- Учителю
- Ашық сабақ. Қош келдің,Наурыз! (3 класс)
Ашық сабақ. Қош келдің,Наурыз! (3 класс)
Ақтөбе қаласы.
№ 37 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Утенова Г.Е.
Пәні:Әдебиеттік оқу.
Мерзімі:18.02.16 ж.
Сабақтың тақырыбы: М.Дулатов. Қош келдің, Наурыз!
Сабақтың мақсаты: Автор туралы мағұлмат бере отырып, «Қош келдің, Наурыз!» әңгімесін оқушыларға меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: М.Дулатов туралы мағұлмат беру.Наурыз мейрамы - ұлттық мейрам екенін түсіндіре отыра осы мейрамды басқа да елдерде атап өтетінін топтық жұмыстарды өткізу арқылы ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту арқылы сөйлеу тілін дамыту,сауатты,көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылыққа,бірлікке,жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды игеру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО,түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: автордың суреті,ою-өрнектер
I.Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
Оқу-құралдарын тексеру.
2.Психологиялық дайындық.
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап
Таңдай арайлап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Сабағымызды бастаймыз.
3.Топқа бөлу: Оқушыларды оюлар арқылы топқа бөлу.
4.Үй тапсырмасын тексеру: Қабыкен Мұқышев.Көктем (Өлеңді мәнерлеп оқу)
II. Қызығушылықты ояту:
Ребус (шешуі: Наурыз)
5. Автор туралы мәлімет.(слайд)
Міржақып Дулатов 1885 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келген. Қызмет жолын мұғалімдікқызметтен бастаған. Содан соң «Ақжол» газетінде редактор,Семейде сот қызметкері болып қызмет атқарған. Алғашқы кітабы - "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді.Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады.1928 жылы репрессияға ұшырап, «Халық жауы» деген айыппен 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды.
6.Топтастыру:
III.Мағынаны тану:Оқулықпен жұмыс.
</• Мәтінді түсіндіру (мұғалім)
• Сөздікпен жұмыс (слайд)
• Тізбектеп оқыту (оқушылар)
• «Қар жаудыру» әдісі.(Оқушыларға мәтінге байланысты сұрақты мен бастап қоямын,оқушылар әрі қарай бір-біріне лақтырып,сұрақтар қойып жалғастырады)
IV.Сергіту сәті.
V. «Кім шапшаң?» ойыны.
Ережесі: 4 топқа әртүрлі тапсырмалар беріледі.Оқушылар берілген
мәтінді оқып топтастырып,суретін салып,түсіндіру керек.
1-топ «Қаз мойын»: «Наурыз- ұлттық мейрам»
2-топ «Қошқар мүйіз»: «Қазақтың салт-дәстүрлері»
3-топ «Домбыра»: «Қазақтың ұлттық ойындары»
4-топ «Құс қанаты»: «Қазақтың ұлттық тағамдары»
VI.Ой толғаныс: «5 жолды өлең» стратегиясы.
Ережесі:
1 жол: зат есім
2 жол: сын есім
3 жол: үш етістік
4 жол: бір толық сөйлем
5 жол: бірінші зат есімге синоним сөз.
VII.Қорытындылау: ББҮ әдісі.
VIII.Үй тапсырмасы:Мәтіннің мазмұнын айтуға дайындалу.
IX.Бағалау.Оқушыларды бағалау парағымен бағалау.Мысал: