- Учителю
- Интеллектуальный турнир на тему Көңілді тапқырлар
Интеллектуальный турнир на тему Көңілді тапқырлар
Тақырыбы:«Көңілді тапқырлар» атты интеллектуалдық турнир
Мақсаты:
1. Оқушыларға қызықты тапсырмалар орындату арқылы білімдерін тереңдету.
2. Интеллектуалдық қызметін дамыта отырып, дүниетанымдық қызығушылығын арттыру.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Топпен жұмыс істей отырып, достыққа, тәртіптілікке, уақытты ұтымды пайдалана білуге тәрбиелеу.
Түрі:интеллектуалдық турнир
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Қонақтармен сәлемдесу.
1.Психологиялық тренинг:
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену.
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
2.Қағидаларды айту:
-
Біліміңді ортаға сал;
-
Досыңның сөзін бөлме;
-
Мұқият тыңда;
-
Тәртіпті бол;
3.Топқа бөлу:Фишкалар бойынша топқа бөлу.
I-топтың аты - «Сұңқар»
Ұраны:
Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топтың аты - «Тұлпар»
Ұраны:
Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ-топтың аты - «Болашақ»
Ұраны:
Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.
II.Негізгі бөлім:
Ойынның барысымен таныстыру.Әділ-қазылар мүшесімен таныстыру.
Ойын 7 айналымнан тұрады:
-
Ұшқыр ой
-
Жекпе-жек
-
Бәйге
-
Талапкер
-
Ойлан,тап
-
Құпия сандық
-
Айшықты сөз
I-айналым. Ұшқыр ой.
Қай топ бірінші қол көтереді,сол топ жауап береді.Әр дұрыс жауап 1ұпай деп есептеледі.
II-айналым. Жекпе-жек.
Көрсетілген сандары бар мақал-мәтел айту:1,2,4,5,6,7 ,100,1000
Мысалы:Батыр 1 рет өледі,
Қорқақ 1000рет өледі.
III-айналым. Бәйге.
Қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады.
«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық, мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ
белгісі)
«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады?
(етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық, мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
(нүкте)
«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?
(жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)
IY-айналым. Талапкер.
Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып,
өлең құрастыруларың керек.
«Сұңқар» тобына:
......... өріп тараған,
................. қараған.
Құрт пен майын жинаған,
.............. сыйлаған.
«Тұлпар» тобына:
.............. қошақан,
............ қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан,
.............. аумайды.
«Болашақ» тобына:
.......... бала әрқашан,
Қуантады ............... .
Құлыным деп анасы,
................... баласын.
Y-айналым. Ойлан,тап.
Логикалық тапcырмалар орындау.
-
Бөлмеде 4 бұрыш бар. Әрбір бұрышта мысықтар отыр, әрбір мысық алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар?
-
Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан?
-
2 оқушы тоғызқұмалақты 4 сағат ойнады, әрқайсысы неше сағат ойнады?
-
Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 5 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?
-
Цифрларының қосындысы 3- ке тең алты таңбалы қанша сан бар?
-
5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек.
-
Цифрларының қосындысы 2-ге тең болатын төрт таңбалы қанша сан бар?
-
5 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 10 жұмыртқа неше минутта піседі?
-
Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?
-
Жанұяда 4 ұл және әр ұлдың 1 әпкесінен бар. Жанұяда барлығы неше бала бар?
YI-айналым. Құпия сандық.
Оқушыларға код кестесі беріледі.Олар жасырынған сөздерді табады.
«Сұңқар» тобына:
14,38,25,1,22 - 3,38,16,38,17 3,27,16,1,6,37(Кітап-білім бұлағы)
«Тұлпар» тобына:
18,1,18 - 7,1,24,25,1,23,30,1,18 3,1,13,16,37,6,37(Нан- дастархан байлығы)
«Болашақ» тобына:
20,25,1,18 - 20,25,25,1,18 7,1 37,24,25,37,15 (Отан-оттан да ыстық)
YII-айналым. Айшықты сөз.
Ребус құрастыру.
I-топ «Сұңқар»деген сөзге,
II-топ «Тұлпар» деген сөзге,
III-топ «Болашақ» деген сөзге ребус құрастырады.
III. Қорытынды бөлім.
Әділ-қазыларға сөз беру.
Марапаттау.