- Учителю
- Қазақ тілінен Сабақ жоспары 'Етістік'
Қазақ тілінен Сабақ жоспары 'Етістік'
Сабақтың тақырыбы: Еістік
Сабақтың мақсаты:
1. Етістік туралы берілген түсініктерін кеңейту, білімдерін жинақтау, бекіту, шығармашылық жұмыс жасау. ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Түрлі тапсырмалар арқылы негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыру.
2.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, сыни тұрғыда ойлауға, тілін, шығармашылығын дамыту.
3. Отан сүйгіштікке ,тапқырлыққа, әдемілікке, адамгершілікке, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік және семантикалық карта бойынша жұмыс
Қолданылған стратегиялар: Ой қозғау,тірек сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сан дәуірден сарабдал асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам.
Күмбірлеген үніңе құлақ түрсем,
Құм астында көмілген ғасырды ұғам
Сенде-қайсар халықтың азат күні,
Сенде- ата - бабамның азап мұңы.
Абай туған ғасырда әлем танып
Байсал тапттың киелі Қазақ тілі.
Міне, оқушылар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амандасып, сабағымызды бастайық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Оқушыларды 3-топқа бөлу
1-топ «Зат есім»
2-топ «Сын есім»
3-топ «Етістік»
Сабағымыз бірнеше бөлімнен тұрады.
1 - бөлім «Ой қозғау»
2 - бөлім«Сәулең болса кеудеңде»
3 - бөлім «Ойға түстім, ойландым»
4 - бөлім «Пантомимо» ойыны
5 - бөлім «Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең табарсың»
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, өткенді қайталау.
1-бөлім «Ой қозғау» сұрақтарға жауап алу - ауызша.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Зат есім түрлерін ата.
3. Кітап сөзін тәуелде.
4. Сөз таптарын айтып бер.
5.Жалқы есімге мысал айт.
6.Алма сөзін тәуелде.
7. Негізгі зат есімнен туынды зат есім жаса.
8.Мақалдың жалғасын тап.
• (Ел көркі ______,
• Өзен көркі______)
9 Мақалдың жалғасын тап.
(Кітапсыз ____ ____,
Білімсіз ____ ____)
III.Жаңа сабақ.
1. Ойын: Үн қатпа !
Әр қатардан бір-бір оқушы шығып, үн қатпай тек қимылмен ғана көрсетеді.
Бір оқушы тақтаға әр қимылды сөзбен жазып шығады.
Отырды, жүрді,
тұрды , айналды, биледі.
- Тақтадағы сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
- Бұл сұрақтар қай сөз табының сұрақтары ?
- Етістік.
2 - бөлім «Сәулең болса кеудеңде» бөлімінде әр топқа сурет беріледі.
• Суретке қарап сөйлем құрау
3-топқа сурет бойынша әңгіме құрау.
1-топ Зат есім
2-топ Сын есім
3-топ Етістік
Оқулықпен жұмыс.
7-жаттығуды ауызша орындайды.
3. Дәптермен жұмыс
А) Күн ретін жазу
Ә) Тақырыпты жазу.
Б) Көркем жазу.
8-жаттығу. Етістіктіктерді қатыстырып сөйлем құрау .
3-бөлім «Ойға түстім, ойландым» бөлімінде жұмбақты жатқа айтып жазу.
9 жаттығу.Өлеңді оқып жатқа жазу.3 қатардан 3 оқушы шығып өлеңді жатқа жазып,етістіктің қай сөзбен байланысып тұрғаннын табу.
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.
4 - бөлім «Пантомимо» ойыны бөлімінде әр топ басшысына сөйлем беріледі. сол сөйлемді қимылмен көрсетіп, қалған оқушылар шешеді.
Таңертең ұйқыдан тұрып, жаттығу жасап, төсегімді жинадым.
Беті қолымды жуып, тамақ ішіп, сабаққа киіндім
Балаларға телефон соғып, футбол ойнауға шақырып едім, олар қуанды.
Сабақты қорытындылау 10-жаттығу
5 - бөлім «Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең табарсың»
Шығармашылық тапсырма. төрт жол өлең құрастыру.
1-топ
Көктем қандай..........
Күміс жаңбыр..............
Мөлдір аспан................
Күннің көзі.................
2-топ
Тастан тасқа секіріп ,
Жем тереді.......
3-топ
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы......
Етістікті тауып, сұрақ қою.
Үйге тапсырма. 11-жаттығу.Сөйлем құрау.
Оқушыларды бағалау. Табыс критерилері арқылы өзін-өзі бағалау.
«жасыл» -мен жақсы орындадым
«қызғылт»-мен жартылай орындадым
«сары»- тапсырманы орындауға көмек керек болды.