7


  • Учителю
  • Өзін- өзі тану сайыс сабақ 7,8 6 сыныптар

Өзін- өзі тану сайыс сабақ 7,8 6 сыныптар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқырлар - әуенді тап !



Сазды ойынның мақсаты: Оқушылардың әнге деген құмарлығын байқау және балалардың түрлі әндерді білуі, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы сазға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.



Қолданылатын көрнекіліктер: Сазды ойынға арналған оқушылар ұпайын анықтайтын әртүрлі қағаздан топ аты көрсетілген аспаптар, техникалық құралдар,слайд тағы басқалар.



Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар сыныпқа саз әуенімен енгізіледі, үш топқа арналған орындар дайындалған, және жүргізуші.



Сазды ойын барысы:

-Қош келдіңіздер оқушылары және бүгінгі біздің сазды ойынымызға қатысушы өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын өнерқұмар ән сүйер ойыншылар!

«Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Жүрекке түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй!»

- деп ұлы Абай атамыз айтқандай ән өнерін сүйетін,шәкірттерге арналған ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі ойынымызға 6 «а»,7 «а»,8 «а» сынып оқушылары қатысады.



Әр топтар өздерін таныстырып өтсін



«Домбыра» тобы

Ойынға келді топ «Домбыра»

Әнге құмар жандар дара

Қолпашта бізді уа, халайық!

Ойнап біздер қуантайық



«Қобыз» тобы

«Қобыз тобы тамаша,

Салады әнді жаңаша.

Ойынымен таңқалдырар,

Ойыншылар жараса»

«Сазсырнай» тобы

«Сазсырнай» тобы ерекше

Тапқырлығы өзгеше

Байқаңдар топтар біздерден,

Әуеншілер біздер ерекше.

Енді музыкалық ойынның шартын түсіндіріп өтейін. Бүгінгі сазды ойынымыз төрт бөлімді сайыстан тұрады:



1. « Әуенді тап» деп аталады, мұнда біздің ойыншылар мультфильм,мектебім,халық әні, балалық тақырыбындағы әндерді тауып, 10,20,30,40 деген ұпайларды иемденеді.



2. «Тыңдап көр» деп аталады мұнда әуеншілер «Қазағымның күйлері-ай тақырыбындағы әуендерді табады. 10 балдық жүйемен бағаланады.



«Сергіту сәті» Кел, билейік !



3. Ойлан, тап! Ойыны «Керемет жетілік» деп аталады, мұнда әр үш топқа арнайы уақыт беріліп,ұяшықтағы сандарды таңдап, ол санда қандай нота тұрғанын ойыншылар тобымен ақылдасып табады





4. «Анаға сәлем» айдарымен үй тапсырмасы. Мұнда әр топ үйден дайындап келген мерекелік өлеңдерін айтады.



Ал енді ойынымызды бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныс болыңыздар!

1.

2.

3.

Бірінші «Әуенді тап» сайысын бастаймыз. (Шеберлікпен тауып, тіпті білсек орындап та жіберуге болады)



1.

2.

3.

4.

Мінекей осымен бірінші бөлім әндері аяқталды. Ұпайларын берсеңіздер.



Ал енді екінші сайысымыз «Тыңдап көр!» айдары қандай әуендерді сыйлайды екен, қабыл алайық. 1.

2.

3.

4.

Қанекей біздің ойыншыларымызға зор қошемет, өйткені екінші сайыс аяқталды.Ұпайларын білсек.



Енді біз бойымызды сергітіп алу мақсатында кезекті биге береміз .

СЕРГІТУ СӘТІ.



Келесі кезекті сол нәзік әуен,әуезді ырғақ беретін «Керемет жетілік» деп аталатын ойлан, тап ойын-сайысына береміз.

ДО,РЕ,МИ,ФА,СОЛЬ,ЛЯ,СИ.



Құрметті әділқазы алқасы бағаларын берсеңіздер.



Үлкен рахмет құрметті ойыншылар! Енді сендерді соңғы сайыс «Анаға сәлем» атты ән сайысы күтіп тұр, үш топқа ана тақырыбына ән жаттап келу тапсырылған болатын, сол әндерін әр топ жеке ұсынады.

Әнді топ болып орындаулары қажет.



Өнерпаздар жарысып сан - саналы,

Жиын десе, той десе жан салады.

Бүгінгі Саз әлемі сайысында,

Әуелеген әсем ән жолданады



Домбыра тобы:

Қобыз тобы:

Сазсырнай тобы:

Ұпай сандары:

Оқушылар «Көңілді тапқырлар, әуенді тап» музыкалық ойынының соңғы бөлімі аяқталды. Біз енді әр топтың жинаған ұпай санын санап жеңімпаз топты анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

1-орын:

2-орын:

3-орын:

Құрметті ойыншылар, көрермендер сазды ойынымыз аяқтаймызүҚош сау болыңыздар!











Макин орта мектебі

















Тақырыбы:Көңілді әуендер.











Өзін- өзі тану сайыс сабақ 7,8 6 сыныптар









Мұғалім: Бокен Ж.























2016 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал