7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағаты Өнеге отбасынан басталады (3 сынып)

Ашық тәрбие сағаты Өнеге отбасынан басталады (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Өнеге - отбасынан басталады».

Сабақтың мақсаты:

Ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан, топ бастайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі екендігін санамызда жаңғырту. Үш тұлға: ата-ана, бала, ұстаз арасындағы ашық әңгіме арқылы ұлттық қазақы тәрбиемізді оқушы санасына сіңіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Бала тәрбиесінде ата-ананың орынының ерекше екендігін түсіну.

Міндеттері:

- үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

- ата тегіне , ата-анаға деген қамқорлықтарын арттыру;

-өзара татулыққа, құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Сынып сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, суреттер, А4,презентация.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Балалар шаттық шеңберін құрып, «Сағат- минут» әдісімен сағат тілі бойынша ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер болып бір-бірімен бас иіп, жымию т.б арқылы амандасады.

Топқа бөлу: «Ана-әке», «Ата-әже», «Аға-іні», «әпке- сіңлі».

</ Тақырыппен танысу :

Бүгінгі сабақты ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай: Отбасы - отанымыздың ошағы.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады,- дей келе сабақтың тақырыбымен таныстыра өтейн «Өнеге отбасынан басталады».

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы. Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға үлгі бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей жақсы тәрбие беру ата-ананың парызы.

Тапсырма:

Балалардың отбасындағы сыйластықты түсіндіру мақсатында мынадай «Ойланайық, пікірлесейік» айдары арқылы қойылады:

«Отбасы жарастығы», «Отбасы» дегенді қалай түсінеміз?

«Адам отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?»

Баратова Аружан:

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен. Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.

Нұрғали Диас:

Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешесіне қарап бой түзейді. Ата-ана балаларына үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардың үйренеді, көргені қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге





жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы - асқар- тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.

Ерланұлы Санжар:

Бүгінгі дүниеге келген бала - ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ ата-ана мен сабырлы да салиқалы ата-әже. «Өнеге отбасынан» демекші, халықтық тәлім-тәрбиенің бастауы отбасының өмірінде жатыр. Ата-бабаларымыз кезінде оқу оқып білім алуға мүмкіндіктері болмай, көшіп-қонып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиеленген.

3. Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке, іні мен қарындас - біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата - бәйтерек,бала -жапырақ», «Әкеден - ақыл,анадан- мейір», «Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың - тынысы бар»,-дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз-бақыттымы

Бейнеролик көру.

Мұғалім: Оқушылармен ой бөлісуге ұсыныс жасайды.

«Отан- отбасынан басталады» деген ұғымды қалай түсінеміз?

Мұғалім:

Әке мен ана - шаңырақтың тірегі.Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді, мақалдарды да көп кездестіруге болады.

Отбасы туралы ұлағатты сөздер білеміз бе?

1. Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі.

2.Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

3.Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

4. Отан- отбасынан басталады.





Тақпақтар:

Баубеков Әбубәкір

Кеңес Әсел

Суретпен жұмыс:

Әр адамның атқарған ісінде, жүріс-тұрысында сыйластық пен үлкенді құрметтеу болатынын оқушылардың өздерінің пайымдауларына бағыт беру. Мұғалім оқушылардың назарын аударып :суреттерде берілген негізгі ойды жалғастыру мақсатында «Өзгеге жасаған ізетің- өзіңе жасаған құрметің» деген халық даналығына мән береді.Құрмет көрсетіп, отбасыңнан алған тірбиеңді көрсете алсаң, ол сен үшін ғанибет.

Тақпақтар:

Жұман Аида

Тұрғынбек Досжан

Елубай Ақбөпе





Қорытынды:

Жүректен жүрекке.

Әр топ келесі топқа қонаққа бара отырып, өздерінің бүгінгі сабақтан түйген ой пікірімен бөліседі.

Қорытынды мұғалім сөзі:

Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады.

Балалардың бүгінгі сабаққа арнауын «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал