орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде «аңшылар» қолдарындағы доптарымен «үйректерді» атқылай бастайды. «Аңшылар» атқылаған кезде «үйректерге» доптан бұлтаруға болады, бірақ тұрған орнынан жүріп кетуге болмайды. «Өлген үйректер» аңшыны алмастырады, ал «үйректерге» тигізе алмаған «аңшылар» доптарын алып қайтадан атқылайды. Осылайша үш «аңшы» орындарын ауыстырғаннан кейін ойын қайта жалғасады.
Үйге тапсырма
Мазмұндау
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
1.Бармақпен бағалау
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады