- Учителю
- Қазақ тілі Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Қазақ тілі Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Өскемен қаласы әкімдігінің №46 орта мектебі
Мұғалімі: Раздыкова Лида Дүзкенқызы
Пәні: қазақ тіліСыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру
Көңіл-күйлерін білу.
Гүлдердің түстері арқылы 2 топқа бөлу
Оқушылар өздерінің көңіл-күйлерін шапалақ арқылы білдіреді.(орташа-1шапалақ,жақсы-2 шапалақ)
Қызығушы
лықтарын ояту
«Миға шабуыл» стратегиясы. Түрткі сұрақтар беру.
-Зат есім дегеніміз не?
-Зат есімнің түрлерін атаңдар.
-Жалқы және жалпы есім дегеніміз не?
-Зат есімнің көпше және жекеше түрі дегеніміз не?
Сұрақтарға жауап береді. Дәлелдейді.
Мағынаны таныту
Оқулықпен жұмыс .
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу.Дд Дд
«Идеяларды талқылау».
Екі топқа екі түрлі тапсырма беру.
1-топ 2-топ
бала дәрігер
үйрек қоян
дәптер қалам
мысық ана
өзен оқушы
Берілген сөздер кімдер?,нелер? деген сөздерге жауап беру үшін қандай өзгерістерге ұшырайды?
348-жаттығу
1.Мәтінді оқу.
2. Сөздік жұмысын жүргізу.
Тамақ -азық,қорек.
Тері-денені микробтардан, ыстық пен суықтан қорғайтын бөлік.
3. «Сұрақ-жауап» әдісі.
-Мәтінде не туралы айтылған?
- «Табиғатты қорғау » дегенді қалай түсінесіңдер?
4.Зат есімнің көпше түрін теріп жазыңдар.
Оқушылар топпен,жұппен жұмыс жасайды.
Топтар бір-біріне толықтыру енгізеді, және ережені қорытып шығарады.
Жекелей,жұппен жұмыс жасайды.
Жұптық жұмыс
Сергіту сәті
350-жаттығу
1.Жаңылтпашты жатқа жазыңдар.
2.Аралар сөзіне талдау жасаңдар.
Бейнебаян арқылы сергіту сәтін жасату
Бірін-бірі тексеріп бағалайды.
Әуенге қосылып билеп,сергіту жаттығуларын жасайды.
Ой -толғаныс
«Конверттегі сұрақтар».
1.Жұмбақтарды шеш.
а)Қолы жоқ , сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
б). Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
2. Шешуіндегі сөздерді пайдаланып сөйлем құраңдар
3. «Сөзден сөз құра»
1-топ: Қазақстан---(қаз,ақ, қазақ, тас,тана)
2-топ: Кітапхана---(хан, кітап, тап, ана,апа)
Оқушылар конверттегі тапсырмаларды орындай отырып білімдерін қорытындылайды, жинақтайды.
Рефлексия
-Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Алған әсерлерін стикерге жазады.
Бағалау
Топ басшысының топ мүшелеріне қойған бағасын қорытындылау
Үйге тапсырма
351-жаттығу.
Ережені қайталау.