- Учителю
- Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: Дизайн біздің өмірімізде
Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары: Дизайн біздің өмірімізде
Ұлттық дүниетаным
1 сынып
№___10____ сабақ. Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Санамақ
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға санамақтар туралы мағлұмат беру.
2. Санамақ туралы ойларын кеңейту, есте сақтау, ойлау
қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, оқыту, жаттату, сұрақ-жауап. Т.б
Пән аралық байланыс: Математика пәні
Көрнекіліктер: Саусақтар суреті
Қолданылатын технология: Ойын технологиясы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Саусақтар атауларын атау.
Бас бармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
А) Оқушыларға «Он саусақ» өлеңін хормен айтқызу.
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды....
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ...
Қала салсақ, жол саусақ.
Ә) Әр парталас оқушылар көрші оқушылармен «Қуырмаш» ойынын ойнату.
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқушылардан білетін санамақтарын сұрау.
Мұғалім түсіндірмесі.
Санамақ деп - он саусақтар туралы атаулар ұғымы.
Тақтамен жұмыс.
Тақтаға 1-ден бастап 10-ға дейін сандар ілінеді. Сол сандарға ұқсас сөздер құрастыру. Оқушылардан сұрау арқылы санамақ ұғымын ашу.
Сергіту сәті:
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
5-ті, 5-ке қосқанда,
Болып шықты 10 саусақ.
Оқулықпен жұмыс.
Мұғалім оқулықтағы санамақтарды оқып, мағынасын түсіндіреді.
Бұл сұрақ-жауап арқылы өтіледі.
Оқушыларға кезек пе кезек мәнерлеп оқыту. 2-3 реттен қайталатып жаттауға жаттықтыру.
Бір дегенің - білім,
Білім жарық күнің.
Екі дегенің - еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек,
Үш дегенің - үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
Төрт дегенің - талап,
Талмайтұғын қанат.
Бес дегенің - бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік,
Алты дегенің - арман,
Атар таңың алдан.
Жеті дегенің - жігер,
Жеңер жолын білер.
Сегіз дегенің - сенім,
Сүйенішің сенің.
Тоғыз дегенің - талғам,
Тура жолға салған.
Он дегенің - .Отан
Отанды сүй ботам.
Сөздік жұмыс: білеу-қайрақ
үскі-бұрғы
ІҮ. Қорытындылау.
Санамақтарға қарап оқушыларға санамақ құрастырту. Сұрақ-жауап.
Ұлттық дүниетаным
1 сынып
№____11___ сабақ. Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Сандар және бағалар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сандар және бағалар туралы мағлұмат
беру.
2. Санамақ туралы ойларын кеңейту, есте сақтау, ойлау
қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, оқыту, жаттату, сұрақ-жауап. Т.б
Пән аралық байланыс: Математика пәні
Көрнекіліктер: Сандар, суреттер т.б.
Қолданылатын технология: Ойын технологиясы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушылар құралдарын түгелдеп, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
А)Оқулықтағы санамақты жатқа айту.
Ә) Өздері ойдан құрастарған санамақтарын айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
-
Балалар сандар мен бағалар туралы не айта аласыңдар?
Мұғалім түсіндірмесі.
Сандар кәдімгі математика пәніндегі сандар. Сандармен есеп шығарамыз және заттың санын білеміз.
Ал, бағалар деп - мұғалім оқушының білімін бағалауы және сатылатын затты бағалау деген ұғымды білдіреді.
Енді біз сандармен есеп шығармаймыз. Сандарға байланысты өлеңдер туралы оқимыз.
Тақтамен жұмыс.
-
Тақтаға 3, 5, 7 деген сандар ілінеді. Балалар осы сандар туралы қандай ұғым білесіңдер?
-
Оқушыларға көмектесе отырып сызба арқылы көрсету.
3- жұрт,
-
Ағайын жұрт, 2. Өз жұрт, 3. Нағашы жұрт.
3- арсыз,
-
Ұйқы арсыз. 2. Күлкі арсыз. 3. Тамақ арсыз.
5- қару.
Қылыш, найза, балта, садақ, қанжар
7 ата,
Бала, әке, немере, шөбере, шөпшек, немене, жегжат
Мағынаны таныту. Жұрт, арсыз туралы түсінік беру.
Сергіту сәті: Екіге көз жасыңды токкенше,
Беске теріңді төк.
Оқулықпен жұмыс.
Мұғалім оқулықтағы «Бір», «Екі», «Үш», «Төрт», «Бес» және «Баға және бағалар» өлеңдердін мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіредіру.
Оқушыларға кезек пе кезек мәнерлеп оқыту. 2-3 реттен қайталатып жаттауға жаттықтыру. Түсінгенін сұрақ-жауап арқылы сұрау.
ІҮ. Қорытындылау.
Сандарға, бағаларға байланысты өлеңдерді жататуға жаттықтыру. Жақсы баға не үшін керек? 3,5,7 сандарының қасиеттерін айту.
Ұлттық дүниетаным
1 сынып
№__12__ сабақ. Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Уақыт өлшемдері
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға уақыт өлшемдері туралы мағлұмат
беру. Уақыттың қымбат екенін ескерту.
2. Уақыт өлшемдері туралы ойларын кеңейту, есте
сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке, уақытты
үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, оқыту, жаттату, сұрақ-жауап. Т.б
Пән аралық байланыс: Математика пәні
Көрнекіліктер: Сандар, сағат, суреттер т.б.
Қолданылатын технология: Ойын технологиясы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушылар құралдарын түгелдеп, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Сандар мен бағалар туралы өлеңді жатқа сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
-
Сағат не үшін керек?
-
Уақыт не үшін керек?
Мұғалім түсіндірмесі.
Уақыт ғасырмен, жылмен, аймен және аптамен өлшенеді. Ғасырда 100 жыл бар. Жылда 12 ай бар. Аптада 7 күн бар.
Оқушыларға аптадағы күндерді, жылдағы айлардың аттарын атату.
Тақтамен жұмыс.
-
Тақтаға 100 саны үлкен көлеммен ілінеді.
-
Ескіше атауларымен таныстыру.
-
Наурыз
-
Көкек
-
Мамыр
-
Маусым
-
Шілде
-
Тамыз
-
Қыркүйек
-
Қазан
-
Қараша
-
Желтоқсан
-
Қаңтар
-
Ақпан
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі. Жексенбі
-
Оқушыларға көмектесе отырып сызба арқылы көрсету.
Оқулықпен жұмыс.
7 аптаны орыс тілінде айту.
Жеті күнді санау.
Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күн, қасиетті күн, соңғы күн, азына.
Мағынаны таныту. Ескірген күн аттарын есте сақтау.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Оқулықтағы өлеңді оқушыларға кезек пе кезек мәнерлеп оқыту. 2-3 реттен қайталатып жаттауға жаттықтыру. Теүсінгенін сұрақ-жауап арқылы сұрау.
ІҮ. Қорытындылау.
Уақытты қалай тиімді пайдалану керек?
Егер уақыт болмаса не болар еді?
Бұрынғы заманда уақытты қалай білген?
Ұлттық дүниетаным
1 сынып
№____13___ сабақ. Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік төлдердің атаулары
Сабақ мақсаты: .
Білімділік. Мал шаруашылығы және оның негізгі салаларымен таныстыру,
өлкеміздегі мал шаруашылығының дамуы туралы білім беру.
Тәрбиелік. Ата кәсіпті сүюге, еңбекшілдікке,төзімділікке, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылық. Қазақстанның мал шаруашылығы,оның дамуы, қол жеткізген жетістіктері туралы, жеріміздегі шаруашылық салалары туралы білімдерін дамыту.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ. (биология, информатика, әдебиет, технология)
Сабақ әдісі: топтық, жеке
Көрнекілігі: Компьютер, презентация «Ұлттық тағамдар», «Төрт түлік» слайдтар, интерактивті тақта, MS Excel бағдарламасы, диаграммалар,интернеттен алынған суреттер, тест т.б.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың жоспары:
І. Үй тапсырмасы.
1.Топтың атын, ұранын, төс белгісін таныстыру.
2.Тақырыпты қорғау
3 .Жарнама.
ІІ. Практикалық тур.
-
Ақпараттық сәт.
-
Ақпаратты пайдалана отырып, компьютерде диаграмма сызу.
ІІІ. Қорытынды
Топтарға берілген тақырыптар.
1-топ. Жылқы шаруашылығы және оның салалары.
2.топ. Түйе -төрт түліктің төресі.
3.топ. Ірі қара шаруашылығы, оның негізгі бағыттары.
4.топ. Қой шаруашылығы.
1.Тапсырма.
Топтың атын, ұранын, төс белгісін қорғау.
1-топ. «Қамбар ата» -тобы
Жылқы -қазақ халқының пір тұтатын жануары
Жылқының пірі -Қамбар ата,сондықтан біз осы атауды таңдадық. Жылқы жыл санауында жетінші жыл.
Ұраны:
Асау желмен жарысқан,
Арғымақпыз алысқан.
Сайыстардан қалмаймыз,
Сәйгүліктей самғаймыз.
2-топ. «Ойсыл қара»-тобы
Қазақ халқы түйені төрт түліктің - төресі деп есептеген.Түйе шөлге төзімді мал.Түйенің пірі - Ойсыл қара. Сондықтан, біз тобымызды «Ойсыл қара» деп атадық.
Ұраны: Бойымызға сенеміз,
Біз бәрінде жеңеміз.
Жылға кірмей қалсақта,
Қалыспай-ақ келеміз.
3-топ. Шопан ата-тобы.
Қой төрт түліктің ішіндегі момақан мал. Қой жыл санауында - сегізінші жыл. Қойдың пірі -Шопан ата. Қой да киелі түліктің бірі. Сол себептен біз тобымызды қойдың пірі қолдасын деп «Шопан ата» -деп атадық
Ұраны:
Алға қойлар, алға бас,
Біз топпыз ғой жаңылмас.
Барымызды салайық,
Бас жүлдені алайық.
4-топ. «Зеңгі баба» -тобы.
Сиырдың пірі - «Зеңгі баба». Мүшелдік жыл санауда сиыр - екінші жыл. Сиыр - бір үйдің асыраушысы деп тегін айтылмаған.Себебі сиыр сүтінен қаншама тағам түрі жасалады.Биылғы келген сиыр жылы бәрімізге молшылық әкелсін
Ұраны:
Малды бақсаң,сиыр бақ
Сүт кетпейді шарадан
Біз қалмаймыз сайыстан
Соғыңыздар алақан.
2.Тапсырма.
Берілген тақырыпты қорғау.
1.Қамбар ата -тобы.
Жылқы шаруашылығы, оның негізгі салалары.
Жылқы - сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Жылқы тұқымдасына Африкада кездесетін жолат, домбай құлан, тарпан,түзат жатады.
Қорытындылау: Сұрақ-жауап. Бір-бірінің жауаптарының ұнағанын айту.
Ұлттық дүниетаным
1 сынып
№__14_____ сабақ. Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Жан-жануарлар, аң-құстар қалай дыбыстайды?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жан-жануарлардың, аң-құстардың қалай
дыбысталатыны туралы мағлұмат беру.
2. Жануарлар, аңдар, құстар туралы ойларын кеңейту,
есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке, адалдыққа,
баға білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, оқыту, жаттату, сұрақ-жауап. Т.б
Пән аралық байланыс: Ана тілі пәні
Көрнекіліктер: Жануарлар, құстар, аңдар суреті.
Қолданылатын технология: Ойын технологиясы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Оқулықтарын түгелдеу, зейінін сабаққа аудару.
Бір, екі, үш,
Отырамыз тып-тыныш.
Жаңа сабақ бастаймыз,
Жалқаулықты тастаймыз.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Қазақша ай аттарын жатқа айту.
Қай ай аттары жылдың қай мезгіліне жататынын айту.
ІІІ. Жаңа сабақ
-
Балалар сендер қандай жануарлар, құстар, аңдарды білесіңдер?
-
Аттарын атаңдаршы
-
Ендеше олар қалай дыбыстайды?
(Оқушылар дыстарын салады.)
-
Ал, балалар бүгінгі сабағымыз міне өздерің айтқандай «Жан-жануарлар, аң-құстардың қалай дыбысталады?»
Мұғалім түсіндірмесі.
«Жан-жануарлар, аң-құстар қалай дыбыстайды?» тақырыбына берілген өлеңді оқып түсіндіремін.
-
Кітапты жауып балалар кім айтады?
-
Қандай жануарлардың, аң-құстардың дыбысталатынны естеріңде қалды ?
Тақтамен жұмыс.
Тақтағажануарлар, құстар, аңдар суреттері ілінеді. Оқушылардан сұрау арқылы жануарлар, аңдар, құстар дыбысталуы туралы ұғымын ашу.
Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа
Бара жатыр жұмысқа
Допты алып қолына
Қойды оны жолына.
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Тау екен деп ойлады.
Оқулықпен жұмыс.
«Жылан не деп ысылдайды?», «Ара не деп ызылдайды?», «Қарға не деп қарқылдайды?», «Бақа не деп бақылдайды?», «Тауық не деп қыт-қыттайды?», «Қаз не деп қаңқылдайды?» өлеңдерін оқушыларға алдымен дауыстап хормен оқыту. Содан соң тізбектеп оқыту.
ІҮ. Қорытындылау.
Оқушылар бір-біріне жануарлар, құстар, аңдардың аттарын айтып . қалай дыбысталатыны туралы сұрақ қою,
Ү. Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Ұлттық дүниетаным
1 сынып
№____15___ сабақ. Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар. Жаңылтпаштар
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: оқушыларды халық ауыз әдебиеті
шығармасының түрлері жұмбақ,жаңылтпаш,мақал-мәтелдерімен
таныстыру.
ә) Дамытушылық: халық шығармасының бұл түрлерін бір-бірінен ажырата
білуін,мәнін терең ұғынып,мағынасын аша білуін,тілін дамыту.
б) Тәрбиелік:оқушылардың халық ауыз әдебиеті шығармасы арқылы
ұлттық сезімін оятып,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап
Сабақтың түрі:тренинг-сабақ
Пәнаралық байланыс:ағылшын тілі, орыс тілі, дүниетану.
Көрнекі құралдар: үлестірмелі қима қағаздар,тренинг ережелері
жазылған плакат,топ ұпайларын белгілейтін көрсеткіш.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу; ә)топтарға бөлу.
II.Жаңа сабақ
-Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді.Тренинг-сабақтың негізгі
мақсаты сендерді ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс істеуге
баулып,ойларыңды бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру.Сабағымызды
бастамай тұрып тақтадағы ілулі тұрған сөздерді оқи отырып топтарға
бөлінейік
Есік.
Кереге
Уық.
Шаңырақ
Бақан
Осылайша сыныпты 5 топқа бөле отырып,ережесімен таныстыру.
1.Тыныштық сақтау
2.Бір-бірін тыңдау.
3.Қол соғу.
4.Ойын ашық айту.
Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
-Енді әр топ өздерінің
1) топ басшысын
2) уақыт есептеушісін
3) жазып отырушысын
4) көпшілікке таныстырушысын сайлау керек.
-Әр топтың топ басшысы топ мүшелерінің сабаққа қатысуын бақылап,
сабақ соңында бағалау тапсырылады.
1-бөлім.
Кіріспе бөлім. «Білгенге маржан, білмегенге арзан»
Әр топқа тапсырмалар таратылады.Ойлануға 2 минут уақыт
беріледі.
Тапсырмалар: №1Жаңылтпашты қалай түсінесің?
№2 Жұмбақты қалай түсінесің?
№3 Нақыл сөзді қалай түсінесің?
№4 Мақал дегеніміз не?
№5 Мәтелді қалай түсінесің?
Ойын: «Орамал тастамақ»
2-бөлім. «Халық айтса,қалт айтпайды» атты бөлімде топ басшылары
келіп тапсырмалар алады.Орындауға 2 минут,түсіндіруге 2 минут уақыт
беріледі.
А) Мақал-мәтелдердің мағынасын ашып түсіндіру.
№1 Оқу -білім азығы,
Білім-ырыс қазығы.
№2 Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп.
№3 Жер-ырыстың кіндігі,
Білім-ырыстың тізгіні.
№4 Өнер-ағып жатқан бұлақ,
Білім-жанып тұрған шырақ.
№5 Наданмен дос болғанша ,
Кітаппен дос бол.
ә) Әр топқа тақырып беріледі,тақырыпқа сай 3 мақалдан айтулары
керек.Ойлануға 1 минут уақыт
Тақырып: Қыс.Отан.Кітап.
Ойын: «Ұршық»
3-бөлім. «Ойлан, тап!»деп аталады.
А) Бұл бөлім бойынша әр топқа жеке-жеке жұмбақ жасырылады..Шешуін 2
тілде айтулары қажет. Ойлануға 10 секунд
№1 Бір үйге көзссіз боп басыңды сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың. (мектеп,школа,)
№2 Ымырт түссе шығамын,
Таң атқанда батамын.
Көк теңізде шашылып,
Көзімді ілмей жатамын. (жұлдыз,звезды, )
№3 Тындырып адам жұмысын,
Тазартып үйдің жуды ішін.
Кейде дауыл соғады,
Кейде ішіне сорады. (шаңсорғыш,пылесос,)
№4 Ішегіне мұз қатқан,
Өзін-өзі мұздатқан. (тоңазытқыш,холодильник, )
№5 Жылыны суытпайды,
Суықты жылытпайды. (термос,)
ә) -Сөз жазылған карточкалар таратылады Түлкі, жұмыртқа, қайшы,
кітап,бор.Әр топ өзіне түскен сөзге жұмбақ құрастырып,қарсы топқа
жасырады. Ойлануға 2 минут.
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
4-бөлім. «Кім жылдам?» Оқылған жаңылтпашты топ басшылары
жаңылмай,қайта айтып берулері керек.
№1 Бала бал арасын қуалады
Бал арасы баланы қуалады
№2 Ықылас пен Ыбырай
Ыдыстарын тасымай,
Ырыскүлден үлгі алмай,
Ынтасыз жүр тілді алмай.
№3 Ескекті есекші еседі,
Ескекші ескекті еседі.
№4 Гүлім гүлге қарап күлімдеді,
Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.
№5 Әбдіреде әбігер әтеш отыр,
Әбігер әтеш отырған әбдірені
Әжем қолмен ашып отыр.
III.Сабақты бекіту, қорыту.
- Тренинг сабақ ұнай ма?
- Сабақтың басында қойған мақсатымызға жеттік пе?
IV.Бағалау
Әр баланың сабаққа қатысуына қарай бағалап,жұмыстарын қорытындылап,
мадақтау.Топ басшылары өз топтарының балаларын жазбаша түрде
бағалап береді.Оқушылар толық бағаланады.
V.Үйге тапсырма
-Әр топ шағын жаңылтпаштар жинақтап келу тапсырылады.
Ұлттық дүниетаным
1 сынып
№____16___ сабақ. Күні:_____________
Сабақтың тақырыбы: Мақал - мәтелдер .
Сабақтың мақсаты:
І Білімділік. Ғасырлар шежіресі, халақ тарижы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл - өнегесімен көрініс тапқан мақал - мәтелдердің қолдану тәртібі, халық даналығының бір түрі туралы түсінік беру.
ІІ Дамытушылық. -ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, көркем ауызша баяндау ретін ойындар арқылы жан - жақта дамыту.
ІІІ Тәрбиелік. Асыл да ата мұрамызды құрмет тұтуға, тәрбиелі қыз, ардақты ұл болуда ұлттық құндылығымызды сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жасқанбай жағымды пайдалануға, қасиетті қызыл тіліміздің үстемін көтеруге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, сызбалар, суреттер, картотекалар.
Сабақтың әдісі: оқыту, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың өзектілігі.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
Қайталау үшін сұрақтар.
Ауыз әдебиеті дегеніміз не? Ауыз әдебиетінің түрлерін ата. Тұрмыс салт жырлары дегеніміз не?Тұрмыс салт жырларының түрлерін ата.
ІІІ. Жаңа түсінікті қалыптастыру кезеңі.
-Балалар,дәптерлеріңе күн ретін жазыңдар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына сөзжұмбақты шешу арқылы анықтайтын боламыз.
СӨЗЖҰМБАҚ
1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.
2. Заттың атын білдіретін сөз табы.
3. Жылқы пірі
4. Адамның түрлі көңіл күйін білдіретін сөздер.
5. жеке затарға қойылатын атау.
6.Балаға ең қымбат -
7. Білім беретін мекеме.
8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді.
9. Көркемдеп суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстыра суреттеу.
10. Сиыр пірі.
11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы.
- Қандай сөз шықты? (Мақал - мәтел)
- Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы - «Мақал- мәтел» екен.Сендер мақал- мәтел білесіңдер ме?
Білсеңдер қазір біз «Топтастыру» әдісі арқылы мақалдардың тақырыптарын анықтаймыз. Ол үшін әр тақырыпқа бір - бір мақал айтайық.
Топтастыру.
Мәтел
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
Әлін білмеген әлек
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені,
Еменнің иілгені - сынғаны
Көппен көрген - ұлы той
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Көрмес түйені де көрмес
Мақал мен мәтелді енді салыстырып көрейік. Ой қалай айтылған?
Венн диаграммасы.
Мақал Ортақ Мәтел
Ауыз әдебиетінің бір түрі
«Керекті сөздерді тап» ойыны
1. Білгенге....Білмеске.... . 2. Өтірік .... өрге баспас. 3. Сөз...өтеді, таяқ ....өтеді.4. Тоқсан....сөздің тобықтай түйіні бар. 5. Ел үмітін ...ақтар. 6. Жігітті ....таңы. 7. Денсаулық - зор.....
Кітаппен жұмыс. Интербелсенді тақтада орындалады.
Мына мақал- мәтелдердің жалғасын тап.
1. Тіл тас жарады, ....... .
2. Кісі елінде сұлтан болғанша, ....... .
3. Өнер алды - ...... .
4. Талапты ерге ...... .
5. Бірлік болмай, ....
6. Ерді намыс өлтірер,.... .
«Қызықты сұрақтар» ойыны
1. Қорқақ неден қорқады?
2. Ердің атын не шығарады?
3. Оқусыз не жоқ? Білімсіз не жоқ?
4. Ашу не? Ақыл не?
5. Бір қазанға сыймайтын қандай бастар?
6. Тауық түс көре ме?
7. Көп түкірсе не болар?
8. Оқу түбі не?
9. Үйіңе құтты қонақ келсе не болады?
10. Жаманға неге күлме дейді?
Сабақты қорытындылау.
Сабақ «Орныңды тап » ойынымен аяқталады. Оқушыларға мақалдың әр сөзі беріледі. Өздері ойланып, қажетті орындарына тұрып, сол сөзден мақал құрайды. Мақалдың мазмұнын түсіндіреді.
Бағалау.
Үйге тапсырма. Бұрын көп айтылмаған бес мақал- мәтел жазып кел, жатқа айту.